«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Темір жол нысандарында қауіпсіз жүрудің ережесі

31.10.2017

Темір жол нысандарында қауіпсіз

жүрудің ережесі

Қымбатты балақай!

Темір жол –

қауіптілігі жоғары аймақ. Жыл сайын темір жол бойында адамдардың пойызға

басылуының жүзден астам оқиғасы орын алады. Зардап шеккендердің ТӨРТТЕН БІРІ

ғана ТІРІ ҚАЛАДЫ! Оның өзі, мүгедек болып қалатыны белгілі.

Темір жолдың бойын

белгіленбеген жерден кесіп өту, сотқарлық, тентектік және ойсыз қадам – өмір

үшін қауіпті. Сондықтан темір жол бойында аса қырағылықты сақтап және

белгіленген ережелерді қатаң сақтау қажет.

БОЛМАЙДЫ!

1.    

Пойыз жақындап келе

жатқанда платформаның шетінде тұруға болмайды.

2.    

Платформа бойымен жүгіріп және

түрлі қозғалыстағы ойындар ойнауға болмайды.

3.    

Темір жол бойында жүріп

құлаққаппен әуен тыңдауға болмайды.

4.    

Вагондарға өрмелеп

шығуға болмайды.

 

БОЛАДЫ!

1.    

Темір жолдарды тек қана

белгіленген орындарда кесіп өтіп, жаяу жүргіншілер көпірін, тоннелдер мен

өтпелерді пайдалану.

2.    

Көпірлер мен тоннелдер жоқ

станцияларда темір жоды тек төсем үстімен, немесе нұсқау белгісі орнатылған

жермен ғана кесіп өтуге болады.

 

КЕРЕК!

1.    

Жаяу жүргіншілер төсемімен жолды

кесіп өтерде қозғалып келе жатқан пойыз жоқ екеніне көз жеткізу керек.

2.    

Пойыз жақындап келе жатқанда

тоқтау керек, оны өткізіп жіберіп, сосын көршілес жолда жылжымалы құрамның

қозғалысы жоқтығына көз жеткізіп барып, өтуді жалғастыру керек.

 

Қымбатты балақай!

Темір жол нысандарында қауіпсіз жүру ережесін бұзба.

Сені ата-анаң жақсы көреді!

Оларға сенің денің сау және аман болғаның керек!

 

 

Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст