«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған жерім `шығарма`

31.10.2017

Туған жерім

       Туған жер – адам өмірінде киелі орын

алады. Нақты  осы жер оны елімен,

өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық

шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін

Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін

туған ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Кен

ауылынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді   де, шаттықты, уайымсыз ойнаған жіне

бала-бақшаға барған көше әлі есімде.   Сол

кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ

серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер -  ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан бармасаң

да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...» деген

анамның сөздерін еске түсіретінмін.  Жүректің

әлсіз дүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық

шақтағы туған аула мен көше менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің

бір бөлшегімен, оның бүгіні мен болашағымын. Қазақстанның кең даласындай байтақ

дала еш жерде жоқ шығар.

Темірхан Медетбек

атамыз айтқандай:

Тәуелсізбін!

Тәуелсізбін мен

бүгін,

Келді, міне,

азаттығым, теңдігім

Бостандықта

бойлығым мен ендігім,

Шешіл енді, шешен

болған шерлі үнім! – деп айтқандай  мен

Тәуелсіз Қазақстанда тұрғаныма мақтанамын. 

Себебі, көп ұлтты мемлекет болса та, біз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.

Кезінде ата-бабаларымыз, ақын – жазушыларымыз осы жерді аманат етіп, жас

ұрпаққа қалдырған болатын. Сондықтан да біз аманатқа – қиянат жасамай осы туған

жерімізді, Отанымызды құрметтеп, қорғауымыз қажет. Мен келешекте өз Отанымның

патриоты және туған жерімді қорғайтын азаматша боламын.   

 

Кен негізгі мектебінің

7 сынып оқушысы Алясхарова Арай

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст