«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен әкеме ұқсағым, еліктегім келеді»

31.10.2017

«Мен әкеме ұқсағым, еліктегім келеді»

    «Әке  көрген оқ жонар» деп бекер

айтылмаған ғой. Әке – бала үшін асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – шаңырақтың

бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де

міндетті адам. Бірақ

анадан гөрі қаталдау. Бір сөзбен айтқанда, отбасының басқа мүшелерінен өзгеше,

ерекше қасиетті адам деп айтсам артық болмайтын шығар.

     Менің әкемнің есімі Болат Беріктасұлы. Әкем

«Астық қоймалары №5» элеваторында механик болып жұмыс істейді. Менің әкем

сабырлы, қамқорлы, мейірімді адам. Менің әкем – әрқашан үстел басында бізге

ақыл айтып отырады. Әрқашан біздің қателіктерімізді түзеп, дұрыс жолмен жүру

керектігін айтып отырады. Ата-ана әрқашан баласына жақсылық тілейді емес пе,

солай да менің әкем бізге тек жақсылық тілейді. Әкем - отбасының асыраушысы,

отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін

отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор.

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала

- шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен нығая биіктей

береді. Менің әкем мен үшін әрқашан тек жақсылық тілейді. Ол маған әрқашан

осылай істе бұлай істеме деп, менің қателерімді түзейді. Ол маған сабақтан да

кейде көмектесіп жібереді. Әрине, әркімге өз туған әкесі әрқашан

да артық болады ғой. Әкем мен үшін ғажап, керемет адам.Сондықтан да менің әкеме

ұқсағымның келетіні, мен ол сияқты ақылды, білімді, қамқоршы және әрқашан әділ

болғым келеді. Міне осыдан менің әкеме ұқсағым, еліктегім келеді.

     Әке тәрбиесін көрген адамның өмірге деген

көзқарасы, сана сезімі жоғары дәрежеде дамиды деп ойлаймын. Менің ойымша әке

тек ұл балаға ғана емес, қыз балаларға өзінің ақылын айтуы тиіс. Әке тәрбиесін көрген

бала ешқашанда жаман болмас. Әкелеріміз біз үшін маңдай терлерін төгіп, біз

үшін күні-түні жұмыс істеп, біздің ақылды, білімді, тәртіпті, жанашыр болып

өсуімізге бәрін істейді. Сол себептен де, балалар, бәріміз де әкелерімізді

құрметтейік! Қадірлеп-қастерлейік, сыйлайық, ардақты, теңдесі жоқ, асыл

әкелерімізді!

 

 

 

Кен негізгі

мектебінің

9 «А» сынып оқушы

Алясхарова  Гүлім

 

Просмотров: 835


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст