Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе :
«Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын
бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап
етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты
қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп
қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға
жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп
қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік
мүгедек болып қалады.Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру
ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап
отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін
,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі
, тәртіпті бала .
Мұғалім : Ал
енді » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды
ашық деп жариялаймын .
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған, 2.
Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін
нұсқаған.
Адам тасып
аялайды.
Өміріңді күзеткен, (Автобус) Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
3. Көліктің қаншасын үстінен
өткізген ,
Іргеден
басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда
да , құлақ та ,
Бақырайған
үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың
бір үзім.
Табыңдаршы,
балалар,
Бұл
жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі
сөйлей білмейді,
Бірақ
«Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
Мұғалім : Бағдаршам
өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп
алу баршамызға керек.1. Неге ?
Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала
, ауылдарына бәріне
ортақ көше қатынас ережесі
енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер
, көлік жүргізетін жүргізушілер
де бұлжытпай орындауы
керек.
2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол
4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Тақтада
Қызыл –
Тоқта !
Сары – Сақтан !
Жасыл – Жол
ашық!
Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
Ән: Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
Инспектор :
Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
Ауырса адамды, аңды да емдейді .
Отырған мынау Медбике апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
(Осы кезде
басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе
жатады)
Инспектор :
Апа, қараңыз мына сұмдықты ,
Маймақты кім қыңжылтты ?
Мед.бике:
Маймағым, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?
Аю:
Айтайын мен жасырмай шынымды – ай,
Сақтап қал , апа жанымды шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Мед.бике:
Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят – ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
Аю.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті
бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
Мұғалім : –
Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа
қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз.
Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше
, сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам
барда қалай жүретінімізді көрейік.\
Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.
Инспектор:
Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты – бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам:
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Бағдаршам:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Оқушы:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту
белгісі Манар :
Қып – қызыл
үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт
– сапар жолдаған.
Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні
сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу
белгісі:
Қызылмен боялған ,
шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін ,
қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде
хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар ,
бағдарла көз салып жан – жақты.
Міндеттеу
белгісі:
Белгімін
көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс ,
әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын
жолыңда,
Абай бол , шартыңды
міндетті орында !
Ңұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын
, тұрағын,
Үн – түнсіз жол
сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған
төрт бұрыш шырағым.
Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің
не мақсатта қолданылатынын білдік.
Қорытындылау :
Мұғалім : Балалар, бүгінгі
сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман –
есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.