«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің Отаным - Қазақстан

27.11.2017

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

«Кен негізгі жалпы

білім беру мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

«Менің Отаным -

Қазақстан»

 

 

 

 

 

 

Сынып жетекші: Мажиманов С.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан

Мақсаты: 

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын

сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге

үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін

ояту; 

Дамытушылық: Ойларын жүйелі түрде

жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне

білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Отанын, туған жерін қорғай  білуге,

халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп

қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің

қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 

Көрнекілігі: Елбасы суреті,

Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты

сөздер, гүлдер, слайд

Әдісі: сұрақ - жауап,

әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Түрі: тәрбие

сағаты

Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық

және полимәдениеттік тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мұғалімнің ым-ишара арқылы

қазақша сөйлегенін түсінеді

Үйренеді:Қысқаша сұрақтарға жауап беруді

Игереді: әнұран, ту, елтаңба


                                                                      Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сөзжұмбақ арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Тақтадан сөзжұмбақ көрсетемін қай топ бірінші шешеді.

Төменде берілген сөздердің қазақша баламасын табыңдар.

 

А

Қ

 

 

А

Л

М

А

 

К

Ө

З

 

 

Қ

А

Р

 

 

Қ

А

Л

А

М

А

С

 

 

 

Т

І

Л

 

Н

А

Н

 

А

Н

А

Тапсырмалар: Белый, яблоко, глаза, снег, ручка, пища, язык,

хлеб, мама

Жаңа тақырып

-Балалар қандай сөз ортасында шықты?

- «Қазақстан» -деген сөз.

 Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, тәрбие

сағатының тақырыбымен таныстырамын.  Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан»

тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой

- пікірлерімізді ортаға салып, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді көреміз, өз

ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?

- Қазақстан

- Қазақстан жері қандай?

- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.

- Қазақстан Республикасының

президенті кім?

- Елбасы туралы не

білесіңдер?


- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан

шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға

созылып жатыр.

- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи

байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей

толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.

Ендігі кезекте оқушылардың  «Отан» деген әндерін  тыңдап алайық.

Хор: «Отан»

- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз? (ой - пікірлерін тыңдау)

- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең

шумақтарын тыңдап көрсек.

1 - оқушы: 

Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,

Отан деген немене? Отан - досың, бауырың.

Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,

Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.

2 - оқушы: 

Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.

Сүйемін мен ата - анамды,

Мені өсірген елімді.

3 - оқушы: 


Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана, Отан - пана,

Қазақстан - туған ел.

Мұғалім:

- Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған

жер қалай аталады?

- Кен ауылы

    Туған жеріміз Кен ауылы  біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана

бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз. Қазір, сендер

«Туған жер» өлеңін мұқият тыңдап, өз ойларыңды айтуға дайындалып отырыңдар.

«Өзім оқимын»

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал -

мәтелдер біледі екенбіз?

1. Туған жер - тұғырың

    Туған ел - қыдырың.

2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

3. Туған жер – алтын бесік.

4. Туған жердің топырағы да ыстық.

Мұғалім:

-

Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту

бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің

Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.

Бәрі: Қазақстан

- Туымен тұғырлы,

          Елтаңбасымен еңселі,

          Әнұранымен айбатты.

 

  

                                                      

Венн

диаграммасы

Бірінші бөлікке – ту                                                           

Екінші бөлікке –елтаңба

 

 

 

 

 

Яғни, ту мен елтаңбаны салыстырып, ортақ негізін

табамыз.

Тудың түсі қандай?

Не бар?

Елтаңбаның түсі қандай?

Не бар?

Ортаңғы бағаға не жазамыз?   САРЫ ТҮСТІ, КҮН СӘУЛЕСІ, КӨГІЛДІР

Көк, сары. Өрнек, қыран құс. Көк, сары. Жұлдыз,

шаңырақ, «Қазақстан» жазуы

Мұғалім:

     Қазақ

халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге

ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен

зерделеп келе жатқан халық. Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім - тәрбиесі

зор ойлар айта білген.

    Кең байтақ Қазақстан менің туған

өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы -

менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.

Хор:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай көлімізді

«Қызықты текшелер» Әр

топқа сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауапқа фишкалар беріледі.

Сұрақтар:

1.Сенің Отаның қалай аталады?

2.Қазақстан қандай мемлекет?

3.Қазақстан елбасы кім?

4.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата

5.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?  Сұрақты оқып жауап береді.

Қорытынды:

Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің,

кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер

бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!

Мұғалім:

    Біз -

тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз

елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті

екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректеріңде шоқ бар екенін байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Өрендер, өрлей берсін өнерлерің

Айналаң, бәрі сенің көрерменің.

Тілеймін, дәл осылай барлығыңның

Тек қана биіктерден көрінгенін, - деп бүгінгі

сабағымызды осымен аяқтаймыз.

 

 

 

Просмотров: 1227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст