«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өз өмірің өзіңе қымбат.Қауіпсіздік ережесі

26.11.2024

Мектеп:

Мұғалімнің есімі: Какенова С.С.

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:

Өз өмірің өзіңе қымбат.Қауіпсіздік ережесі

Күні:  18.11.

Сынып: 3

Оқушы саны:6

Сабақтың  мақсаты

Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін үйрету;Қауіп-қатерден сақтануға,өзін-өзі тәрбиелеуге,қорғауға үйрету;

 

 

Көрнекіліктер

Суреттер,нақыл сөздер,мақалдар,өлеңдер,бейнематериал

Құндылықтарды дарыту

Қаіпсіздік ережесін сақтауға,адамгершілікке,үлкенді тыңдауға үйрету.

Сабақ кезеңдері

Сабақ барысы

Басталуы

2мин

      Сұрақтар:

  1. «Жақсы болу-өзіңнен,

Жаман болу-өзіңнен»,-деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласындар?

 

  1.  « Жақсылық көрсең біреуден,

« Мен қандаймын?» деп ойла» деген сөзіне көзқарастарың қандай?

 

  1. « Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

Тәрбиенің басым бағыты бойынша сабақ мазмұны Ортасы

20 мин

Жаңа сабақ: Қауіпсіздік ережелері

Подпись: АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру).Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету. Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 103 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.
Күйген кезде көмек көрсету
Адам күйікке шалынған жағдайда: Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек. Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 103 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Талып қалғандағы көмек көрсету
Адам талып қалған жағдайда: Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек. Дәрігерді  (мектептегі медпункттен, 103 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда: Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек; Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 103 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.

 

 

 

Ескерту: Әр оқушы  міндетті қауіпсіздік ережесін сақтауға

  • жол ережесін сақтауға;
  • көшеде беймезгіл жүрмеуге,қаңғыбас иттерге,мысқтарға жоламауға
  • өрт қауіпсіздігін сақтауға  бау-бақшада жұмыс істегенде,
  • қыс мезгілінде жолда жүру ережелері мен мұз үстіндегі (көк тайғақта) қауіпсіздік ережелерін сақтауға;
  •  кешкі  сағат 1800 ден кейін ата-ананың рұқсатынсыз көшеде беймезгіл жалғыз көшеде жүрмеуге;
  • ашық және үзіліп жатқан тоқ электр жүйесіне жақындамауға;
  • жарылғыш заттарды ұстаудан, пайдаланудан аулақ
  • алыс жаққа қыдырғанда қауіпсіздік ережесін сақтауға, 
  • бос қалған, бұзылған үйлерге баруға, жақындауға болмайтынын ескеруге;

Талқылау:

Видеоматериал тамашалау,пікіралмасу

 

Сынып белсенділерінің

апталық есебі

10мин

Сынып белсенділерінің апталық есебімен танысу.Жіберілген кемшіліктер мен жетістіктерді,оқушылардың кітап,дәптерлері,күнделік тің толтырылуын тексерудің қорытындысы

есеп

Ата-ана кеңесі      немесе құқықтық оқыту

3мин

«Біліп жүрейік!»Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

Әрбір баланың ой – пікір, ар -ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

кеңес

Сабақтың аяқталуы

Қорытынды Қауіпсіздік ережесі

5мин

Оқушыларға  қауіпсіздік ережесін үйрету:

  1. Темекі шегуге қызықпа!Оны бір  шеккен  адам үйреніп алады да кейін қоя алмайды.Темекі өкпені шірітеді!
  2. Арақ ішкенге қызықпа!Арақ алдымен адамның миын улайды,адам өз әрекеттерін бақылай алмайды.Түрлі қылмыстарға барады.Арақ ішкі құрылысты,бауырды,бүйректі құртады.
  3. Нашақор адам ең жаман адам.Ол тікелей қылмысқа барады.Өмірін құртады.Өзін-өзі улайды,терісі шіріп,іриді.

Осы зиянды әдеттерден аулақ бол!

ереже

Просмотров: 837


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст