«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Егер мен президент болсам

09.01.2018

Егер мен президент

болсам

 «Ел басқарған – дағдарыста,

Қиындықта, тұра

білген сөзінде.

«Халқым» - деген

толғанысы әрқашан

Көрінетін нұрын

шашқан көзінде»

                                                                                

деп  ел басымызға тегін айтылмаса

керек

 

Президент – бір елдің көшбасшысы, халықты

алға бастаушы бірден-бір адам. Президент болу екінін бірінің қолынан келе

бермейді. Ол үшін үлкен кемеңгерлік пен асқан жауапкершілік  және ең

бастысы мықты саясаткер болуың керек. Елбасының басты міндеті біреу ғана, ол

халықты тек жарқын келешекке жетелеу. Егер мен

президент болсам, ең алдымен бірінші байлық - денсаулық демекші, халықтың

денсаулығына көңіл бөліп, өзіміздің медицина саласын дамытар едім. Өйткені

дені, жаны сау ұлт ұрпағы - Мәңгілік Елдің жарқын болашағы. Келесі кезекте,

білім саласына көңіл бөлемін. Білімді ұрпақ - еліміздің өсіп – өркендеуіне

өзіндік үлесін қоса алады.

 Ең алдымен тілдің 

мәртебесін  көтерер едім. Менің ойымша ең басты мәселе жастарға қазақ тілінде сөйлеуге, мемлекеттік

тіл мәртебесін көтеріп.  Ана тілін

ұмытпауға, сыйлауға үйретер едім. Себебі, 

тілі мен дінін жоғалтқан халық, тамырынан айырылған ағаш сияқты, ғұмыры қысқа

болады. Білім  саласында латын тіліне көшуіне  өз 

үлесімді  қосар едім, қазіргі  уақытта 

біз  жастар заман  талабына 

сай  елдер арасында  алда 

болуымыз керек.  Екіншіден, өзіміздің тарихымыздың  ескерткіштерін    сақтауға 

көптеген  жұмыстар атқарар едім, болашақ  жастар өз 

тарихын  сыйлауға міндетті,

өйткені ол тарихи  мұра. Қазақ халқын

әлемдегі күллі жұрт танитындай деңгейге жеткізуге тырысамын. Үшіншіден, экономикамыздың дамуына көңіл бөлер едім.Осы үш мәселе

бас көтерсе еліміз дамыған 30 елдің қатарына қосылар деп айтар едім. Келесі

басты мәселелердің бірі – жастар. Жастарға деп барлық мүмкіншіліктер мен мүмкін

еместерді пайдаланар едім. Өйткені жастар еліміздің капиталы, инвестициясы, ең

бастысы болашағы мен бар байлығы.

Елбасы - ол елдің тұтқасы, басқарушысы, қорғаны, жанашыры. Мемлекеттік саясатты

жүргізіп, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру - елбасының міндетті. Егер

мен, елімнің президенті болсам, бүгінгі таңда елімізді басқарып отырған

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басты ұстамын жолға аламын. Менің де балалық

арманымның бірі - туған елімді көркейту. Отанымның даңқын одан әрі арттыруға

қолдан келген үлесімді қосамын.

Мемлекет байлығы - ол адам болып саналады. Сондықтан да

мемлекетіміздің басты байлығы - халқымыздың әл-ауқатын жақсарта отырып, бейбіт

өмір сүруді қамтамасыз ету керек. Ол үшін жүрегі қазақ деп соққан әрбір қазақ

азаматы еліміздің өркендеуі үшін өз үлесін қосу керек деп ойлаймын. Бірлігі

жарасқан қазақ елінің ұрпақтарының келешек өмірінің жарқын болуы өз қолында.

Елімнің гүлденіп, әлемдегі алпауыт елдердің алдыңғы қатарында тұратынына

сенімдімін. Армансыз адам - қанатсыз құспен тең?» - деп халық даналығында бекер

айтылмаған. Менің де балалық арманымның бірі - елбасы болу. Мен армандарымның

орындалатына сенемін. Мәңгілік Қазақтың перзенті ретінде елімнің

өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Әрине,

мүмкін еместей көрінер, бірақ осыдан 26 жыл бұрын да  Қазақстанның аяққа

нық тұрып кетуіне де күмәнмен қарағандар көп болды, алайда еліміз қысқа уақыт

ішінде көркейіп, жоғары деңгейге жетті, сондықтан мүмкін емес нәрсе жоқ деп

ойлаймын. Ең бастысы әр қазақтың жүрегі "Мен – қазақпын" деп соқса,

еліміз бұзылмас қамалға айналады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст