«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңғырудың қамы – жасампаздықтың салты»

09.01.2018

«Жаңғырудың

қамы – жасампаз­дықтың салты»

- Елбасының

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып шығып, үлкен әсер алдым.

Бұл – бүкіл ел мәдениетінің тарихын, рухани мәдениетінің тарихын дәл өлшеп

пішіліп, кемелденген азаматтың ойлары. Әсіресе, көптен күтіп жүрген латын

қарпіне көшу, жазуымызды қалыптастыруға байланысты айтылған мәселесі орынды

көтерілді деп ойлаймын. Осы мақала жайлы Кен негізгі жалпы білім беру

мектебінде 25 сәуір күні қызметкерлер арасында дөңгелек үстел өтті.  Онда  мектебіміздің

кітапханашысы: Алясхарова Г. М. мен тарих пәнінің мұғалімі Тасмағанбетова

Ж.С.  бағдарламалық мақаламен ұжымды

таныстырып, талқылап өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар кітап көрмесі

ұйымдастырылды.

 

Елбасы жаңа

тұрпатты жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтау екенін баса айтып, онсыз

жаңғыру дегеніңіз – құр жаңғырық дегені орынды. Мақалада айтылған ойлардың

тереңдігінен Елба­сы­ның тарихты терең білетіндігі, сонау түркі халқының көне

жазуынан бастап барлығын ой елегінен өткізе айтқанын байқау қиын емес.

Расында, халқымыз небір аласапыран замандарда көп қиындық көрді. Араб жазуынан

латынға, латыннан кириллицаға көшіп жүре тұра халқымыз білімге ұмтылысының

арқасында ешбір халықтан қалыс қалған жоқ. Бұл біздің жоғары мәдениеттілігімізді

аңғартса керек. Бүгін міне, тәуелсіз елде есімізді жинап, өз жазуымызды қа­лып­тастыруымыздың

сәті келген сияқты. Себебі, оң мен солы­мыз­ды әбден танып, өткеннің

кемшіліктері мен жетістіктерін бойымызға сіңіріп нақты шешім жасайтын дәуірге

жеттік. Сондықтан бұл – Елбасының сарабдал саясатының аясында жасалған үлкен

қадам.

Елбасымыз айтқандай

оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғырту» атты  бағдарламалық мақаласына

байланысты.  «Кен негізгі жалпы білім

беру мектебінде»  дөңгелек үстел өтті.

Просмотров: 268


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст