«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің, Жаңа жыл!» бастауыш шыршасы

09.01.2018

Жүргізуші : 

Барлық жандар бір білекке қосқан үн

Бақытты

боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен

келді той боп жаңа жыл

Құтты

болсын жаңа бақыт достарым

Құрметті

балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош

келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Кәне

балалар бәріміз шыршаны айнала тұрып бір жақсы ән шырқайық

Осы

кезде залға қарақшылар кіріп .бәрі айқайлап-шулап келедіде шыршаны бір айналып

1-қарақшы

-ООО  қараңдар

қандай ағаш өсіп тұр.Жақсы болды,осы ағаштың көлеңкесінде демалайық.

(төсеніштерін төсеп-төсеп бәрі жата қалады.сосын біреуі басын көтеріп)Түу

мынаалар неғып жүрген балалар.Бізге кедергі жасап.Біз демалатын жер іздеп

жүрміз.Көп күннен бері адамдарды тонаймыз деп ұйықтаған жоқпыз.Барыңдар үйлеріңе

кетіңдер.

Жүргізуші:

-Құрметті

қарақшылар.Сіздер бұл жерде демала алмайсыңдар,өйткені бізде мереке болып

жатыр.Сіздер басқа жаққа барып демалыңыздар.

Қарақшы

(ашуланып,атып тұрып)

-Сен

кімсің өзі маған қарсы шығатын.Қайдағы мереке? –Айтыңдаршы бұл қайдағы

мереке?Қайдағы мереке?

(деп

балаларды жұлқып-жұлқып сұрайды,олар жауап береді)

-Жаңа

жыл дейді ха-ха-ха .Қайдағы жаңа жыл Сендерге бүгін жана жыл тұрмақ ескі жылда

болмайды.Мен қазір үлкееен қаруымды алып келіп барлықтарыңды қырып саламын.Әй

жүріңдер қару алып келейік.Бұларға көрсетейік .Қарашы өздерін,бізге ұйқы

бермей.(ААА деп есінейді) Тезірек ұйықтаса ғой шіркін!

Бір

оқушы ортаға шығып:

-Қарақшы

ағай ! Бізге тимеші.Біз шуламай ақырын ғана жүреміз.Мереке болсыншы.Бұл

мерекені біз 1 жыл күттік қой,ия балалар.Біз қазір сізге өлең айтайық. Сіздер

ұйықтап алыңыздар.Сосын мерекемізде болыңыздар.Аяз ата келеді көп кәмпит

әкеледі.Біз сіздерге де береміз.Береміз бе балалар!

Қарақшы:

-ООО

кәмпит дегенді біз жақсы көреміз.Жарайды келістік.Сендер бір әдемі өлең

айтыңдар.Біз ұйықтап алайық.

(Бәрі

жатып ән айтылғанда қорылдап ұйықтап кетеді.)

Балалар

шыршаны айналып өлең айтады ақырын сыбырлап.

Жүргізуші:

Балалар

енді біздің мерекемізде кім жоқ

-Аяз

ата мен Ақша қар

-Ия

Дұрыс Оларды қалай шақырамыз.Айқаласақ мына қарақшылар оянып кетеді ғой. Қап

енді не істесеке екен а. Аяз Атаны айқайлап шақырмасақ келмейді ғой.Балалар не

істейміз?

Залға

сиқыршы келеді.

Сиқыршы:

-Сәлеметсіңдер ме балалар. Сиқырлы сандығыма қарасам осы

жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр?Жақсы ма?

Бала: 

Жоқ.Мерекеміз көңілді өтпей жатыр.Мына қарақшылар келіп

шыршамыздың түбіне жатып алды.Енді аяз атаны шақыра алмай жатырмыз.Сиқыршы

бізге көмектесіңізші.

Осы кезде бір қарақшы оянып

кетеді:

-Бұл не айқай шу?Түу түк ұйқым қанбады ғой.Неге

шулайсыңдар А. Мынау кім өзі ааа Аяз ата ма? Әй Әкел кәмпитіңнен.Сенде көп

кәмпит бар деп айтқан

Жүргізуші: 

Жоқ, қарақшы ағай бұл аяз ата емес.Аяз ата келу үшін біз

қатты айқайлау керекпіз.Біз сіздеден қорқып айғайлай алмай тұрмыз

Қарақшы:

-Дұрыс-дұрыс бізден қорқу керек. Сонда мынау кім?

-Бұл

сиқыршы

Сиқыршы:

- Қарақшылар

мен сендерге ештеңе де бере алмаймын.Өйткені мен қайырымды сиқыршымын.Менің

сиқырым тек жақсы жандарға арналады. Кәне, оданда мына балалардың тілегін

орындайын.

Қарақшы:

-Қайдағы

балалардың тілегі.Сен тек біздің тілегімізді орындайсың (1-2 қарақшы сиқыршыны

ұстап алады.Қолын артына қайырып )

Сиқыршы:

-Босатыңыздар

қалтамнан сиқырлы таяқшамды алып сіздердің тілектеріңді орындайын (балаларға

қарап көзін қысады)

Қарақшы

босатады.

Сиқыршы:

абра

–кадабра сим салабим ( 2рет)

Мына

қарақшылар мейірімді әрі көңілді болсын!

Осы

кезде қарақшылар күлімдеп :

-ООО

қандай сүйкімді балалар!

Қандай

әдемі балалар!

Киімдері

сондай керемет екен!

Барып

баларды құшақтап, кей балалардың арқаларынан қағып мақтайды

Сосын

бір-біріне қарап:

-Біз

не осы мейірімді болып кеттік пе не?Ой қызық ә? Мейірімді қарақшылар бола ма

екен О ғажап.Бірақ маған осындай мейірімді болған ұнайды.

Жүргізуші:

- Қарақшыларымыз

қайырымды болды сізге рақмет сиқыршы.Ал енді балалар Аяз атаны шақырайық ия!

Балалар:

Аяз

ата ! Аяз ата!

Залға

мыстан кемпір кіреді қолында аяз атаның қолғабы, басында аяз атаның бас киімі

және таяғы бар

Мыстан

кемпір:

Асау

желмен алысқан

Аяз

әжелерің асығып

Шаршап

келді алыстан

Төрге

мені отырғыз!

Уф

белім-ай

Жүргізуші

-балалар

мынау кім?

-Мыстан

кемпір

Жүргізуші:

-Мыстан

әже! Сіз неге Аяз атаның қолғабын, бас киімін киіп алғансыз?Неге өзіңізді Аяз

әже дейсіз! Аяз әже болушы ма еді.

Мыстан кемпір:

Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз

құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз.Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы

күтесіздер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты

кәрімін,жасым үлкен міне биыл240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым

келеді. Мерекеге келгім келеді.Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме

менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Енді бұдан былай менің

атым Аяз әже болады.

Мыстан

кемпір:

-О.

Енді бұл менің мерекем.Жылда өзім келем.

Жүргізуші:

-Мыстан

әже Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен.Сіз оларды қайдан алдыңыз?Ал Аяз

атаның кәмпитке толы қапшығы қайда?

Осы

кезде залға жылап Ақша қар келеді.

Мыстан

кемпір тығылып қалады.

Жүргізуші:

-Ой

мынау біздің Ақша қар ғой!Ақша қар салеметсіз бе.Сізге не болды?

Ақша

қар:Менің

Атам осы мерекеге келе жатқан.Жолда мыстан кемпір мен оның жаман достары ұстап

алып жолда байлап оның заттарын тартып алды.

Енді

ол өзінің қабынсыз, таяқсыз келе алмай отыр.Мені іздеуге жіберді.Мен барлық

жерді іздеп таппадым. Ой енді не болар екен? Енді сіздерге Аяз ата келе алмай

ма?! (жылайды)

Жүргізуші:

Жылама ақша қар Аяз атаның заттары осында.Тек қапшығы

жоқ.

Ақшақар:

Қалайша жоқ.Заттары кәне?

Жүргізуші.:

-Мыстан

әже! Кәне бері келіңізші?

Мыстан

әже:

 Жоқ-жоқ.Мен ештеңе бермеймін.Мен енді осы мерекенің

басты кейіпкері болам Мен Аяз Әже болам

Жүргізуші:

-Енді

не істейміз

Ақша

қар тағы жылайды.

Осы

кезде қарақшылардың біреуі:

-Жылама

Ақша қар.Қазір мен мына достарыммен ол мыстан кемпірді ұстап алып бәрін алып

береміз.

Барлығы

мыстан әжені қуады. Ол қашады.

Сосын

ұстап алады да бәрі жабылып мыстан кемпірді алып келеді

Сиқыршы:

-Кәне

мыстан кемпір мына қызға Аяз атаның заттарын қайтар.Әйтпесе мен сені мұзға

айналдырып жіберем.Мәңгілік қатып тұрасың.

Мыстан

к:

Ойбай

жоқ мұзға айналдырма,Мә-мә алшы осыны

(Ашуланып

бәрін шешіп бере салады.)

Ақша қар:Ал кәмпиттері

бар қапшық қайда?

Мыстан кемпір :

-Ол

менде жоқ,-деп тағы қашады.

-Ұстаңдар

Ол өтірік айтады Көмектесіңдер балалар.–деп қарақшылар тағы қуады

Барлық

балалар көмектеседі.Ұстап әкеледі.

Сиқыршы:

Мыстан кемпір сен не қалған өміріңде мұз қалпыңда болғың

келе ме?Тез айт Аяз атаның қабы қайда?

Мыстан

к:

-Түу

жарайды.Болмадыңдар ғой Мен оны бір жерге тығып кеткем Мерекеден соң шай ішіп,

кәмпитке бір тояйыншы деп едім.

Сиқыршы:

 Қазір

сендерАқша қармен бірге барыңдар. Мына мыстан кемпірмен тыққан жерін көрсетсін

де қапшықты берсін. Мен оған дейін мына балалардың көңілдерін көтере тұрайын.

Шыршаны

айналып тағы бір ән айтылады.

Ж:

-Ал

енді кәне аяз атаны шақырайық.

-Аяз

ата.Аяз ата.

Аяз

ата мен Ақша қар келеді. Артында Қарақшылар

Аяз

ата:

Аяулы

аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Келіп жетті алыстан

Ақша

қар:

Аяз

ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен.

Бәрі де сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

Барлығымыз

бірге

Кәне

шырша таңырқат

Шамдарыңды

жарқырат

деп

айтайық.

Аяз

ата:

Бәрекелді

балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ,

шыршаны айналып ән шырқайық.

«В лесу родилась елочка» әні шырқалады..

Аяз

ата:

-Ал

енді ескі жыл өз орнын жаңа жылға берсін.

Тауық

(ескі жыл):

Жасампаз

заман бұл заман,

Бүгіннен

ертең ғаламат.

Алдыңғы

сапта боларсың,

Келер

жыл саған аманат.

(Қол

алысып құшақтасады.)

Ит  жылы: 

Аман

болсын халқымыз,

Арта

берсін даңқымыз.

Дами

берсін үздіксіз,

Жаңа

дәстүр – салтымыз.

Ит  жылы: 

Аяз

ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12-

жылдан

кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!

Шығып

кетеді.

Ақшақар:

Кәне,

балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз ата шаршағанын бассын.

Аяз

ата: 

Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап,

бір дем алайын. Уф,

шаршағаным-ай!

2

жүргізуші: Иә,

иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да

дайындап қойыңыз

Ортада даярлық сынып. Қарсы

алыңыздар!!!

Аяз

ата:

Ақша

қар: 

Өнерлерің

керемет екен.

Мен

балалармен ойын өткізгім келіп тұр.балалар менімен

ойнайсыңдар ма

Қазір

менімен бірге қайталайсыңдар

-Біз

көңілді балақаймыз

Ойынға

да біз тоймаймыз.

Шапалақ

та ұрамыз

Аяқпен

де соғамыз.

Құлақты

да қалқитып,

Басымызды

шайқаймыз.

Ұртымызды

үрлейміз

Ұялуды

білмейміз.

Он,

жиырма ,қырық

Түріміз

біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек.

Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит

береді.

Бірнеше

рет ойнау.

Аяз

Ата:

-Мына

балалар тамаша ойнайды екен.Менің шаршағаным басылып өзімнің ойнағым кеп

кетті.Кәне менімен ойнайсыңдар ма? Менің ойынымның шарты былай .Менің немерем

Ақша қар қазір осы залға мынадай қағаздар тастайды.Мұнда әртүрлі суреттер

салынған.Сендер тез-тез тек кәмпиттің суреті бар қағаздарды жинап алуларың

керек. Кім қанша кәмпиттің суретін жинаса, мен сонша кәмпит

беремін

Ойын ойналады.

Сиқыршы:

Құрметті

Аяз ата.Сіздердің Ойындарыңызға қарап мен қызығып кеттім.Мен де балалармен бір

ойын ойнайыншы.

Аяз

Ата:

-әрине

ойна.

Сиқыршы:

-Ол

үшін барлықтарың сапқа тұруларың керек..Сосын мен «Жер» десем сендер бір рет

алға секіресіңдер, «Су» десем артқа секіресіңдер.Кім

шатасып калады ол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңын тез әрі шатаспай

секірген балалар Аяз

атадан кәмпит алады. Ал кәне ойнайық.

Аяз ата:

Балалар маған дайындаған

тақпақтарын бар екен. Соны тындап көрейін жане де сыйлықты берейін. Қазір

сахнаға мен кезек кезекпен оқушыларды шақырып,сыйлықтарын тарту етемін.

(Оқушылардың тақпақтары)

Аяз

Ата:

-Қазіргі

мына жаңа заманда енді әрине бәріміз фотоға түспейміз бе.Кәне менің жаныма

жиналып естелікке суретке түсейік ия қызым. – деп немересіне бұрылады.

Ақша қар:

-Ия

ата Бұл балалармен суретке түсіп қалайық.

Аяз

ата: 

Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі

екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп,

басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз

қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!

Ақшақар: 

Сау

болыңдар, балалар,

Аман

– есен болыңдар.

Әр

таңды қуанышпен

Қарсы

алып тұрыңдар!

1

жүргізуші:

 Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен

шығарып салайық!

Балалар:

 Сау

бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!

(Аяз

ата мен Ақшақар шығып, кетеді)

Жүргізуші:

Ән тындап, би биледік бүгін тойда,

Қалады бүгінгі күн ойымызда.

Демалып Жаңа жылға қадам бастық,

Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!

 

Просмотров: 592


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст