«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарқын болашақ - жастардың қолында

09.01.2018

Жарқын болашақ - жастардың қолында

Мен үшін біздің

еліміздің болашағы өте маңызды. Біздің еліміз,біздің жеріміз, біздің Тәуелсіз

Қазақстан! Ежелден бері біздің ата-бабамыз тәуелсіздік үшін, жер үшін күрескен.

Біздің қазақ хандары мен батырлары қасық қаны қалғанша,бар күшін салып кіндік

қаны тамған байрақ жерін қорғаған. Біздің еліміз көптеген қиындықтардан өткен.

Олардың бірі бізге өте ауыртпалы зардаптар әкелген ашаршылық

жылдары(1930-1933). 1930 -1933 жылдардағы аштық құрбандарының 2 млн. 200 мың

адамнан асып түсетінін аңғарамыз. Ал 1946-1980 тоқырау жылдарында қазақ

халқының қамын ойлап, тағдыр үшін, адалдық үшін күрескен,ақын-жазушыларымыз бен

зиялы қауым Кеңес одағының тоталитарлық режиміне қарсы шыққаны үшін

репрессияға, қуғын-сүргінге ұшырады. Мен біздің ата-бабамызға ризашылығымды

білдіргім келеді. Ата-бабаларымыздың арқасында біздің еліміз тәуелсіздігін

алып, көк туымызды көк аспанда желбіретіп,басқа елдерді мойындаттырдық.  1991 жылы 1 қаңтарда тұңғыш елбасымыз болып

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Елбасымыз 1 желтоқсан күні Президент күні

деп жарияланды.Биыл Президент күніне орай Кен негізгі мектебімізде іс-шаралар

өткізілді. 20 -29 қараша  айының

аралығында сынып сағаттары: «Ел мен Елбасы», «Мой Президент», шығарма жазу,

суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы «Елі сүйген, елін сүйген -Елбасы»

кітаптар көрмесі, Дөңгелек үстел, пікірталас 5-9сыныптар арасында «Жарқын

болашақ- жастардың қолында»деген тақырыпта видеороликтер көріп, өз пікірлерін,

ойларын ортаға салып талқылады. Дене шынықтыру мұғалімдері оқушылар арасында

спорттық жарыстар мен волейбол ойындарын 

өткізді. Жарыс өте қызықты, көңілді өтті. Қорыта келе  «Байтақ Қазақстаным»атты мерекелік концерт

өткізілді.

Меніңше, ең негізгі

мақсаттарның бірі – Азия Барысы атағына ие болып, дамыған 50 елдің қатарына

қосылу. 1991 жылдан бастап президенттің бастауымен көптеген оқу орындары, спорт

кешендері, медициналық орталықтар салынып, халыққа көмек көрсетуде. Оның бәрі

не үшін?! Білім беру мен медициналық қызмет көрсетулер жастарға тегін. Бұның

бәрі елбасымыздың жастарды, болашақты ойлайтынының айқын көрінісі. Біз

жасөспірімдер, өз еліміздің басты генераторымыз. Біз ертең көзді ашып-жұмғанша,

елімізді бетке ұстар азаматтары болып шыға келеміз.Әр индивидум өз болашағын өз

көзімен елестейді. Елдің болашағы біздің қолымызда – жастарда. Біз өз

болашағымызды өз қолымызбен жасаймыз!

Просмотров: 551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст