«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл – әр ұлттың ең ұлы анасы» қазақ тілі апталығының қорытындысы

05.02.2018

«Тіл – әр ұлттың ең ұлы анасы»   Мұхтар Шаханов

 

      Тілді өркендету

- баршаның ісі. Тіл - тек қарым – қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры.

Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Қоғамда қазақ

тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы

болып қала береді.

     Қазақ тілін

мәртебесін көтеру  барысында  Кен негізгі мектебінде 22  қаңтар мен 26 қаңтар  аралығында қазақ тілі апталығы болатын еді.

Ауа райына байланысты апталық 29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында болып өтті. Апталықтың мақсаты: Қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оқушылардың өз ойларын

еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдай, өзін-өзі дамыту,

коммуникативтік, оқу танымдық құзіреттіліктерін дамыту. Пән мұғалімінің

алдын-ала құрған жоспары бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды. Апталыққа

арнайы бұрыш жасалды. Оқушылар сөзжұмбақтар мен 

ребустарды аса қызығушылықпен шешіп, жұмбақ шешуде, мақал-мәтелдің

жалғасын табуда белсенділік көрсетті.

      Апталықтың алғашқы күні лездемеде 6 – 8 сынып

оқушылары қазақ тілі туралы өздері жинақтаған деректермен және де  ана тілі туралы өз ойларын өлең жолдарымен

жеткізе білді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мажиманов С.К.  қазақ тілі пәнінен 6 «А» сыныпта «Ортақ етіс

жұрнақтары» атты ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар 6-9 сыныптар арасында саяси

хабарлама ретінде «Әдеби әлемге қош келдіңіздер!» (жұмбақтар шешу, мақалдар айту, жаңылтпаш

айту) атты сайысын ұйымдастырды. 

Сайыстың мақсаты: Оқушыларға мақалды терең түсіне  білуге,

жұмбақты ойлана отырып шешуге, жаңылтпашты нақышына  келтіріп,

жаңылмай отырып айтуға үйрету. Жұмбақ шешіп, жаңылтпаш айтып жарысу арқылы оқушылардың

қызығушылықтарын, есте сақтау  қабілеттерін дамыту. Халық ауыз әдебиетін

тереңірек білуге, қадірлеуге  тәрбиелеу. Оқушылар белсене ат салысты.

Әділ-қазылардың шешімімен сайыста белсенділік көрсетіп, оза шапқан «Болашақ»  тобы жеңіске жетті. Сонымен қатар қазақ тілі

пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Диана Қайыржанқызының ұйымдастырумен  М.Әуезовтың «Көксерек» атты әңгімесі бойынша

дөңгелек үстел өткізді. Оқушыларға бейнебаян көрсетіліп, біраз сұрақтарға жауап

алды.

      Жас

қаламгерлеріміз «Ана тілің –

арың бұл» тақырыбын басшылыққа ала отырып, ана тілі туралы шығармаларын қағаз бетіне түсірді. Шығармалар байқауында І орынға ие

болған 9 сынып оқушысы Байдильдина Ақкенже ие болды. ІІ орынға 7 сынып оқушысы

Кажигапаров Дияр ие болса, ІІІ орынға 6 сынып оқушысы Болатов Темірлан ие

болды. Сыныптан тыс

іс-шара ретінде «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты интеллектуалды ойын болып өтті. Ойынға 3 топ қатысты.

Ойын 7 айналым бойынша өткізілді. Әділ-қазылардың

шешімімен ойында  белсенділік көрсетіп,

оза шапқан «Тұлпар»  тобы жеңіске жетті.

     

Апталықтың    қорытындысы: таныстырылым

«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» атты майдангер ақын жазушылар өмірі мен

шығармашылығын таныстыру айдарымен

апталық қорытындыланды. Қазақ тілі апталығында белсене ат салысып, өз

білімдерімен көріне білген оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Пән мұғалімі: Мажиманов С.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 978


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст