«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан балалары – қысқы ғажайып!» қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру туралы есебі

10.01.2021

Кен  негізгі  мектебінде  «Қазақстан балалары –  қысқы ғажайып!»

қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын  ұйымдастыру туралы есебі

 

            Кен  негізгі  мектебінде  31  желтоқсанның  10  қаңтар  аралығында  оқушылардың  демалысын, бос уақытын  ұйымдастыру  барысында «Қазақстан балалары –  қысқы ғажайып!» атты жоспары  құрылып  бекітілді.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.  Демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру   балалардың шығармашылық дамуы, олардың рухани әлемі мен ақыл-ойының байытылуы үшін мүмкіндік. Мектеп демалысы-балаға ерекше назар аударатын аймақ, оны әлеуметтік қорғау. Каникулдық іс-шараларда барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, олармен жеке тәрбие-профилактикалық   жұмыстарын жүргізу, ұжымдық іс-шараларға қатысуға тарту қажет.

Қысқы демалысын өткізудің мақсаттары:

Қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.

Балалардың денсаулығын және іс-қимыл күштерін нығайту.

Міндеттері:

1) қысқы каникул кезеңінде балалардың демалыс және жұмыспен қамту жүйесін сақтауға және тұрақтандыруға бағытталған жағдайлар жасау;

2) қысқы каникул кезеңінде балалардың жұмыспен қамтылуын, демалысын және сауықтырылуын әдістемелік қолдау;

3) қашықтықтан, оның ішінде қысқы каникул кезеңінде білім алушылардың қамтылуын, іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету.

Жоспар  бойынша  келесі  іс шаралар  өткізілді:

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сынып  жетекшілер  қашықтықтан  ата аналармен  жиналыстарын  өткізді.  Қыс  мезгілінде және  жаңа  жыл  мерекесінде  қауіпсіздік  ережелермен  таныстырды. «Жаңа жылдық ғажайыпта» атты  іс  -шарада  оқушылар белсене  қатысып, өз  шығармашылықтарын  көрсете білді. «Отбасылық хобби» атты іс - шарада  ата - аналармен  бірлесіп  оқушылар  ат  салысты. «Балалар өнер табыстары күні»  атты  іс - шарада  оқушылар  қағаздардан  пішіндерді  қиып,  шығармаларын  көрсете  білді. «Пайдалы әрекеттер академиясы» атты  іс-  шарада   сынып  жетекшілер  қашықтықтан  оқушыларға  тренингтер  өткізді, пайдалы    кеңестер  берілді.  «Кітапомания»  атты  іс - шарада  мектеп  кітапханашысы Алясхарова Г.М.  қашықтықтан  «Ертегілер  елінде» атты  танымдық  сағаттын  өткізді.   «Спорттық жетістіктер»  дене  шынықтыру  мұғалімдері  қашықтықтан  оқушылармен  қызықты  спорттық  ойындарды  өткізді.   Челендж «Кино күні» сынып  жетекшілер  ұйымдастыруменен қазақ  фильмдерді  оқушыларға  ұсынды.   «Виртуалды саяхат бюросы» атты  іс- шарады, сынып  жетекшілер оқушылардың  компьютерлік  сауаттылығын  арттыру   мақсатында  қашықтықтан  виртуалдық  ойындар  туралы  мағлүматтар  беріліп, қызықты  ойындарды  ұсынды.  Осы мақсаттарды  мен іс - шараларды  жүзеге асыруда  демалыс аралығында оқушылардың арасында өткізілген  іс-шаралар жүзеге асырылды. Іс-шаралар жоспарына мектептің барлық сынып оқушылары қамтылды.  1-9  сынып  оқушыларының демалысын қызықты өткізуге сынып  жетекшілер , мұғалімдер, оқушылар,  ата -аналар мен  мектеп  кітапханашысы   ат салысты.  Барлық  өткізілген  іс-  шаралар  мектеп сайтына, инстаграмм мен  фейстбукка  салынды.

 

Просмотров: 1550


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст