Жүректен –жүрекке
(тренинг сағаты)
Мұғалім: Оқушылар ыңғайланып отырып, көзімізді жұмып, туған жеріміздің, ауылымыздың керемет, әсем табиғатын жүрегімізбен сезінейік.Баяу әуен ырғағымен жанымыздағы жанның қолынан ұстап, өзіміздегі бар жақсылық атаулыны, мейірімділікті, жан –жағымызға жылулықты таратайық, барша әлем нұрлансын, нұрға бөленсін!
Мейірімді жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
Олай болса, ендігі кезекті, жүрегімізде мейірім орнататын бір жақсы бейнематериалға назар аударайық:
«Жақсылық жаса, жалықпа!» бейнематериал.
Мына бір өлең жолдарын бірге оқиық:
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? – деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? – деп ойла.
Өзімізді қаншалықты танимыз, соған көңіл бөлейік.
«Менің төлқұжатым» тренингі.
Мен кіммін?
Мен қандаймын?
Мен болашақта кім болам?
Менің туған күнімнің ерекшелігі?
Менің жақсы қасиеттерім?
Менің арылғым келетін қасиеттерім? т.б.
«Жүрек» сөзіне кластер құрайық.
Қуанамын менде (өзін көрсетеді)
Қуанасың сенде (досын көрсетеді)
Қуанайық достарым (бір –бірінің қолдарын ұстайды)
Арайлап атқан күнге! (қолдарын жоғары көтереді)
Адамның көңіл күйін, оның ішкі жан дүниесін оның жасаған әрекетінен, сөйлеген сөзінен, салған суретінен, бояған бояуларынан білуге болады. Олай болса, қызықты деректерге көңіл бөлейік.
«Қызықты деректер»
Егер сіз ашық түстер:
қызыл- батыл, ержүрек;
жасыл- сабырлы, көркем мінезділік;
сары- мейірімді, көңілді;
ақ- таза, адал;
ақшыл көк- мейірімді, қамқор;
қызғылт сары- нәзік, ашық.
Ал, ашық емес түстер:
қара- қатты, өзіншелеу;
қоңыр- салмақты, тұйық;
көк- ашыла бермейтін, қызуқанды;
күлгін- құбылмалы, тұрақсыз.
Жалпы осы түстердің өзі адам бойындағы жағымды жағымсыз қасиеттерді білдіруіне алып келеді. Себебі күнделікті өмірде біз осы түстермен киімдерді киіп жүреміз.
Жүректен – жүрекке парақшаларын алып, бір – бірімізге жылы сөздер, тілектер жазайық.
Алда, 1 – наурыз «Алғыс айту» күні келе жатыр. Сол себепті жанды жадыратып, жүрекке қуаныш сыйлайтын мерекелер, көктем мезгілінде көп. Олай болса, бір – бірімзге қуаныш сыйлаудан жалықпайық! Жүрек – нәзік. Жүректі жақсы сөздермен, жылы тілектермен әрдайым сусындатып отыру керек.
Жүрек –мейірім
Жүрек-қамқорлық
Жүрек-күн нұры
Жүрек- сүйіспеншілік
Жүрек –шығармашылық
Жүрек –сезім
Жүрек – адалдық
Жүрек –бақыт
Жүрек –қуанышты сезінуі керек. Ал, біз, сезіне білейік!