«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат - оның негізі, дұрыс әрекет - оның шынайы – өмірі» - атты жалпыадамзаттық құндылықтарға байланысты тәрбие сағаты

24.11.2020

«Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат - оның негізі, дұрыс әрекет - оның шынайы – өмірі» - атты жалпыадамзаттық құндылықтарға байланысты тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Сүйіспеншілік адамгершіліктің басты қасиеті, ақиқат оның негізі, дұрыс әрекет оның шынайы – өмірі» -атты жалпыадамзаттық құндылықтарға байланысты тәрбие сағаты
Мақсаты:

- оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерді сүйіспеншілік құндылығы арқылы мәнін ашу;

Міндеттері:

- өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;
- оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;
- өнер пен шығармашылық аясында оқушыларға өзін - өзі тану бағдарламасының мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау аясында жүргізілетіндігі туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көстымек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас, шынайы
Көркемдік құралдар: шарлар, Сара Назарбаеваның фотосуреті, бес құндылық бейнеленген өмір ағашы, үлкен етіп жазылған тақырып атауы, интербелсенді тақта, әуендер, түрлі түсті қағаздан жасалған гүлдер.
Барысы:

Музыкамен ортаға жүргізушілер шығады..


1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Сүйіспеншілік - адамның басты қасиеті, ақиқат- оның негізі, дұрыс әрекет - оның шынайы – өмірі» - атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:

Сара Алпысқызы Назарбаева жас ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуы бойынша кең көлемді: «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын ұсынды. «Өзін - өзі тану» пәні – даналықтың шыңы, ол-сүйіспеншілік, ол бақыттың құпиясы, ол адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы. Жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, дүниетанымын қалыптастырып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше.

1 - жүргізуші:
Қателігіңді түсіне білу,
Дұрыс жүріп, күтіне білу.
Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,
Күлетін жерде жөнімен күлу.
2 - жүргізуші:
Сабақты оқып, тәртіпті болу,
Білімді жинап, дүниені шолу.
Өзіңді - өзің тану дегенің,
Өз бойындағы мініңді жою.
«Жақсы ән-жан азығы» - демекші кезекті әнге береміз.

Ән: Өсиет 9 сынып оқушысы Тастанбек Гүлмира


1 - жүргізуші: «Өзін - өзі тану» пәнінің балаларға, ата - аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір - біріне деген қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Өзін-өзі тану пәні рухани – адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелейді. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр

Ән: «Шіркін-ай»11 сынып оқушысы Темір Айдана

 

2 - жүргізуші: Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік - рухани тәрбие беру. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қазақстандықтардың ортақ тағдыры мен еліміздің бейбітшілік пен прогресс жолында дамуын анықтайтын басты құндылықтар көрініс тапқан. Халқымыздың осы мәңгі рухани құндылықтарды бағалай білуі және бүкіл өміріне ұстаным етіп алуы мемлекетіміздің шынайы қуатын, оның азаматтарының бақытты тағдырын анықтайды.

Ән: «Қазағымсың» Қалдан Назым 9 сыныбы

 

1 - жүргізуші: С. Алпысқызы «Өмір әдебі» атты кітабында былай деген - Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың мәңгілік сұрақтарына (Мен кіммін? Менің өмірдегі мақсатым не? Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын? Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?)-деген сұрақтарға жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет деген.

Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау

 

2-жүргізуш

Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің  сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп – білгендерін, рухани дүниесіне жиған – терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып – ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.



 

1-жүргізуші: Жалпыадамзаттық құндылықтардың негізін қалаушы сүйіспеншілік құндылығы. Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің  сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Сүйіспеншілікті табиғаттан, ата-анамыздан үйренсек болады.

Ән: «Ана-әке»

 

2-жүргізуші: Ақиқат

Бір күні аспанда данышпандар жиналып адамды жасап, оны жер бетіне жібереді. Содан соң, олар адамға жер бетінде мәнді өмір сүру үшін не керек деген сұрақты талқылауға кіріседі. Бір данышпан: «адамға бақыт жіберейік»,- дейді, екіншісі «ақыл жіберейік»,- дейді. Сөйтіп адамның жер бетінде мәнді өмір сүру үшін керек жақсы қасиеттерді жіберіп жатады. Сол кезде бір данышпан ойланып:

«Ақиқатты жіберейік»,- дейді.

Ал екіншісі: «ақиқатты адамға жайдан-жай жібере салмайық, олар оны өздері іздеп тапсын, сонда ғана адам үшін ақиқаттың мәні болады», -дейді.

Данышпандар Ақиқатты біресе күннің артына, біресе айдың артына тығуды ұсынады.

Сол кезде бір данышпан: «Біз одан да Ақиқатты адамның жүрегіне тығайық, сонда тек Ар-ұждан дауысын ести білген адам ғана өз жүрегіндегі ақиқатты тани алады. » – деген екен. Ақиқат бізге тумысымыздан берілген сый екен. Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі.

Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды.

 

1-жүргізуші: Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп  көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.

1-жүргізуші: Олай болса, жалпыадамзаттық құндылықтарды жүзеге асырмайынша, рухани жаңырумыз да, мүмкін емес. Ендеше, кезекті «Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды» жаңғыртушыларымызға береміз. «Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар елінде» тақырыбында 8«Б» сыныбының оқушылары сахналайды.

Мың бұралып билеген, аяғы жерге тимеген-демекші, биші қыздарымызда ортаға шақырамыз:

Би: «Күй шашу» биі 9 «Ә» сыныбы

2-жүргізуші: Жалпыадамзаттық құндылықтардың негізін қалаушы

Дұрыс әрекет – жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық

Әрине, Ақиқат жолымен жүруден Дұрыс әрекет туындайды, оның қағидаты – өзіңе де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян келтірмеу. Ол үшін Табиғаттың, моральдың және мемлекеттің заңдылықтарын білу, құрметтеу және орындау қажет.

 

1 - жүргізуші:

Өнер – өзен, жан-тәніңді шаятын,

Өнер – өріс, рухыңды жаятын.

Өнер-өмір,әлдейлейтін санаңды,

Өнер-өткел, серуендейтін саятың. – дей отырып, кезекті биге береміз.

Күй: «Еркесылқым» 9 Сейсенбай Жанеля

2-жүргізуші: Жалпыадамзаттық құндылықтарды ұғындырып, жақсы қасиеттерге үйрететін «Өзін-өзі тану» пәні – қазіргі қоғамғда өте керекті пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін, өмірді тану үшін біріншіден өзін жақсы танып білуі шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ.

Сахналау: Өшпейтін із. 8 сыныбы: Нұрлан және Ринат

 

 

1-жүргізуші:

«Өзін-өзі тану» пәні - сан қырлы,

Айтары ойы, мақсаты оның мазмұнды.

Жеке тұлға қалыптасса жан-жақты,

Болашағы болар елдің таң нұрлы

Өзін-өзі өзгені де танитын,

Мейірімділік, адалдыққа баулитын

Сездіретін жүректердің жылуын,

Шәкірттерге бұл жақсы пән тартымды.

Сахналау: Адам өмірінің үш кезеңдері, яғни «үш ағайынды жігіт «Адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады. Біріншісі:.......... Екіншісі.............. Үшіншісі................

2-жүргізуші: Ал, сіздер қайсысының пікірімен келісесіздер?

Өткенді ризашылықпен есте сақтаймын, болашаққа үмітпен сенім артамын, қазір сүйіспеншілікпен өмір сүремін. Сондықтан, барлық кезең маңызды.

Би: «Көкке өрле» Асанова Гүлзира, Ілесбекқызы Аяулым 9 сыныбы.

1 - жүргізуші:
Жақсы адам боп өссін деп,
Шығарған өзін тануды.
Сара апама мың алғыс,
Жолдаймыз сәлем жалынды.
Үмітіңді ақтаймыз,
Үйреніп өнер, білімді.
Ар - ұятты да сақтаймыз,
Жолатпай жаман қылықты.

Жасыл көйлек үстімде, биші болам өскенде-демекші, Хорезм биімен Нурманова Камилланы қарсы алыңыздар!
2 - жүргізуші:
Өмірге қызыға қарайсың,
Бәрін де бақытты санайсың.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды ұғынсаң,
Бойыңнан керемет жақсы мінез байқайсың.

Жақсы болыңыздар!!!

Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар

Жақсы нәрсе айтыңыздар

Жақсы нәрсе тыңдаңыздар

Жақсы нәрсе көріңіздер

Жақсы әрекет жасаңыздар

Бақытқа жеткізер жол – осы!

 

1 - жүргізуші: Құрметті жиналған қауым назарларыңызға мың да бір алғыс! Ал, «Сүйіспеншілік - адамның басты қасиеті, ақиқат- оның негізі, дұрыс әрекет - оның шынайы – өмірі» - атты тәрбие сағатына қатысқан оқушылар сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз!

Өзгені танымас бұрын, өзгені сынамас бұрын өзімізді-өзіміз танып, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстанып, өзімізді рухани жаңғыртайық!

Қатысқандарыңызға рахмет! Келесі іс-шараларда кездескенше сау болыңыздар!

Просмотров: 1074


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст