«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа білім беру технологиялары. "Отбасы және мектеп: қазіргі жағдайдағы тиімді ынтымақтастық жолдары»

16.11.2020

Жаңа білім беру технологиялары. "Отбасы және мектеп: қазіргі жағдайдағы тиімді ынтымақтастық жолдары»

Сынып жетекшісі - тәрбие жұмысының негізгі ұйтқысы. Қазіргі таңда мұғалімнің алдыңда тұрған басты мақсат - окушыға тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыру.
Жас ұрпақ-ел тірегі, ертеңіміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.

Оқу жылының басында сыныптың алғашқы жиналысында оқу тәрбие жұмысының қай бағытпен жүретіні анықталады. Сынып алдындағы іс-жоспары құрылып, алға белгілі міндеттер қойылды.

Жаңа кезеңдегі тәрбие үдерісінің маңызды мәселелерінің бірі -  жас ұрпаққа рухани– адамгершілік тәрбие беру. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби бабамыз айтып кеткендей, қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлі күннен-күнге арта түсуде.

Тәрбие баланың сәби кезінен басталатын үрдіс. Халықта: « Ағаш түзу өсу үшін  оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», - деп бекер айтылмаған. Білімдегі тәрбие - ол баланың мінез-құлқы, сана-сезімі, ой-өрісінің дамуы мен қалыптасуы.

Тәрбие саласындағы басты мақсатымыз - жан-жақты дамыған, рухани адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу болса, оған апарар тура жол оқушылардың туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ол үшін танымдық кештер, іскерлік ойындар, көгалдандыру, бірігіп танымдық жорықтарға шығу оқушылардың белсенділігін, еркін, ұжымдық іс-әрекетін дамытуда үлкен роль атқарады.
Осылайша бірлесе отырып, тақырыптык, кештер, қайырымдық көмектер, мерекелік концерттер, конференциялар өткізіліп отыруға болады.
Тәрбие жұмысын туристік-өлкетану және экологиялық іс-әрекет арқылы ұйымдастыруға болады.
Оқушылардың денесін шынықтырады, қиыншылықтарды жеңуге, табиғат жағдайында тіршілік етуді үйретеді, әрі демалысты ұйымдастырады. Табиғатпен үндесіп, оны түйсінген бала ешқашан жаман әдеттерге жоламайды. Жорыққа шыққан жас жеткіншек айналасына қол ұшын беруді, ұжымшылдықты түсінеді. Қазіргі мектеп қабырғасында дамып жетілген жас ұрпақ - ертеңгі ел болашағын жасаушы қайраткер. Сондықтан бала бойындағы болмашы жақсы нышанды одан әрі дамытып, жаман нышанды дер кезінде тоқтата білейік.

Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде және өзін-өзі тәрбиелеуінде мынадай нысандар кеңінен қолданылады: дөңгелек стол, баспасөз конференциясы (пресс-конференция), ауызша журнал, диспуттар, сұрақ-жауап кештері, әдеп, өзін-өзі төрбиелеу тақырыбындағы әнгімелер, әдеби — музыкалық композициялар, “Қарым-қатынас мәдениеті”, “Құқық пен міндеттер бірлігі” типіндегі практикалық сабақтар , мейірімділік акциялары, ізденіс әрекеттері және т.б.

Эстетикалық тәрбие беруде әдеби-музыкалық кештер, Поэзия сағаты , өнер адамдарымен кездесулер өткізу, музей, театр, көрмелерге экскурсиялар жасау, табиғатқа саяхат, музыка мен сурет әлемі туралы әңгімелер, “Туған табиғаттың сұлулығын танып, бағалай білейік” атты сынып сағатын ұйымдастыру, көркемөнер тақырыбындағы мерекелер өткізу, журналдарға шолу жасау, қолжазба журналдар шығару, т.б. тәрбие нысандарын кеңінен қолдануға болады.

Нәтижесі:

1. ¥рпақ арасындагы байланысты орнату.

2. Ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту.

3. Денсаулықты сақтау.
4. Шығармашылық қабілетті дамыту. 

5. Адамгершілік қасиетке баулу.

6. Өз Отанына сүйіспеншілігін арттыру.     

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

 

Д.Менделеев: «Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкірттерінде» деген екен. Менің бүгінгі таңда алға қойған мақсатым - шәкірттерімді болашақта ойын еркін жеткізе алатын,өзінің сөзін дәлелдей білетін, өзіндік«Мені»қалыптасқан тұлға ретінде көру

 

 

Просмотров: 805


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст