«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлылар үндестігі» мәнерлеп оқу байқауы

28.01.2020

Тақырыбы«Ұлылар үндестігі» мәнерлеп оқу байқауы
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер  Абай Құнанбаевтың және Шәкәрім Құдайбердіұлының мол мұрасын  байқау арқылы насихаттау. 
Міндеті: 

1.Оқушылардың  бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру. 

2. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ 
бойынан көру. 

3. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына 
мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау,  қастерлей білуге баулу. 
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, видео слайд, музыкалық әуен, ақынның

портреті, қара сөздері, шығармашылығы туралы бұрыш

                                                                      Барысы:
І жүргізуші: 
Дана Абайды 
Қазақтың ақылына балаймын. 
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын! 
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың, 
Жан алаңы, мұңы бар- қазағы бар Абайдың. 
ІІ жүргізуші: 
Арлы Абайды 
Қазақтың қайраты деп ұғамын, 
Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын! 
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын, 
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!

І жүргізуші: 
Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді. 
ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар, ««Ұлылар үндестігі» атты   байқауымызға  хош келдіңіздер! 
І жүргізуші: 
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» - деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, сайысымыздың басты үш номинациясымен таныстырып өтейік.
Бірінші номинация: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай шығармаларын жатқа айту сайысы.
Екінші номинация: «Көңілім әнді ұғады» Абайдың әндері мен күйлерін орындаушылардың сайысы.
Үшінші номинация: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» жас дарындар сайысы.
Сайыс шарттарымен таныс бола отыра қосымша «Зымыран» сұрақтары мен  «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты тапсырмалардан тұрады.

ІІ жүргізуші: 
Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. 
Қазылар  алқасы:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(Тақтадан Абай атамыздың өмірі жайлы видео слайды көрсетіледі.)

І жүргізуші: 
Әсем әннен ғажап ләззатты үн шығар, 
Ойы сергек жан оны ұғар, 
Бар сезіміңді қозғар ән-күйге 
Жастар, тілімді ал, бол құмар,- деп Абай атамыз да ән өнерін аса жоғары бағалағаны белгілі. 
ІІ жүргізуші: 
Олай болса, «Зымыран» сұрақтарына кезек берейік .

Сұрақтар оқушылардың жас ерекшелігіне қарай қоямын.

  1. Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келді? (10 тамыз, 1845ж)
  2. Абай Құнанбаевтың туған жерін ата.(Семей облысы,Қарқаралы ауылы)
  3. Абайдың әкесі кім? (Өскенбайұлы Құнанбай)
  4. Анасы кім? (Ұлжан)
  5. Абайдың әжесі кім? (Зере)
  6. Абай Құнанбаев неше жасынан өлең жазған. (10 жасынан)
  7. Абай Құнанбаевтың неше қара сөзі бар? (45)
  8. Абайдың азан шақырып қойған аты кім? (Ибраһим)

І – жүргізуші:

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға, 
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға. 
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар 
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,- дей отырып, сайыстың

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» байқауында бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз. 

ІІ жүргізуші: 
Орындалмай қалды қанша арманы, 
Жас ақындар өнеріңді жалғады. 
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді, 
Жауһар жырмен мүсініңді сомдады. 
І жүргізуші: 
Әлем танып, таңданды, ұлы Абайға,
Нұрын шашты, сөз зергері маңайға.
Жылдар көші лек-легімен өтсе де,
Құрмет тұтып, іліп қойдық маңдайға.
Абай салған ән қосып жырға екпінін,
Солар менің жырымда жүрмек бүгін.
Тірілерін құрметтеп, өлілерін
Тірілтуде әнменен міндеттімін.
«Көңілім әнді ұғады» атты номинациясы бойынша байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Құрметті жыр сүйер қауым, бүгінгі байқауға  арналған ән-шашуды қабыл алыңыздар.  Ән:
ІІ жүргізуші: 

Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауыртқан таулардан сені іздедім, - деп бүгінгі жас ұрпақ өз сағынышы, жүректегі ыстық ықыласын жыр шашу етіп шашады.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты номинациясы бойынша байқауымызды бастаймыз.
Ортаға: (қатысатын оқушылардың аты мен тектері аталады). 
І жүргізуші: 
Бойларыңда от бар екен байқадық, 

Жүректерде шоқ бар екен байқадық. 
Әрқашанда осы шоқты өшірмей, 
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,- деген ізгі тілекпен байқау  жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі. 

ІІ жүргізуші: 
Мен өлеңге сыйғыза алмай Абайды, 
Жыр құдайы жоғарыдан қарайды. 
Көлеңкелі кеудесіне қазақтың 
Шымырлаған шуақ болып тарайды. 

Өлең-жырдың көктеткен боз тақырын, 
Анық басып, жүрдің байқап ақырын. 
Қазақ бүгін көтереді көгіне, 
Халық үшін қан жылаған ақынын. 
І -жүргізуші:

Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.

ІІ жүргізуші: 

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы,

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы – дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды. Алдағы уақытта болатын аудандық «Абай оқуы» байқауына қатысушыларға сәттілік тілейміз. Жеңіспен оралады деген сенімдеміз. Жеңісті күндерде жолыққанша аман сау болыңыздар!!!
 

Просмотров: 487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст