«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Интеллектуалдық ойын «Ел ертеңі – білімді ұрпақ»

28.01.2020

Интеллектуалдық ойын

«Ел ертеңі – білімді ұрпақ»

 

Мақсаты: 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету. 2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. 3.Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекі құралдар: суреттер, интерактивті тақта, түрлі-түсті таяқшалар, жоспар, сұрақтар компьютер арқылы көрсетіледі.

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

Іс-шараның барысы.

 ҚР-ның әнұранын орындау.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті мұғалімдер, оқушылар. 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз. Сіздерді бүгін тілдер мерекесімен құттықтаймыз! Бұл ойын қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығына арналған іс-шара болып табылады. Соған орай қазақ тілі мен әдебиеті, география, тарих, Қазақстанның мәдениеті және спорты саласында сұрақтар қойылады.

2-жүргізуші:

Ойын толқын айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауысты.

Біреу озып, келеді қатарынан,

Біреу қалып жатқанда асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді, ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз. Сондықтан да бүгінгі «Ел ертеңі – білімді ұрпақ» деген интеллектуалдық сайысына қош келіпсіздер.

1-жүргізуші: Сайысқа келіп отырған оқушыларымыздың жолы ақ болсын, жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады. 
(шапалақ соғылады)
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
 Әділқазылар алқасымен таныстыру.

2-жүргізуші: Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

1-ші топтың қатысушылары: 5 «А» сынып оқушылары

2-ші топтың қатысушылары: 6 «А» сынып оқушылары

Шарты:

1) топ аты:

2) топ ұраны

1-жүргізуші:

Кіріспе сөз.

Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республика азаматының парызы.

2-жүргізуші:

Ойынның барысы:

Ал енді, біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

I кезең – «Бәйге»

II кезең – «Полиглот»

III кезең – «Ғажайып алаң»

ІV кезең – « Жорға»

1-жүргізуші: 1 кезең Бәйгеде 2 топқа арнайы сұрақтар беріледі. Әр жауап 3 ұпайдан есептеледі. Әр сұраққа 30 секунд уақыт беріледі.

2-жүргізуші: 2 кезең «Полиглотта» мақал-мәтелдер берілген. Оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпай беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай.

1-жүргізуші: 3 кезең «Ғажайып алаң» топ әр тор көзден өздері білемін деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайдық жүйе беріледі.

2-жүргізуші: 4 кезең «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

1-жүргізуші: «Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Ал енді, бірінші кезеңді бастайық.

«Бәйге» кезеңі.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

1-жүргізуші.

І топтың сұрақтары

«Кел,балалар, оқылық» өлеңінің авторы: Ы.Алтынсарин

Қазақтың батыр қыздары: М.Мәмбетова, Ә.Молдағұлова

Әнұранның авторы? Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев.

Тұрмыс-салт жырларын атаңыз? Бесік жыры, тұсаукесер, тойбастар, жар-жар, беташар

ҚР-ның соңғы конституциясы қай жылы қабылданды? (1995 жылы 30 тамыз)

2-жүргізуші.

ІІ топтың сұрақтары

Көшпелілердің баспанасы? Киіз үй

Жүз жасаған ақын? Жамбыл

Елтаңбаның авторы? Ж.Мәліков, Ш.Уәлиханов.

Балалар әдебитенің негізін салушы? Ы.Алтынсарин

Тілдер күні қашан? (22 қыркүйек)

Сөз әділқазы алқасына беріледі.

2-жүргізуші. II кезең – «Полиглот»

«Жеті тілді білсең, бар әлемді билейсің» деп бекер айтылмаған болар. Осы кезеңде, сіздердің назарларыңызға мақал-мәтелдер беріледі. Керекті сөздің орнын тауып, үш тілде аудармасын табу керек. Бұл кезеңде қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпай беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай.

І топ. Сұрақтар.

Оқу – инемен құдық қазғандай.(Оқу-учение -teaching)

Оқу – білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.(Білім-знание-knowlege)

Кітап – алтын қазына.(Кітап-книга-teachings)

Еңбегің қатты болса,

Татқаның тәтті болар. (Еңбек-труд-labour)

1-жүргізуші.

ІІ. Топтың сұрақтары

Ғылым – теңіз, білім – қайық.(Ғылым-наука-science)

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.(Тіл-язык-tongue)

Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім.(Мұғалім-учитель-teacher)

Жақсы сөз – жарым ырыс. (Сөз-слово-word)

Мәнерлеп оқу. Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп болғанша оқушылар мәнерлеп өлеңдерін оқып береді.

- Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.

2-жүргізуші.

Келесі ІІІ кезеңіміз – «Ғажайып алаң».

Бұл кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география пәнінен, мәдениет саласы және спорт саласынан сұрақтар беріледі.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын!

Ғажайып алаң

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша

20 ұпай – Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобы. (Омонимдер)

30 ұпай - «Қызғыш құс» өлеңі кімнің еңбегі? Махамбет Өтемісұлы

40 ұпай – «Портрет» дегеніміз? (Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді айтамыз)

50 ұпай – Жаңа сөздердің жасалуын зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөзжасам

Тарих пәні бойынша

20 ұпай – Тарихтың атасы. Геродот.

30 ұпай – ҚР-ның тәуелсіздік күні болып қашан жарияланды? 1991 жылы 16 желтоқсан

40 ұпай – Қырғыздың «Манас» дастанын алғаш рет кім зерттеген? Шоқан

50 ұпай – Конститутция неше бөлімнен тұрады? 98 бөлімнен

Әртүрлі пәндер бойынша

20 ұпай – (география пәні бойынша) Қазақстанда «Екінші Швецария» атанған жер? Бурабай

30 ұпай – (спорт саласы бойынша) Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы  Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері кім? Иван Дычко

40 ұпай – (музыка саласы бойынша) «Көк тудың желбіреуі» атты әннің авторы? Ибрахим Ескендір

50 ұпай – (мәдениет саласы бойынша) Тұңғыш қазақ балеті қай жылы қойылды? 1938 жыл

1-жүргізуші. 

Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.

2-жүргізуші.

Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деген нарталас, 
Жеңілемін деп ойлама! Олай болса келесі ІV кезеңіміз - «Жорға».

Бұл кезеңнің шарты бойынша ұпай саны аз топ мүшелеріне сұрақтар қойылады.

Бірінші топтың сұрақтары:

«Қазақ» газетін шығарған кім? Байтұрсынов

Тіл туралы заң қашан қабылданды? 1989ж. 22 қыркүйек

Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? табу

 Ине шаншар жер жоқ – тұрақты тіркесінің мағынасы қандай? бос жер жоқ

“Үш арыс “ кімдер? Бейімбет, Сәкен, Ілияс

Екінші топтың сұрақтары:

«Әдебиет» сөзі халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының айтуынша қандай мағынаны білдіреді? ( «асыл сөз»)

Өкпесі қара қазандай – тұрақты тіркесінің мағынасы қандай? реніші таудай

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған жыл? 1989

«Ерінбесең - емерсің» мақалдың мағынасын түсіндіріңіз? еңбек ету

Тілдің дыбыстық жүйесі мен жасалу жолдарын тіл білімінде қай саласы зерттейді? Фонетика

Жүргізуші:

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділ жауабын беріңіздер!

Әділқазылар жалпы ұпай сандарын есептеп болғанша көрермендерге қоятын сұрақтар қоямыз.

Жеңімпазды анықтап, марапаттау. Жүргізушілерді марапаттау.

2-жүргізуші:

Бүгінгі көріп тамашалаған «Ел ертеңі – білімді ұрпақ» атты интеллекуалды сайыс ойыны мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

 

Просмотров: 709


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст