«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

31.01.2023

Тақырыбы: МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Әдісі: тренингтер, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Барысы
І. Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Негізгі бөлім
        Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне қарай таңдап алады. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге  - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң, көштен қалмаудың қамын жасайды. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өз бейімділігін таңдау қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

      Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес.     Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызы бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

      Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер?

     Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі.
     Мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?
     Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%- ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Қазақстанда осы мамандықтардың 300-ге жуық түрі кездеседі.

    Слайдпен Абайдың бір шумақ өлеңі көрсетіледі, дыбыспен оқылады.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
(Абай Құнанбаев)

 

Оқушылардың жауап беру барысында мына сұрақтар қамтылуы мүмкін:

            Мамандықты меңгеру үшін не қажет?

Мамандықты таңдауда  нені ескеру керек?

 

  1. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
  2. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
  3. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
  4. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
  5. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
  6. Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
  7. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
  8. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

 

    «Бос микрофон» (рефлексия)

Еркін түрінде қатысушылар  психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.

 

Оқушыларға берілетін кеңес

  • Алдағы өмірлік жоспары қандай болмасын, шетел тілін үйреніп,компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы.Бұлардың кез келген мамандықта кажеті болары сөзсіз!
  • Мамандық тандауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті жоқ.
  • Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.
  • Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
  • Саған қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ.
  • Сән қуып мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқу бітіргенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.
  • Мамандықтың өз денсаулығыңа тура келетін-келмейтіні жөнінде дәрігерден кеңес алған жөн.
  • Кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.
  • Өзің таңдаған мамандықтың мазмұнын, қызығын, қиындығын білуге тырыс!

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст