Оқу мақсаттары |
2.1.1.4. санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру: 1000 – ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру. |
|||||||
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар: екі таңбалы сандармен жазбаша есептеуді жəне тексеруді орындайды. |
|||||||
Көпшілік оқушылар: жазбаша тəсілмен қосу жəне азайту алгоритмін қолданады. |
||||||||
Кейбір оқушылар: Барлық есептеулерді қатесіз орындайды. |
||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Екі таңбалы сандарды алгоритм бойынша жазбаша тəсілмен қосуды жəне азайтудың тəсілдерін түсіндіреді. Пəндік лексика жəне терминология. Ондық арқылы ауыспай, екі таңбалы сандарды жазбаша қосу жəне азайту тəсілдері алгоритмі. |
|||||||
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау. Жазбаша қосу жəне азайту тəсілдерін пайдалана отырып, өрнектердің мəндерін табыңдар. Жазбаша тəсілмен қосу жəне азайту алгоритмін түсіндіріңдер. |
||||||||
Жазу. Екі таңбалы сандар, жазбаша есептеулер тəсілдерін жазу. |
||||||||
Тірек білім |
Екі таңбалысан моделі, екі таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу. |
|||||||
Жоспар |
||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-əрекет |
Ресурстар |
||||||
0–3
|
Ынталандыру. Мұғалім оқушылармен бірге оқулықтағы 1-тапсырманың иллюстрациясы бойынша дене шынықтыру сабақтарын талқылайды.
Оқушылар өз əсерімен бөліседі (уақытты таза өткізген жақсы), дене шынықтыру сабақтарында немемен айналысатыны туралы айтады (саябақта жүгіреміз, ұзындыққа секіреміз, қимылды жəне спорт ойындарын ойнаймыз).
Сұхбат барысында оқушылар математиканың қандай мүмкіндіктерін (спорттағы жетістіктердің нəтижелерін өлшеу жəне салыстыру) дене шынықтыру сабақтарында қолдануға болатынын нақтылайды.
|
Оқулық. |
||||||
4–6
|
Өзектендіру.
«Жұптық жұмыс»
Есептеген кезде оқушылар разрядтық қосылғыш арқылы ауыспай, екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тəсілдерін, екі таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді, екі таңбалы сандардың үлгілерін пайдаланады.
|
Оқулық, Кеспе қағаздар |
||||||
7–11
|
Мақсат қою (проблемалық жағдай).Оқушылар ұсынылған сандар үлгілерінің көмегімен амалдарды қалай орындауға болатынын түсіндіреді.
\электронды оқулық қосылып, түсіндіріледі\ 54+23, 77-23 32+45, 77-32
/азайту амалы да осылай есептеледі/ |
Оқулық Электронды оқулық
|
12–29
|
Түсіндіре отырып бастапқы бекіту. Оқушылар 3-тапсырманы баған түрінде жазып, түсіндіре отырып санайды, тексеруді орындайды Тапсырманы тақтада орындау. 36+23 59-23 89-28 51+23 43+25 63-21 57+22 72-21 75+23 67-36 59-45 86-33 98-65 44+42 43+24 54+25 Топтық жұмыс Сергіту сәті /қимыл-қозғалысқа қатысты/ |
Оқулық.
|
30–40
|
Жаңаны қолдану. Өзіндік жұмыс:Оқушылар дəптердегі 1-тапсырманы алгоритмге сəйкес сандарды бағанмен жазып, түсіндіре отырып орындайды. Аяқтағаннан кейін «қосу» амалын орындау дұрыстығы азайту арқылы, ал «азайту амалын» орындау дұрыстығы қосу арқылы орындалатынын түсіндіре отырып, тексеру жүргізеді. Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушыларды жетістік өлшемдерімен таныстырады. Оқушы сəтті орындаған тапсырманы бағалайтын өлшемнің тұсын бояйды. Бағалау критерийі. Есептеулерді бағанмен дұрыс жаза аламын. Ондықтан аттамай қосу жəне азайту алгоритмін қолдана аламын. Жауапты оқимын. Тексеру жүргіземін. |
Дəптер, оқулық.
|
41–45
|
Рефлексия.
«ВАК» әдісі
|
Сұрақ-жауап кесте |