«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдығы және Қазақстан халқының Тілдер күні» мерекесінде өткізілген іс-шаралар туралы мәліметі

20.09.2022

«Кең ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де

«Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдығы және Қазақстан халқының Тілдер күні» мерекесінде өткізілген іс-шаралар туралы мәліметі 

 

    Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан-ғасырға жалғастырып келе жатыр. Ал ол сезім мен байлыққа қол жеткізіп, кенелу қазақтың тіл мәдениетін толық меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Сонымен қатар тіл дегеніміз – ұлттық болмыс пен психология аясындағы ең сезімтал әрі нәзік сала. Олай болса, мемлекеттік тіл тағдыры қазақ ұлтының да тағдыры екені баршаға аян.

     Тіл – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл – ұлттың тірегі. Тіл – өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ұлт болғың келсе, бесігіңді түзе» деуі тегін айта салған сөз емес. Ол біздің тіл биіктігімізді, ұлттық бейнемізді сақтап қана қоймай, оны дамыта беруге арнаған көрегендік сөзі деп түсінгеніміз жөн. Тіл – тазалықтың, пәктіктің, имандылықтың жаршысы. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Сондықтан «Кең ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де тіл мәртебесін көтеру мақсатында Тілдер мерекесінің онкүндігі аясында бірқатар іс-шаралар жоспарға алынып, жоспарға сай барлық жұмыстар атқарылды. Биылғы жылы Тілдер мерекесі  Алаштың ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Осыған байланысты 5 қыркүйек күні Ахметтің туған күні мен тілдер мерекесінің ашылу салтанатында 5-6 сыныптар өз өлең шумақтарымен таныстырылым жасады. Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай мектеп кітапханашысы Алясхарова Г.М. оқушыларға арнап кітап көрмесін  ұйымдастырды. Көрмеге қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы, ірі-ғалым, ағартушы – педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері – Ахмет Байтұрсыновтың «Ақ жол», «Тіл тағылымы», «Маса», «Жоқтау» т.б. қаламынан туған шығармалары көпшілік қауымға ұсынылды. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде «Тілімізге деген көзқарас – елімізге деген көзқарас» атты шығармалар сайысы аудан көлемінде аталып өтті. Барлық оқушылар үш тілде өз шығармаларын арнады. «Тіл – барлық білімнің кілті» интеллектуалды білім сайыстарын 5-9 сыныптар арасында пән мұғалімі Мажиманов С.К. ұйымдастырып, ойын екі топқа бөлініп, қызықты сұрақтарға жауап берді. Бастауыш сынып мұғалімі Оразқызы Қымбат «Тіл – достықтың тірегі» зияткерлік  марафонын бастауыш сынып оқушыларға өткізді. Оқушылар тіл туралы өз білімдерін шыңдады. Аудандық Ахмет  оқулары байқауына мектебімізден 8-9 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, 9 сынып оқушысы Мұқыш Жанболат мәнерлеп оқу бойынша жүлделі 2 орынға, 8 – сынып оқушысы Советова Зарина мәнерлеп оқудан 3 орын және эссе жазу бойынша 2 орынға ие болды. Сонымен қатар «Менің таңдауым – мемлекеттік тіл» өзге ұлт өкілдері арасында көркемсөз оқу байқауына 8-сынып оқушысы Втюрин Богдан қатысты. Өзге ұлт өкілдері арасында «Маған қазақша сөйлеу ұнайды»  челленджін пән мұғалімі Куанышбекова Ә.А ұйымдастырып, арнайы әлеуметтік желілерге салды. Ахмет атамыздың мұражай үйлерімен таныстыру үшін «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» мұражай сабақтарын арнайы мұражай кабиетінде тарих пәнінің мұғалімі Тасмаганбетова Ж.С. өткізіп, әр қаладағы Ахметке арналған мұражайлармен таныстырды. «Мысалмен айтқан көп ойлар» суреттер көрмесін бастауыш сынып мұғалімдері ұйымдастырып, әлеуметтік желілерге салды.  Қазақстан ұлттық  телеарнасының ұйымдастырумен тұңғыш рет Ахмет Байтұрсыновқа арнап, фильм сериалы түсірілген болатын. Соған орай «Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмі бойынша 8-9 сыныптар арасында  ашық алаңды пән мұғалімі Мажиманов С.К. өткізді. Қалай десек те, «Ұлт ұстазы» өз кө­рер­менімен қауышты. Азын-аулақ кем­шіліктерін ысырып қойғанда, телехикая «айналасы жұп-жұмыр», тілі көркем, жинақы шыққанын оқушыларға таныстырылды. «А.Байтұрсынұлы – қазақ тілінің реформаторы» атты аудандық ғылыми конференциясы өткізілді. Осы конференцияға тарих пәнінің мұғалімі Тасмаганбетова Ж.С. қатысып, арнайы сертификатпен марапатталды. 5-16 қыркүйек аралығында болған онкүндік аясына мектебіміздің оқушылар мен ұстаздары белсене ат салысты.

      Қорыта келе, әр тілдің дамуы тұтастай және толықтай ұлттың мәдени дамуымен байланысты. Біздің мемлекетіміз Қазақстан халқы тілдерінің дамуы мен меңгеруі үшін жағдай жасауды қамтасмасыз етеді. 5 қыркүйек қазақ лингвистикасының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов пен Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күнін біріктірген атаулы күн болып табылады. Бұл күнді өткізу шеңберінде, Кең аулының негізгі орта мектебі «Ахмет Байтұрсынов және Қазақстан халқының Тілдер күні» мерекесіне ат салысты.  Мектептің кітапхана залында іс-шараға қатысушыларға «Ахмет Байтұрсынов» жайлы бейнебаяндар көрсетілді,  сонымен қатар кітапханада  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталған мектеп оқушылары Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Өткізілген іс-шара танымды өтті, тыңдармандардың зейін қойып қызығушылық танытқандары сезілді.

Адамдық диқаншысы қырға шықтым;

Көл жоқ, көгалы жоқ - қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

А. Байтұрсынов

 

 

 

Пән мұғалімі: Мажиманов С.К.

 

Просмотров: 728


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст