«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

19.09.2019

16.09.2019-ғы № 01-13/3267-И шығыс хаты

16.09.2019-ғы № 7446 кіріс хаты

Жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Білім алушылардың үлгеріміне

ағымдық бақылау, аралық және

қорытынды аттестаттау өткізудің

үлгілік ережелерін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің 2008 жылғы

18 наурыздағы № 125 бұйрығына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы18 наурыздағы
№ 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 30 мамырдағы
№ 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесінде:

13-1 және 13-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13-1.13-1. Формативтік бағалау кезінде педагог сабақта кері байланысты жүзеге асырады. Педагог білім алушылардың санын, кері байланысты беру нысанын жәнежиілігін дербес анықтайды.

13-2. Формативті бағалау нәтижелері басып шығару мен одан әрі сақтауды талап етпейді.

Формативті бағалаудың нәтижелерін ұсыну білім алушылар орындаған жұмыстарда, сонымен қатар педагогтың комментарилері арқылы электронды журналда жүзеге асырылады.»;

14-4, 14-5 және 14-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«14-4. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанда екі реттен артық жүргізілмейді.

Зертханалық, практикалық жұмыстарды орындау бағалау үшін критерилердің бірі ретінде БЖБ-ға енгізіледі.

14-5. БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына үш және одан да көп бөлімдерді (ортақ тақырыптар) оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі.

БЖБ-ны бірыңғай балды қою арқылы екі этапта өткізуге болады.

14-6. Пәндердің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артықемес тоқсандық жиынтық бағалау жүргізуге болады. Олар тоқсан аяқталатын соңғы күні жүргізілмейді. Бір оқу пәні бойынша  БЖБ мен ТЖБ  бір күнде өткізілмейді.»;

14-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14-8. Ерекше оқу қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау кезінде педагог сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолданып, сондай-ақ, жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде оқушының ерекшелігін есепке ала отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді.»;

мынадай редакциядағы 15-1 және 15-2-тармақтармен толықтырылсын:

«15-1. 10-11-сыныптарда инвариантты компоненттің тереңдетілген және стандартты деңгейін таңдау кезінде осы пәндер бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндерін қоспағанда, жиынтық бағалау жүргізіледі, олар бойынша тоқсанның соңында және оқу жылының соңында "есептелінді" ("есептелінген жоқ") қойылады.

Вариативті компонент сағатының есебінен таңдалған 10-11-сыныптардың оқу пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.

15-2. Қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын таңдаған жағдайда оқу пәндері бойынша БЖБ саны сақталады.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Білім алушылар ( ауырып қалуынабайланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, қолайсыз метеожағдайларға, инфекциялардың өршуіне, барлық деңгейдегі жарыстарға, конференцияларға, олимпиадаларға және барлық деңгейдегі ғылыми жобалар конкурстарына қатысу) болмаған жағдайда жеке кесте бойынша жиынтық бағалауды тапсырады.

Көрсетілген себептер бойынша игерілмеген оқу материалы оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі жобалық және өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқытылады.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1)   ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, стимул мәтіндері негізіндегі эссе), жазбаша жұмыс (стимул мәтіндері негізіндегі эссе) - қалған білім алушылар үшін;

2) математикадан жазбаша емтихан (алгебра);

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика).»;

40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«40. 9 (10) сынып білім алушыларына емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), 11 (12) сынып білім алушылары және республикалық мектептердің 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) дайындайды.

Қорытынды бағалаудың мазмұнын анықтайтын талаптар және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.

Тапсырмалардың ерекшеліктері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми кеңесінің отырысында бекітіледі.»;

41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«41. Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау өткенге дейін сол пәндерден оқу жылы бойынша  қосымша жиынтық бағалау жүргізіледі.»;

46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«46. Эксперименттік алаң болып табылатын "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша оқуларын аяқтаған бітірушілерге (бұдан әрі – "НЗМ" ДББҰ бітірушілері) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "НЗМ" ДББҰ бітірушілерінің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдарын және жеңімпаздардың қорытынды бағаларын ұлттық біріңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) балдарына ауыстыру шәкіліне сәйкес "НЗМ" ДББҰ бітірушілерінің оқу нәтижелерін сырттай бағалау балдарын және жеңімпаздардың қорытынды бағаларын ҰБТ балдарына ауыстыру негізінде ҰБТ сертификаттары беріледі.»

49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«49. Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын мектептер өздігінен әзірлейді.

Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы аттестат беріледі.

Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады.

Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 11 (12) - сынып оқушылары № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманы алады.»;

51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«51. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

1) осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген, № 035-1/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

2) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты;

3) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы
№ 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 4991 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушының сабақ үлгерімі туралы табелінің (бұдан әрі - табел) телнұсқасы және көшірмесі. Табельдің түпнұсқасы оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп директорының қолымен және мөрімен расталады.»;

54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«54. Білім алушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер шетелдегі оқуы біткеннен кейін Қазақстан Республикасының мектептерінде 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан өтеді.

Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін мектептегі комиссияның шешімімен бұл бітірушілер "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарларының инвариантты компонентінің пәндері бойынша шетелде оқымаған пәндерінен аттестаттаудан өтеді.

Қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін оларға шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағаларын есепке ала отырып, № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және сол жақта білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе шетелде 10 (11) және 11 (12) сыныптарында оқитын пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары және қорытынды аттестаттау бойынша "5" бағалары бар түлектерге № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және сол жақта білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ 5-11 (12) сыныптар аралығындағы оқу кезеңінде Қазақстан Республикасында немесе шетелде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары "5" және қорытынды аттестаттаудан "5" деген бағаға өткен түлектерге № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі"белгісі беріледі.»;

58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«58. 9 (10) сыныпта мақалаға, пікірге, эссеге 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебра) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат (физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде – 4 сағат), таңдау пәндеріне – 2 астрономиялық сағат бөлінеді.»;

62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«62. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін білім алушылардың жұмыстарын Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында тексереді.

Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.

Математика (алгебра) пәні бойынша "2" және "5" деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады.

9 (10) сыныпта жұмыстар балл қою схемасына сәйкес тексеріледі .

11 (12) – сыныптағы Эссе екі бағаға, математикадан (алгебра) жазбаша емтихан жұмысы негізгі және жалпы орта білім курсы үшін-бір бағаға бағаланады.

Эссе қорытындысы бойынша орфография және грамматика үшін баға тілдік пәндер бойынша қойылады, мазмұны үшін баға әдебиет бойынша қойылады.

Мектеп бітірушілер қорытынды аттестаттау үшін таңдау пәндері тізбесінен әдебиетті таңдаған жағдайда баға тек осы пән бойынша қойылады.»;

64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«64. Ауызша емтиханда 11 (12) сыныпта жауап дайындау үшін білім алушыға кемінде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билетбойынша сұрақтарға жауап бермесе, Комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда баға 1 балға төмендейді).»;

69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«69. 9 (10), 11 (12) сыныптарда әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихандар, тестілеулер өткеннен кейін Комиссия сол күні білім алушыларға емтихан бағасы мен қорытынды бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріндегі оқу курсының емтихан (тестілеу) және қорытынды бағалардың қағаз және электронды хаттамасына (бұдан әрі – Хаттама) енгізеді. Хаттамаға мектеп Комиссиясының мүшелері қол қояды.»;

71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«71. Білім алушылардың 11 (12) сыныпта ауызша емтиханда алған бағалары оларға осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады.

Білім алушының жазбаша өтінішінің негізінде мектептің Комиссиясы төрағасының қатысуымен оған жазба жұмыстарын тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.»;

73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«73. 9 (10) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде төмендегілерді басшылыққа алу керек:

Қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шкала бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шкала бойынша) 60°-40° пайыздық көрсеткіште қойылады.

Қорытынды бағаны дөңгелектеу ең жақын бүтіндікке қарай жүргізіледі.»;

11(12) сыныптарда пән бойынша қорытынды бағаларды шығарған кезде келесі ережелерді басшылыққа алу қажет:

1) пән бойынша қорытынды баға ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жартыжылдық) бағаларын есепке ала отырып, жылдық және емтихан негізінде анықталады ("4" немесе " 5");

2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған кезінде оң қорытынды баға қойылмайды;

3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары қойылмайды;

4) Егер 11(12) сыныптарда инварианттық компоненттің тереңдетілген және стандартты деңгейлерінің пәндері таңдалмаған жағдайда, жалпы орта білім туралы аттестатқа осы пәндер бойынша 9-сыныпта алған қорытынды бағалары қойылады.»

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Н. Қабимолдаева) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3)  осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                       А. Аймағамбетов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1111


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст