«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қимыл қозғалыс ойындары

09.07.2019

Қимыл қозғалыс ойындары

«Соқыр теке» ойыны 
Ойынның шарты:
 Ойнашылар шеңбер жасап, ортасына «теке» қойып, көзін байлап жатқанда, олөлең айтады.

Әй! Қараңғада көзім жоқ

Тілім кетсе сөзім жоқ,

Маған жақын келіңдер

Бір қыз ұстап беріңдер 
«Текенің» көзін байлаған кезде, ызаландырып отырып өлең айтады. 
Соқыр, соқыр-соқырақ

Өз көзіңе топырақ

Топырағым алайын

Ал ұстап көр батырын

Міне келе жатырмын! 
Осы кезде ойыншының біреуі «ткені» итереді, ол сол кезде оны ұстап алуы керек, ұсталған адам «теке» болып, жаңа «текені» ұстауға тырысады. Ойын осылай жалғаса береді. 

Ақ серек, көк серек 
Ойынның шартты: Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30-40 метірдей жерде бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Көз қатар қол ұстасып тізіліп тұрады. Жеребе бойынша ойында бастаған топтың балалары әндете өлең айтады.

-Ақ серек,көк серек

Бізден саған кім керек?...

Екінші топтағылар бір ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығыпекпін дегі жүгіріп келеді де қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады.Келесі кезекті ойынды екінші топ әлгі әдіспен бастайды. Осылайша ойыын жалғаса береді. Қайтоп өз ойыншыларынан айырылып қалса жеңілген болып есептеледі.

«Шеңбердегі допты тасу» ойыны.

Ойын шарты:екі топтың ойыншылары кезекпен бір шеңберден екінші шеңберге доптарды кедергілер арқылы тасыйды.

Кызыл жалау.

Ойын шарты: «Бұл ойын жазды күні, кең жазықта ойналады. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50-60 метр, көлденеңі 25-30 метрден  кем  болмайды.  Сол  жазық  алаңның  бір  шетіне  шағын  дөңгелек шеңбер  сызылады  да,  ішіне құм  түйілген ақ  шүберек қойылады.  Алаңның  екінші шетінен де  сондай сызық сызылып, оны  көмбе деп белгілейді. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы сызықта  сан  құрып  тұрады.  Ойынды  жүргізу  үшін  екі  топқа  ортақ  бір  басқарушы  тағайындалады.

Орамал  жатқан  және  көмбе  етіп  белгіленген  жерде  екі  ойыншы  бақылаушы  болып  тұрады. Басқарушының  берген  белгісі  бойынша  ойын  басталады.  Әр  топтың ойыншысы  құм  түйілген  шүбе-рекке  бұрын  жетіп,  оны  көмбеге  жеткізуге  тырысады.  Топтың  қалған  ойыншылары  оған  көмекке келеді. Ал қарсы топ, одан шүберекті алып, өздері апаруға тырысады. Қызу тартыс басталады. Ойынға қатысушылар айла-амал қолданып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобының көмбеге бұрын

әкелуін  қарастырады.  Бірақ  белгіленген  межелі  жерден  шығуға  болмайды.  Көмбеге  белгіленген мерзімде  жеткізген  ойыншы  ұпайды  көбірек  алады.  Ойынға  допты  да  пайдалануға  болады.  Ойын жастардың  дене  күшін,  жүгіру  қабілетін  жетілдіріп,  денелерін  шыңдап,  денсаулықтарын  жақсарта түседі

 

 

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст