«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дәуірдің жарық жұлдызы

11.02.2022

 

Дәуірдің  жарық жұлдызы

         Қазақ халқында текті туған, ғұмырын ізгілікке арнап, ел дамуы жолында ат салысқан азаматтар жетіп артылады. Шоқтығы биік тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынов десек, артық айтпағанымыз болар. Саналы ғұмырын сауат ашуға арнап, қарапайым  халықтың көзін ашуға ұмтылған жан, қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы екені мәлім. Өзінің өткір тілді өлеңдері, жыр-жинақтары арқылы халқының құлағына маса болып ызылдап, ұйықтап жатқан халықты оятуға талпынған, жанды жерінен шағып, болашаққа зер салуды насихаттайды. Қазақ қоғамында оқу саласына ерен еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынов, араб жазуы негізінде жасалған тұңғыш әліпбидің дүниеге келуіне түрткі болды. Өзінің қолға алған жобасы негізінде, топ алдына шығып, баяндама жасаған сәтте, ағартушы ғалым: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не қазақша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп айтқан болатын. Кіріктірілген сөздер, әріптердің балаларды оқып, игеруіне қиындық тудыратындықтан, барынша жеңілдетілген, тілге оңай екендігін алға тартып, «Оқу құралы» қазақ әліпбиінің баспада жарияланып, қазақ балалардың қолына тиіп, көзін ашуға өз ықпалын тигізді. Аталмыш оқулық әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоймай, құнды дүниелер ретінде бағалануда. Айта кетейік, қазіргі біздің білім беру жүйесінде талай жылдар бойы қолданыста болып, кейінгі жылдары өзгеріске енген «әліппе» оқулығы да биыл жанданып, қайта шәкірттердің қолына табысталатын болды. Оның алғашқы бетінде, Ахмет Байтұрсыновтың болуы да бекер емес.

         Жалпы, өзі жазылған өмірбаянда ол: «...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым», деген болатын. Талай жылдық зерттеу, тынымсыз еңбек, алға қойған мақсаттың арқасында ғалым өзінің тырнақалды туындысын көпшілікке ұсынып, жемісті нәтижесі көп уақыт өтпей-ақ байқала бастады.

         «Тіл құрал» қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Ол жерде тек жазылу, оқылу емлесі ғана көрсетіліп қоймай, нақты дәлелдермен анықтамалар, грамматика, терминдер кеңінен қарастырылған. Мысалы, бүгінгі күнге дейін қолданыстан түспей келе жатқан зат есмі, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа,   т.б. көптеген терминдерге түсінікті түрде анықтама беріп, сауат  ашуға негіз болған. Әрине, бастапқыда балалар үшін бұл ұғымдар құлаққа түрпідей тигенімен, уақыт өте келе, сөйлемдердің құралу барысы, талдау жүйесіне бірізділік қалыптасып, әр бөлшекке мән беру нақты түрде жүзеге асырылды.

Талай жанның өміріне шуақ болып шашылып, талай жанның шамшырағын жағуға ықпал еткен азамат, тек білім саласында орасан тер төгіп қана қоймай, баспа саласының дамуына да үлкен көмегін тигізді. Тұңғыш, жалпыұлттық «Қазақ» газетінің жарыққа шығуына түрткі болған, дәл осы Ахмет Байтұрсынов болатын. Саясаттан хабар-ошар тарапын, халықпен тікелей байланыс орнатқан басылым адамдарды үнемі білімге де үгіттеп отырды.

Оған қоса, нар тұлға Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде тарихтан жақсы таныс. Тіпті, отаршылықтың отты лебі оның отбасына да өз кесірін тигізіп, қазақтың текті ұлына жала да жабылды. Әрине, ұлттың ұранын ұлықтаған жанды Патша үкіметі аса жақтыра қоймағаны анық. Алайда, қазақ үшін, Ахмет Байтұрсынов қашан да, биік тұғырдағы, төбемізге көтеретін ұлт ұлы екенін қанша ғасыр өтсе де дәріптеп өтпек.

Тілі таза, намысы өжет, текті тұлға қашан да ұрпақтардың ықыласына бөленіп жүре бермек. Тұңғыш ұстаз, ағартушы, ұлт жанашыры, мемлекет қайраткері, ақын, аудармашы, нар тұлға. Осындай игі қасиеттердің бәрін бір бойына ғана сіңіре білген абзал азамат, Ахмет Байтұсынұлы!

 

 

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

                                                   Алмагамбетова Актолкын Нуралиевна

Просмотров: 1347


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст