«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Эссе. Мұғалім – болашақтың білім нәрін себуші

16.11.2018

Эссе.

Мұғалім – болашақтың білім нәрін себуші

    

     Мектепке

алғаш қадам басқан сәтімде қолымнан жетектеп, алғашқы партаға отырғызған

ұстазым мәңгі көз алдымда күні кеше болған сияқты қалып қойды. Ол кезде ұстаз

мен үшін аспандағы ай мен күн, ештеңе тең келмес өзінен білім нәрін шуақ қып

шашатын мектептің кішкентай күні секілді. Оның ақ жүрегінен шыққан әр бір сөзі

мен үшін заң болатын. Ұстазымның әрбір сөзін, әрбір қолпаштаған, мадақтаған

сәттерінде төбем көкке екі елі жетпей іштей қатты қуанатынмын. Оның жүріс -

тұрысы, көзәйнекті мұрнының ұшына киіп алып, көзінің үстінен бізге қарап сабақ

түсіндіргені бәрі - бәрі әлі күнге дейін көз алдымда. Үйге келген соң ұстазыма

еліктеп, көзәйнекті мұрнымның ұшына киіп алып, үйдегі інімді, сіңлімді

отырғызып қойып сабақ өтетінмін, кейде теледидардағы диктор болып кітапты оқып

беретінмін. Мұғалім атаулының барлығын өте таза жүретін, үйінде де, басқа

жерлерде де костюм - юбкада жүруші деп ойлайтынмын, оларға қарап қызығатынмын.

Мектептегі ұстазыма деген еліктеушілігім мені ұстаздық жолын таңдауыма алып

келді. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін бұл кәсіптің маманы болғаныма он сегіз

жыл болыпты. Осы жылдар ішінде әріптестеріммен бірге қаншама түлектердің

қанатын қатайтып, олардың өмірге қарай басқан қадамына жол көрсетіп, білім нәрімен

сусындаттық.

    Бүгінгі өскелең ұрпақ өмір сүріп

отырған уақыт өткен буын заманына мүлдем ұқсамайды. Бұл ерекшелік бала

болашағының, оның жаңа ұғымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, бүкіл ғұмыр

бойында өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты. Соңғы

кездері әріптестеріме мына уәжді көп айтатынмын. Не мен сабақ түсіндіре

алмаймын, не біздің қолданып жүрген әдіс тәсіліміз ескірді ме? Оқушы неге сабақ

оқымайды? Бұрынғы оқытқан сыныптарымыз біздің ымымызды түсіне қоятын еді ғой.

Оқушы партада да отырғысы келмей жыбырлай беретін болған. Бұл сөздерімді

әріптестерім де қолдайтын. Өзімнің оқытқан сабағыма өзімнің көңілім толмайтын.

Балаға тәрбие мен білімді дұрыс жеткізе алдым ба? – деген ой мені көп

мазалайтын. Осы ой жетегінде жүргенде аяқ астынан үш айлық курсқа оқуға бардым.

Курсқа барғанша бізді неге сонша үш айлап оқытпақ, ол жерде не үйретеді екен

деген қызығушылық болды. Ол жерде Кембридж университетінің қолданған жаңаша

оқыту әдіс - тәсілдерін үйрендік. Cабақ жоспарлары біздікінен өзгеше, ұзақ

мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспар жазуды үйрендік. Сабақ өту әдіс

- тәсілдері де өзгеше. Ең бірінші орында тәрбие, әдептілік сабақ басында

көрсетіледі. 

    Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір -

біріне жақсы тілек тілеп, соң топқа бөлінеді. Сабақтың жүрісі де, өзгеше,

мұғалім сабақ түсіндірмейді, оқушы сол күнгі тақырыпты сыныпта өз бетінше

үйреніп, тобымен ақылдасып, ұйымшылдықпен білгенін бір - біріне үйретіп, содан

нәтиже шығарып, постер қорғайды. Бұл жерде білім беру мен қатар тәрбие жүреді.

Баланы сабақ кезеңінде ұйымшылдыққа, бір - бірінің айтқанын тыңдауға,

әдептілікке, көпшілдікке баулимыз. Бала өз ойын еркін жеткізіп, партада қадалып

отырмай, қайта - қайта топқа бөлініп барлық уақытта қозғалыста болады, ойын

ойнайды, бірін - бірі бағалайды, сабақтан алған әсерін стикерге жазып кері

байланыс жасайды, мұғалім сол кері байланыстан нәтиже шығарып отырады. Бұл

жаңаша әдіс тәсілмен сабақ өтуді ата - аналарыммен де бірге өткізіп көрдім.

Оларға бұл тәсілдің ұнағандығын кері байланыс жасау арқылы білдім.

     Жас ұрпаққа жаңаша білім беру

жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды шығармашыл

тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы.

Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз

ұрпағын, оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістерін, тәжірибелерін

жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен

дамыту жалғаса бермек.

Оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін сабақта кең қолдану бүгінгі күннің талабы

болып отыр. Ол үшін мұғалімде педагогикалық ұстаным мықты болу керек.

Мен өзімнің педагогикалық еңбегімнің әр күнін, әр сағатын сапалы білім беруді,

саналы тәрбиеге баулуды мақсат етіп қойдым.

       Сынып жетекшісі тәрбие арқылы

баланың түрлі іс - әрекеттерін тиімді етіп, оның дамуына қажетті материалдарды

іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады.

Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой - өрісі кеңейеді,

эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы артады.

     Мұғалім – болашақтың білім нәрін

себушісі. Бүгінгі қоғамда мұғалім беделін көтеру басты мақсаттардың бірі болып

отыр. Қазіргі кейбір ата - ана көзқарасымен қарасақ, мұғалім ақша жинаушы,

сабағын дұрыс оқытпайтын, баласы тентек болып бір нәрсе бүлдірсе де соған

мұғалімді кіналайтын болып алдық. Осындай жат қылықтарды мектеп өмірінен

аластау үшін мұғалімнің ерен еңбегі мен төзімділігі, сауаттылығы,

еңбексүйгіштігі, мықты ұстанымы керек. Сонда ғана біз мұғалім беделін көтере

аламыз деп ойлаймын.

Мен– қазіргі заман педагогі  ретінде өзім де заманауи әдіс­тәсілдерден құралақан

болмауым керек деп санаймын. Қазіргі мектепке қойылатын талапты ғана біліп

қоймай, түсінуім де қажет, қолдануым да,үйретуім де керек.  Заман  

ағымынан қалып кетпеу үшін, көшбасшылық міндетті лайықты   орындау үшін кәсіби білімімді үнемі шыңдап

отыру қажеттілігінтүсінемін.Сондықтан тәрбиеші ұстаз  ретінде оқушыларымыздың жан-жақты білім алуы

мен мәдени дамуына, балауса өнерлерін шыңдауға көп көңіл бөлемін.Ойымды қорыта

келе, әр үйдің үміті болған шәкіртеріңнің жан шырағын жаға білсең, нағыз адам

етіп тәрбиелей білсең, жүрегіне ұлтына деген қасиетті ұғымды ұялатып, Абай

атамыз айтқандай, толық адам тұлғасын қалыптастыра алсаң, міне,  нағыз заманауи ұстаздық мұрат- мақсатың — осы

болмақ…

Просмотров: 1961


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст