Күні:12.11.2018 пәні: дүниетану 4сынып
Тақырыбы: Қара металл кендері.
Мақсаты:
1. Пайдалы
қазбалар, кенді пайдалы қазбалар, қара металл кендері туралы түсіндіру.
2.Ой-өрісін,
тіл байлығы, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.
Ел байлығын босқа ысырап етпеуге, туған жерін мақтан етуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдісі:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер,
темір, күміс. алтын, көмір, қорғасын, алюминий, болат.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,
түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару ( смайликтер арқылы оқушылардың сабаққа деген көңіл- күйін
білу )
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
кезеңі:
Географиялық диктант.(әр
пайдалы қазбалардың атауының орнына, шартты белгілерін қойып отырады.) (Жеке жұмыс)
Бекіту кезеңі
Падалы қазбалар дегеніміз не?
Кенді байыту дегеніміз не?
Кенді пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?
ІІІ.Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,
мақсатын хабарлау
Қара
металл кендері.
ІV. Жаңа материалды түсіндіру
кезеңі:
-Пайдалы
қазба деген не?
Ойланып есімізге түсірейік.
Олар
қандай топтарға бөлінеді?
Кенді
пайдалы қазбаларға темір, мыс, қорғасын, алтын, алюминий,
никель және т.б.кендер жатады.
Металл
мен олардың қоспалары алынатын тау
жыныстары кен деп аталады.Ал кенді
байыту дегеніміз кенді бос тау жыныстарынан бөліп алу. Металдар қара және түсті
металдар болып бөлінеді.
Сарамандық жұмыс.
Бірнеше
қолда бар металл түрлерін магнитке жақындатып көрейік. Не байқадық?
Металдардың
кейбірі магнитке жабысады, ал кейбірі магнитке жабыспайды.
Магнитке
жабысқан металдар қара металл, ал жабыспағаны түсті металл.
Қара
металл түрлеріне тоқталсақ, қара металл кендерінен көбінесе темір қорытылады.
Дүние
жүзі бойынша өндірілетін металдың 95% темір үлесіне тиеді.
Шойын
мен болаттың түсіне қарай қара металл деп атап кеткен. Қара металл ішіндегі
бастылары—магнитті теміртас, қоңыр және қызыл теміртас… Негізгі қорытылып
алынатын заты темір болғандықтан бәрін темір кені деп атайды. Ол картада
қара үшбұрыш түрінде белгіленеді.Оны ашық әдіспен де, шахталық әдіспен де
өндіреді. Темір кені жер қойнауында түрлі тереңдікте кездеседі. Өндірілген кен
металл қорытатын домна пештеріне жіберіліп, шойын қорытады. Шойынды басқа
арнаулы пеште балқыту арқылы болат алынады.
Еліміздегі
барланған темір кені қорының 90 проценті Қостанай мен Атасу аймағында
шоғырланған.Олардың ең ірісі Соколов-Сарыбай. Темір кен орны — Қостанай облысы Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км жерде
орналасқан. Кен орнын 1949
жылы ұшқыш М.Г. Сургутанов ашқан. 1949-1956 жылдары
геолологиялық-геофизикалық жағынан барланып, 1965
жылы қорының шамасы бекітілген. 1961
жылдан пайдаланылып келеді.
Слайд
Видиео
көрсету ( Елбасы жолы)
Оқулықпен жұмыс. Өз беттерінше
іштей оқыту.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа
райын жазу.
Қара
металдарды және түсті металдарды топтап жазу.(магнит арқылы тексерген бойынша)
Сергіту сәті
Ү.Сабақты қорыту:
Венн
диаграммасы (топтық жұмыс) ( қара металл, түсті металл)
VI. Бекіту кезеңі:
Темірдің ұлы
құпиясы. Видиео көрсету
VII. Үйге
тапсырма беру кезеңі 28- бет оқу,
мазмұндау.
Дәптерге қандай әдіспен өндірілетінін жазу, бос
орнына қандай жұмыстар жүргізетін едік?
Бағалау. ( Смаилик арқылы)
Рефлексия ( Сабақтан алған әсерлерін жазу)