«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сочинение "Имандылық және денсаулық "

14.11.2018

Имандылық және денсаулық

         Біреулер денсаулықты әсемдікпен, әдемілікпен

байланыстырады. Енді біреулер үшін денсаулық — күш-қуат, ерік-жігер, салауатты ой

сана. Тағы бір топ ағзадағы сырқат белгілерін айта бастайды. Шындығында, біздің

денсаулығымыз қоршаған ортамызға, тыныс-тіршілігімізге тікелей байланысты. Бірақ

денсаулықтың нағыз анықтамасы қандай екені осы шығарма бойынша түсіндіріп өткім

келеді.

       Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының

жарғысында «Денсаулық — физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның

физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды

белсенділігі» ретінде түсіндіріледі. Бірақ, бұл менің ойымша, келешекке

бағытталған деп ойлаймын.

       Қазақ халқы дұрыс айтқан: «Бірінші

байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық». Біздің

зерттеуіміз бойынша, Қазақстанда, мысалы, абсолютті 100% дені сау адам жоқ. Халықтың

20%-ы салыстырмалы түрде ғана дені сау деп айта аламыз. Бірақ қатты күйзеліс, қатерлі

факторлар әсер ететін болса, олар бұл санаттан шығып қалуы мүмкін. Денсаулығына деген қажеттілік әр жаста әртүрлі көрініс береді. Жаңа туған балаға ананың сүті, жәй ғана мұқтаждық емес, денсаулығының негізгі көзі болса, кейін бала өсе келе оның орнын толықтыру үшін тағам рационынан басқа құндылықтарды керек етеді. Мысалы, май қосылған тамақтар, белок дүниесі, сосын жеңіл кәдімгі тағамдар молырақ болуы керек. Денсаулығы жақсы болуы үшін, ортасына лайық болуы үшін,

мысалы, отырып жұмыс істейтін ғалымдар, мұғалімдер, дәргерлердің энергия жұмсау

мөлшері аз болғандықтан, тамақтың сапасын да басқаша көріністе беріп отырады. Сондықтан,

адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек, өзін-өзі күте білуі керек,

өзін-өзі жақсы көруі керек. Денсаулық, салауаттылық санадан бастау алады.

      Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес,

ұлтымыздың да ұлы игілігі. Соны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға

ұмтылайық! Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді

бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің адамгершілігімен,қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды- мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды-мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келеді. Адамгершілік – адамның рухани арқауы болып табылады.

       Енді имандылық жайында сөз қозғайтын

болсам: жастарды үйде де, түзде де имандылық пен адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудің халықтық сан алуан әдіс-тәсілдердің бірі. Олардың бәріне тоқтала бермей, бірен-саранына сипаттама беруді ұйғардым.  Имандылық дегенде адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділікке тәрбиелеудің синонимі ретінде пайдалану байқалады. Әрине, имандылық бұлардан алыс емес, керісінше осыларды жүзеге асырудың сара жолы деп қараған жөн сияқты.

        Имандылық үлкенді сыйлау, ар-ұят,

ожданды білу, инабатты болу осы тәрбиеден басталады. Өйткені ар – ұят, ождан – иманның кілті. Имандылыққа деген ұмтылыс адам бойындағы табиғи құбылыс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с): «Имандылық негізін жетпіс немесе алпыс тармақтан тұрады. Оның ең әлсізі жолдан зиянды нәрсені алып тастау. Ал күнәға барудан ұялу ол имандылықтың бір бөлігі» - деп бұйырған екен. Хадистің мағынасын тереңдеп түсініп, мұсылман қазақ еліне ислами тәлім – тәрбиені насихаттау қызметін атқарған данышпан Абай Құнанбайұлының 38 – ші қара сөзінде: «Имандылық тек сену ғана емес, әділдікті арттыру мен әділетті іс істеу, ынсап, ұят бұл қабілеттен шығады» - деп жазуы да бекер емес.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с)-ның хадистерінен халқымызға уағыздап, тәрбиеге шақыру үшін болатын. Халық арасында сақталған бір шумақта:

Десе де таң атпаймын күн қоймайды,

Қуалап өтірікті шын қоймайды.

Құйрығы арамзаның бірақ тұтам,

Түбінде арамзалар дым болмайды.

- деп көрсеткендей өзімізге зияны тисе де шын сөйлеу керекпіз. Бұл турасында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) «Ойы арам, айлакер, сөзінде тұрмайтын жандар тозақтың отына күйеді» - деп бұйырған болатын. Әрдайым адам шыншыл болса, адал еңбекпен мал тауып, адал

жесе, жақсылармен жолдас болып, ілім үйренсе, мейірімді де қайырымды болса,

үнемі көңілді де пәк жүрсе, міне сонда ғана мұсылмандық бес парыздың ең басты

сенімі калимаға – тіл келтіріп, имандылықты өтегені болады. Иманның басы – сенім, ал иманның тәні – бес уақыт намаз, жүрегі – Құран, күмбезі – ықылас, ниет, тілек. Иманның сөзі – Аллаһты еске алу, нұры – шындық, хақ сөйлеу, дәмі – пәктік, жемісі – ораза тұту, жапырағы – тақуалық, дәрісі – ар, ұят екенін баршамыз естен шығармауымыз қажет.  Иман төрт жерде сақталады: көңілде, жүректе, көкіректе және тәнде. Ал ұят – көзде, бетте, санада сақталады. Осыған байланысты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с): «Ислам нақты, яғни көзге көрнекті. Ал иман – адамның жадында яғни көзге көрінбейді, жасырын тұрады» - деп бұйырған.

Жалпы еліміздің

жастарын  имандылыққа тәрбиелеу негізінде отбасынан басталады. Сондықтан ата – ананың тәрбиесі

бала мінезінің ірге тасы. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - деп түйіндейді

халық даналығы. Сондықтан жастайынан бойға сіңген мінез басқа бір зор күш

әсерінен болмаса, есейгенде де сақталады. «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді»

- деген мақал, ең алдымен тәрбие мәселесіне қаншалықты терең  мән берілетінін

көрсетеді. Тәрбиелік мәні де, философиялық салмағы да мол қазақтың осы

мақалынан ой тарқатар болсақ, бауырындағы балапанына жөн-жосық, өнеге көрсете

алмаған ата-ана уысынан баланың қалай шығып кеткенін байқамай да қалады. Өмірді

көруге, білуге құштар жас басқа бағытты, басқа құндылықты тез қабылдайды.

Сондықтан баланы дұрыс қадағалап тәрбие беру аса маңызды. Шығарма жұмысын қорыта айтқанда, қоғамда

әдеп – инабат нормаларының терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы

орасан зор. Сондықтан да  Н.Өсерұлының

«Мұсылмандық қағидалары» атты кітабында былай деп жазылған болатын:

      Ей

пенделер!  Ғафыл қалмаңдар. Мейлің кәрі, мейлің жас, мейлің әйел, мейлің

еркек, мейлің надан, мейлің білгір, мейлің бай, мейлің кедей, мейлің ауру,

мейлің сау болыңдар, бәрібір топырақтан жаралғаннан соң ерте ме, кеш пе әйтеуір

сол топырақтан жерге қайтіп кіреміз. Одан құтылудың ылажы жоқ. О дүниедегі

азаптан құтқаратын жалғыз шамшырақ – иманды болу деген екен. Сондықтан жүрегімізде иман, деніміз сау

болып, он екі мүшеміз аман болсын дегім келеді. Мықты денсаулық- мықты елдің кепілі болмақ!!!

 

Просмотров: 756


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст