«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақын Қарсақ Қопабайұлы

01.10.2018

Ақын Қарсақ

Қопабайұлы

 Қарсақ Қопабайұлы(1886 – 1974) – жырау, халық өнерпазы. Ақын 1916 жылғы ұлт-азаттық күресті

шын ықыласымен қолдап, Қызылқұмнан хат, Амангелді жиынында деген

жыр-толғауларын шығарған. Қ-тың Қайран ел, Шырқа әнім, Желдірме атты әндері

халық арасына кен тараған. Баубек батыр «итжекенге»  айдалып, елдің ереуілі басылып, жергілікті

халық орыстың озбырлығына  бас иіп, атамекенді даулаудан гөрі күн көрістің

қайғысына  мойынсұна  бастағанда Есілдің өн бойын дүрілдеткен асылдың

сынығы,ерке ұл – Қарсақ ақын дүниеге келген. Ақын Қарсақ  кедей

шаруа  жанұясынан шыққан. Жас кезінен өлең мен жырға әуес болған ақын

бертін келе  сырнаймен  қосылып  ән айтуға  машықтанып, өз

шығармаларын әнмен орындаған. Ауыл молдаларынан оқып, хат таниды. Жиырма

жасында:

                      

                                

Атандым ақын Қарсақ бала жастан,

                                  Құрбым жоқ

қатарымда менен асқан.

                                 

Жиырылып қанша халық келсе дағы

                                 

Өлеңді зулатамын тоқтамастан, -

                                

Жиырма, жиырма беске келгенінде

                                

Жігіт пе жақсы атаққа тағылмаған?!

 

 деген

өзінің дауылпаз жырымен елгі танылған Қарсақ та Баубектің  аталасы

Қарауылдың  бір тармағы Орақ әулетінен  еді.  Қарсақ

ақынның  да жастайынан  көкірегін көрікті ой, күмбірлеген күй,

айшықты сөз буып, ел мен жер иесі қазақтарды үнемі менсінбейтін мінез

танытатын  жан-жағындағы көшпенділер, өзге ұлт өкілдерімен дәм тұзы жараса

алмады.  Қазақдесе қаны қайнап, жағы суалатын Қарсақ ақын Баубек Түменге

айдалып, Тауасар, қараматы, Жанайдар батырлар дүние кешіп, азамат бастар

арлан   қазақ қалмағын қиын-қыстау сәтте 1912 жылы бір күнде Есіл бойындағы

40 үйді соңына ертіп, Жиделібайсын іздеп, сыр бойына, Бұқар асып кеткен.      

   

Ауық-ауық үзілді –кесілді көшіп қонып, аялдай жүріп, сыр бойына жеткен Қарсақ

мұнда жыр дүлдүлі нартай Бекжанұлымен танысып оралған  қарсақ Державин

ауданындағы Есілдің Далабай  қойнауына өзінің  туған жері 

қазіргі  «Далабай»  ауылына  тұрақты орналасады.

Жасынан Орта

Азия мен Қазақстанның  оңтүстігін  көктей шарлап жыр айтқан, ән

салғаг  Қарсақ Қопабайұлы  бүгінгі Ақмола, Қостанай, Жезқазған, 

Қарағанды  облыстарын түгел  ардақтаған ақын.  Топқа түсіп, топ

жарып, айтысқа түсіп талай рет жүлде алған.

        

Ақын  шығармалары  көркем, жинақы. Қарсақ Қопабаев ұзақ 

жылдар  өзінің туып өскен  жерінде тұрып, 1974 жылы қыркүйек айында

дүние салған.

 Кен

негізгі мектебінде тілдер күнінің онкүндіге байланыста іс-шара өтті. 12

қыркүйек күні  Ақын Қопабайұлы Қарсақтың

естелік кеші  5-9 сыныптар арасында

Қарсақ ақының өмірі жайлы, Далабай ауылдындағы музейі, өлеңдері жайлы мағұлмат

беріп, оқушыларды бойына патриоттық сезімдерін оятып,  өз ойларын ортаға салды. Аддағы уақытта

Далабай ауылына барып Қарсак ақынның музейін көреміз деп шештік.

Просмотров: 687


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст