«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЛАТЫН ӘРПІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

01.10.2018

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

«Кен негізгі жалпы

білім беру мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

 

 

ЛАТЫН ӘРПІНЕ КӨШУ – ЗАМАН

ТАЛАБЫ

 

Дайындаған:

 

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі:

Мажиманов С.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЛАТЫН ӘРПІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

       Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы

жиырма жылда көтеріліп, соның он жылында қызу талқыланып келеді. «Латын әрпіне көшу

– қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік»- деген Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп , оның шынында да , қазіргі қоғамға

тигізер ықпалы туралы ойлануымыз қажет.

      Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден

бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы

мен зияны туралы бірталай пікірталастар туындай бастады.

      Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу

әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе болып табылады.

Халықаралық деңгейде ойлайтын ойшылдарымыз бен ұлттың нағыз жанашырлары латынға

көшуді дәріптесе, кейбір зиялылар қауымы тарихтың бұл үрдісіне әліге дейін қарсы

болып келеді.

Қазіргі

уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да

заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен

санасуымыз керек.

     «Бұл үдеріс жақсы дайындықты және ойластырылып

жүргізілуді қажет етеді. Осы орайда, XX ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі

әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз жөн.

Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы

жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік

комиссия құрамыз,» - деді Нұрсұлтан  Назарбаев. Біз қазақ тілінің мәртебесін, қазақ

тілінің тазалығын ойлауымыз қажет! Негізі қазақтың тілі жұмсақ, үнді,

мәдениетті тіл. Кейбір әріптердің анна тіліміздің әуезін бере алмауына байланысты

тілімізөзінің бастапқы қалпын жоғалтып жатыр. Осы орайда біз латын әліпбиіне көшуіміз

керек. Біріншіден, бұл қазақтың тіліне ең жақын әліпби. Екіншіден, біз шетелдегі

отандастарымызды  ұмытпауымыз  керек. Олардың елден  хабар алуы да біраз жеңілдей түседі ,өйткені көп

елдерде осы латын әрпі пайдаланады.Үшіншіден, латын әліпбиін меңгерген жастарымыз

келешекте ағылшын тілін үйренуге бейім болады, сол арқылы әлемдік ақпаратпен сусындай

алады. Мәселен, көрші Өзбекстан елі асығыстау болса да, латын алфавитіне көшті.

Түрік мемлекеті, Әзірбайжан латын әліпбиін пайдаланады. Артықшылығы болмаса,

ешқандай қиындық көріп отырған жоқ.

      Сонымен бұл мәселе бойынша біздер де,

Елбасының айтқан сөзін қолдап, латын алфавитіне көшудің жолдарын қарастыруымыз керек. Сондықтан

бізге ХХІ ғасырдың күллі тынысын бойына сіңірген, жаһандану талабын ескеретін,

жиырма жылдан астам тәуелсіз тарихы бар жаңа тұрпатты Қазақстанның бүгіні мен

болашағын толық бейнелей алатын әліпби қажет.

 

 

 

 

 

 

                                           Латын

әліпбиіне көшудің 5 пайдасы


      Соңғы кезде жаңалықтар

лентасын шулатқан тақырыптың бірі -  латын әліпбиіне көшу. Бұл ұсыныс алғаш

 5 жыл бұрын сөз етілгенде, алынбас қамалдай көрінгені рас. Енді, міне, жаңа

әліпбидің бірнеше нұсқасы ұсынылып, халық арасында кең талқылану үстінде. Өз басым,

бұл ұсынысты толықтай қолдаймын.

Себебі:

1.

Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді.

Кириллица жазуын әлемнің

12 мемлекеті ғана пайдаланады екен.

Ал  дүниежүзі халықтарының

80%-ы осы әліпбиге көшкен.

2.

Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады.

 Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем. Оның үстіне, латын тілі – жаңа технология тілі, ғаламтор тілі. 

3. 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алуы керек.

4. Бүгінде әлемнің әртүкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы айтпаса да түсінікті.

5. Әліпби өзгерту  төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп,  қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді. Бүгінде латын әліпбиі сәнге айналып үлгерді десем, артық айтқандық емес. Әлеуметтік желілерде латын қаріптерімен жазатын жастар жетіп артылады.

      Осы уақытқа дейін ұсынылған әліпбидің бірнеше нұсқасы қазір біршама реттеліп, жөнге келді. Әлі де қосып-алуды, толықтыруды қажет етеді, әрине. Бастысы, халық болып, «біржағадан бас, біржеңнен қолшығарып» жаңашылдыққа қолдау көрсетуіміз қажет деп ойлаймын.   



Просмотров: 501


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст