«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Пришкольная площадка "Айголек"

23.08.2018

Түсінік хат

 

       Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды

мәселенің бірі болып саналады.Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар  мен жасөспірімдердің толық демалуларына ,танып

білу,шығармашылық және қоғамшылыдық белсенділігін арттыруға,балалардың өзін-өзі

ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға,ғылыми,техникалық,көркем

шығармашылық,спорт,саяхат пен өлкетану және басқа  да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен

іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында 1 маусымнан бастап барлық білім

беру мекемелерінде оқушылар үшін жазғы сауықтыру маусымы ашылады.

   

Жазғы демалыс балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін

алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке,өзі үшін қызықты істерді

жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын

кезең.

   

Сондықтан жаз балалардың шығармашылық әлеуметін дамытуға,олардың жеке

басына тән байланыстарын жетілдіру,әлеуметтік дамытуға,олардың жеке басына тән

байланыстарын жетілдіру,әлеуметтік және мәдени білім беру құныдылықтарына

араласу,әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу,өз жоспарларын іс жүзіне

асыру,жеке бас мүдделерін қанағаттандыру,ойын-сауық бойына жиналып қалған

шиеленістен арылу,жұмсалған күшінің орнын толтыру,денсаулын нығайту кезеңі.Жаз

балалардың өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

  

Мектеп лагері-белсенді демалыс аймағы,насихаттық,дидактикалық,сөздік

мектеп әрекетінен өзгеше  әртүрлі

қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізу орны.

  Лагерь

кез келген балаға өзін көрсетуге,өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің

жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді.

   Жазғы

сауықтыру маусымында балалар лагерьлерінің қабылдау дайындығын,өрт

қауіпсіздігін ,санитарлық-гигеналық талаптардың бақылауы мен сақталуын

қамтамасыз етіледі.

    

Лагерде 8 баладан 2 топ құрылды.Мұнда мемлекет қолдауын қажет ететін

отбасы балалары:көп балалы отбасының балалары,толық емес отбасы және жалғыз

басты ана отбасының балалары болды.

    

Тәрбиеші болып тәжірибелері жоғары ұстаздар қызмет етеді.Алға қойған

мақсаттарды жүзеге асыруға,мектеп ішіндегі мына талаптардың болуы қажет:ойын

бөлмесі,спорт алаңы,стадион,кітапхана.

    

Лагердің тәрбие жұмысының негізі болып,бала мен оның тәжірибені жүзеге

асырудағы қызығушығы болып танылады.Лагерьге 

келген әр оқушы өздерін жаңа қырыларынан танытып,сабақта алған

мәліметтерін өмірде қолдана білуге үйренеді.

Бағдарлама кішкентай балалар мен орта мектеп

жасындағы оқушыларға арналған.

Айгөлек» сауықтыру алаңының  негізгі мақсаты:

     

«Айгөлек» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен

жақсылыққа,адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып,оқушылардың жазғы

демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету.

Балалардың жаз мезгіліндегі

демалысын,сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізге жағдайлар жасау, қауіпсіздік

ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени

білімдерін жетілдіру, салт-дәстүрін дамыту; Отансүйгіштік- потриоттық сезімін

арттыру.

 «Айгөлек»

сауықтыру алаңының негізгі міндеттері:

- Лагерьге балалардың уақытымен,толық

келуін қадағалау;

- Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан

түрде өткізу;

- Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік

дене жаттығуларын, қимыл-қозғалыс ойындарын бақылауға алу;

-Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік

ережелерінің сақталуын еске алу,бақылау,

-Лагерь жағдаында бірыңғай тәртіпке

салтанатты жиындар өткізу;

-Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық

қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, сайыстар ұйымдастыру;

-Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық

ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

Лагердің негізгі принциптері:

Балалардың денсаулығы мен өмірінің

қауіпсіздігін, құқығын сақтау;

Жеке қызығушылықтарын сақтап, жеке тұлға

ретінде баланы дамыту;

Жеке басының қиыншылықтарын шешуге  және өзге балалармен тіл табыса білуге

үйрету. Ұжымның өзіндік жұмыс жасау мүмкіндіктерінің құқығы болуы

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст