Түсінік хат.
Балалардың бос уақытының үлкен орның алатын, демалыс, сондықтан демалыстар олар үшін денсаулықты нығайту, шығармашылығын дамыту, жеке қабілеттерін дамыту білім алушылық құндылықтарымен әлеуметтік мәдениетке кіріктіру, әлеуметттік қатынастарға кіру, өз жоспарларын жүзеге асыру жеке бас қызығушылықтарын қанағаттандыру, көңіл көтеру, іс тандауда бостандық болып табылады.«Балдаурен» Кең аулының негізгі орта мектеп балалары үшін білім беру жұмысында тәрбиеленушілердін жеке тұлғасын әр жақты дамыту аймағында логикалық жалғасу ретінде құрылған.
Өз бағыты бойынша қызықты және тартымды ететін кешенді бағдарлама өз алдына бір-бірін толықтыратын бірнеше мақсат қояды: әр түрлі бағытталған сауықтыруды біріктіреді, сауықтыру лагері жағдайында демалу мен тәрбиелеуді ұйымдастырады.Өз ұзақтығы бойынша бағдарлама қысқа мерзімді болып келеді, ауысым – 15 күннің ішінде жүзеге асады.Тәрбиелеушілер балаларды тәрбиелеуде келесі негізгі ойлар мен принциптерді басшылықққа алады:
Сауықтыру;
Барынша табиғи жағдайларды қолдана отырып балаларға қызықты да толық демалыс ұйымдастырады;
Қамқорлық пен көңіл бөлу, сүйіспеншілік пен шыдамдылық, балаларды түсінуге деген талпыныс;
Қызығушылық принципі – оқушылар зерікпеу үшін және іспен айналысуы қажет;
Назар аудару – балалармен жұмыс істеу уақытында олардың тілектерін орындауға тырысу;
Өзімен өзі болу – өздігімен істей алатын істерді , өздері атқару.
Қамқорлық қатынаста қарау – баланы тындай білу, балады үлкен адамды көру, балаға көмек беру және шынайылық білдіру;
Бағдарлама кіші және орта буын балаларына жасалынған , яғни 6- 10 жас аралығы.Қатысушылардың негізгілері болып мектеп оқушылары болып табылады. Балалардың қызығушылығы мен олардың әрі қарай тану қызметін жалғастыруға деген қызығушылығы ескеріледі. Алаңды қаржыландыру ата – аналардың төленген ақшаларынан жүзеге асырылады.
Балалар сауықтыру алаңының жұмысы негізінен тәлімгерлер мен тірбиешілерден қалыптасады.
Жазғы ауысымды өткізу қажеттігі келесі жайлардан туындап отыр:
Жазғы жағдайда оқу үрдісін жалғастыру;
Құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың алдын алу;
Балаларды жазғы уақытта іспен қамту мәселесі;
Оқушылардың денсаулығын бекіту.
Бағдарлама балалардың қызығушылығы мен псилологиялық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалды.
Бағдарламаны жүзеге асыру формасы: мектеп қарамағындағы балаларды сауықтыру мен демалдыру, шығармашылық алаңдар.
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 07.06.2021 – 25.07.2021
Бағдарламаны жүзеге асыру орны: «Кең ауылыныңнегізгі орта мектебі» КММ
Жазғы сауықтыру лагері үшін өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша жадынама.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.
Бағдарламаның мақсаты — педагогикалық ұжым, ата-аналар қоғамдастығы, оқушылар, мектептен тыс ұйымдардың өзара қарым- қатынасы. Оқушылардың жазғы демалысын өткізуі үшін қажетті әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық жағдайларды қамтамасыз ету. Әркім өз денсаулығына түсінушілікпен қарауы және оларды табиғат сақтау іс- әрекетіне тарту үшін дене сауықтыру жүйесін жасау. Баланың тұлғасын дамыту, дене, психикалық және эмоционалдық денсаулығын бекіту, Қазақстан Республикасы азаматының ең жақсы қасиеттеріне тәрбиелеу.
Бағдарламаның міндеттері:
Әрбір баланы салауатты өмір салтын таңдауға саналы түрде таңдауға тарту;
балаларды сауықтыру және жеке бас гигиенасы дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
оқушылардың бос уақытын қызықты ұйымдастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
оларды спорт жұмысына және мәдени- бұқаралық жұмыстарға тарту жолымен балаларды зияткерлік, денелік дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау;
ұжымдылыққа тәрбиелеу, коммуникативтік білікті, рухани қасиеттерді дамыту.
ойындық сюжет арқылы баланың зияткерлік және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, қозғалыс белсенділігін кеңейту;
практикалық іс- әрекет, қоршаған ортаны тану, бағдар таба алу үшін қажетті шығармашылық ойлау, азаматтық және адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
аз қаржыланған отбасы балаларына жалпыға міндетті оқу қорынан материалдық көмек көрсету (мектеп қарамағындағы және қала сыртындағы лагерьлерге тегін жолдама түрінде).
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
1.Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
2.Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.
3.Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
4. Жазғы сауықтыру алаңының күндіз болу кезіндегі әлеуметтік- психологиялық ахуалын жақсарту;
5. Балалар арасындағы теріс әлеуметтік жайлардың өсу қарқынын төмендету;құқық бұзушылықтың бодырмауы.
6. Компьютермен жұмыс жасауда алғашқы практикалық дағдыларын, , ой-өрісін дамыту.
7.Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру.
Кең ауылының негізгі орта мектебінің мектеп жанындағы «Достық» жазғы сауықтыру лагері
№ |
Тақырыптары |
Уақыты |
1 |
Сәлем, лагерь! |
7.06 |
2 |
Рәміздер күні «Біз бақытты ұланбыз» |
8.06 |
3 |
Денсаулық күні «Денсаулық-зор байлық» |
9.06 |
4 |
Сен дәстүрді білесің бе? |
10.06 |
5 |
Астана тарихы-менің тарихым |
11.06 |
6 |
Кел, билейік! |
14.06 |
7 |
«Кім шебер?!» |
15.06 |
8 |
Кинозал «Менің сүйікті мультфильмім!» |
16.06 |
9 |
Оригами «Қолөнер сайысы»қағазбен жұмыс |
17.06 |
10 |
Жолда жүру ережелерін білеміз бе? |
18.06 |
11 |
Қазақтың тыйым сөздері мен ырымдары |
21.06 |
12 |
Музыкалық сайыс |
22.06 |
13 |
Қазақтың ұлттық ойындары |
23.06 |
14 |
«Менің отбасым»сурет көрмесі |
24.06 |
15 |
Қош бол, лагерь-2021 |
25.06 |
Жауапты:Аужанова Ж.С