«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ырым-тыйым сөздер»

23.05.2018

Тақырыбы:       «Ырым-тыйым сөздер»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының салт

– дәстүрін сақтауға , ырымдар мен тыйым сөздер арқылы жаман әдеттен , теріс

мінезден сақтануға тәрбиелеу.

Тәрбиелік мәні:

Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.

Психологиялық ахуал

“Түсін-мені”

Шарты: Оқушыларға ыммен ырым-тыйым сөздерді

көрсету.Оқушылар қандай ырым-тыйым екенін табу керек.

Кіріспе сөз:Қазақтың тыйым сөзі - ұлттық

тәрбие көзі. Қазақ халқы кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден

аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырған. Қазақ халқының қанына

сіңген тектілігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз

көріністерден, әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы,

яғни бала бойына ертеден сіңірген. Біз сол ата - әжелеріміздің тыйымымен өсіп,

өніп келеміз. Тыйым сөздер ел ішінде өте көп тараған.



Сергіту сәті

Теңселеді ағаштар,

Алдымнан самал еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Биік болып өседі.

 

Мақал-мәтелдерден

ырым –тыйым сөздерді ажырата аласыңба?

Еңбек етсең ерінбей ,

  Тояды қарның

тіленбей.

 * Суға түкірме!

Тізеңді құшақтама!

Бас киімді теппе!

Әдепті бала- арлы бала,

   Әдепсіз

бала-сорлы бала.

Отан үшін  күрес,

елге тиген үлес.

Үйге қарай жүгірме!

“Сөз мәйегі” ойыны

Нанды бір қолмен..............(үзбе)}

 Жағыңды............................(таянба)}

 Су

шашып............................(ойнама)}

 Кемтар адамға....................(күлме)}

 Пышақты шалқасынан........(қойма)}

 Бас киіммен......................... (ойнама)}

 Адамды.................................(айналма)}

 Малды...................................(теппе)}

 Отпен.....................................(ойнама)}

Қорытынды:

Міне, балалар Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі,

яғни қазақ кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп

тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырғанын біз жоғарыда айтқандай. Халқымыздың

қанына сіңген тектілігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз

көріністерден, әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы -,

деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

Просмотров: 1204


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст