«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Дене шынықтыру сабақтарында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

07.03.2025

«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

 

 

Шығармашылық есебі

 

«Дене шынықтыру сабағында спорттық ойындар арқылы  оқушылардың

 дене қозғалыс қасиеттерін қалыптастыру»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетекшісі: Алтынбеков Д.Г.

Дене шынықтыру пәнінің келешек ұрпақ өмірінде алатын орны жас ұрпақты жан-жақты дамыған, ой-өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Демек болашақ азаматтың дені сау, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіріп өсуіне мектептердегі дене шынықтыру пәнінің қосар үлесі зор. Мағжан Жұмабаевтың «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене - жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ, Дене - жанның құралы. Құрал мықты болса иесі де мықты. Сау жан –сау денеде ғана болады»-деген сөзі де бар. Осы сөздерді  есіме сақтап,    оқушылардың жылдамдық, ептілік, төзімділік, шыдамдылық, ұжымшылдық т.б қасиеттерін дамытуына ерекше көңіл бөлінгені дұрыс деп ойлаймын.  Сол себептен оқу барысында жаңа әдіс тәсілдерді, формаларды және ойын технологияларын қолданамын,керекті ақпаратты өз білімімді жетілдіру тақырыбы бойынша:   «Дене шынықтыру сабағында спорттық ойындар арқылы оқушылардың дене қозғалыс қасиеттерін қалыптастыру» арқылы оқып білемін.

Жұмысымның басты мақсаты: «Оқушылардың денсаулықтарын нығайту, балалардың салауатты өмір салтына қарым-қатынасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау, мектебіміздің барлық мүмкіндіктерін қолдана отырып, дені-сау, әлеуметтік – бейімделген физикалық тұрғыда дамыған адамды қалыптастыру».

Оқыту үрдісі келесі міндеттерді шешуге көмектеседі:

  • Физикалық үйлесімді дамуына жәрдемдесу, денсаулығын нығайту;
  • Қозғалыс (шартты және үйлестіру) дағдыларын дамыту;
  • Жеке гигиена туралы білімді негіздерін қалыптастыру, оқу барысында физикалық жаттығулардың денсаулығымыздың негізгі жүйелеріне әсері, ерік-жігер және моральдыққасиеттерін дамыту.

Осы міндеттерді іске асыру үшін инновациялық білім беру технологиясын қолданамын: Біз қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, қабілетті азаматтың өз бетінше ойлауға, шешім қабылдауғажәне оның айналасындағы адамдардың мүдделеріне сәйкес өз қызыметін құруға, дайындау міндеті орта мектепке қойылады. Мәселенің шешілуі оның мектепте жоғарғы деңгейде оқыту және бұл процесс оқушылардың белсенді ойлау қабілетінде болуы мүмкін.

Спорт ойындары 1-4 және 5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми тұтастықпен қатар сабақтастық қатан сақталған. Дене жаттығуларының міндеттері спорт ойындары арқылы шешіледі. Негізгі спорт ойындары: баскетбол, футбол, волейбол. Баскетбол ойыны – ойыншының күшін молайтып ептілік,төзімділік қасиеттерін шындайды. Футбол ойыны – жалдамдықты, күшті, икемділікті, төзімділікті дамытады. Волейбол ойыны – бұлшық еттердің барлық топтарын секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігінің үйлесімді дамуына көмектеседі. Шаңғы және конькимен жүру және жүгіру – күшті дамытуға, салмақты тең ұстап жүруге, көзбен мөлшерлей білуге, ептілікке, табандылыққа, батылдылыққа жаттықтырады. Тоғызқұмалақ, шахмат ойындары өте қызықты әрі күрделі көп ойлануды қажет ететін ойындар.Бұл ойындар адамның терең ойлау жақсы есте сақтау және математикалық қабілеттерін жетілдіреді.

Тоғыз құмалақ ойнау барысы:

 

 

 

 

 

 

 

 

Кең орта   негізгі мектебінде жылдық мектеп жұмыс жоспарының негізінде мұғалімдер, оқушылар, бастауыш сынып бүлдіршіндері арасында спорт түрлерінен сайыстар, ойындар жиі өткізіліп отырады. Бұл сайыстарды өткізудегі мақсатымыз - әр тұлғаны дене тәрбиесіне жақын болуға, спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, бос уақыттарын тиімді пайдалуына мүмкіндік жасау болып табылады. Мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің өткізуімен спорттық ойындардан үйірмелер де жұмыс істейді. Оқушылар әр түрлі спорттық сайыстар мен үйірмеге белсене қатысып отырады. Сонымен қатар біздің оқушыларымыз ауданымызда өтетін барлық жарыстарға белсенді түрде қатысып отырады. Аудандық  тоғызқұмалақ, дойбы, футбол, үстел теннисі сайыстарында орын иеленген оқушыларымыз Айтпай Айзере тоғызқұмалақ 1 орын, Эргашова Сабрина тоғызқұмалақ 1 орын,Айтпай Айым бес асық 3 орын, үстел теннисі Қайыржан Қанат 2 орын, Эргашов Сардорбек үстел теннисі  2 орын, Еслемесова Замира үстел теннисі 2 орын,Советова аружан тоғызқұмалақ 2 орын, Айтпай Айым шахмат 1 орын, Қайыржан Қанат шашки 2 орын, Уахитов Нұрлыбек шашки 2 орын, Елтай Сұңғат шашки 1 орын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қортындылай келгенде дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысқан оқушыларымыз,айналыспаған құрдастарына қарағанда денсаулығы мықты, әр түрлі жаңалықтарды сергек қабылдап ой елегінен өткізуге қабілетті келетіндігі ғылым мен тәжірибеде дәлелденген.Спорт қоғамда жатқылықтармен күресуде, ұжымдық көзқарасты қалыптастыруда белсенді өмірмен жоғары адамгершілік қасиеттерді дамытуға маңызы зор екені белгілі болды. Дене тәрбиесімен айналысқан оқушыларымыз келешекте жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесі және спорт бөліміне А.Ә.Д және туризм салаларына, құқық қорғау органдарына сынақ тапсыру арқылы өз мамандықтарын таңдай алады.

Осы жүргізілген жұмыстарымның нәтижесінде оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызығушылықтары артты. Балалардың қозғалыс дағдылары дамытылды.т Оқу барысында физикалық жаттығулардың дене мүшелерінің негізгі жүйелеріне тигізу әсерін білді. Әр түрлі спорттық сайыстардан жүлделі орындарға ие болды. Сондай ақ балалар өзінің ғана емес, өзгенің де қуанышын бөлісе білуді үйренді. Оқушы – ізденуші тұлға, ұстаз біліктілікке бастар баспалдақ. Өткенге қарап бас иетін, ертеңге қарап білек сыбанатын жеке тұлға қалыптасады.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет:

  1. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-Поиск. 2009ж. №2(2) -Б.262-264.

 

2. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 860


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст