Қазіргі білім беру процесінің мәселелері мен қиындықтары және оларды шешу жолдары
Ұрпақ тәрбиесі – ұлы іс. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұраттың ең бастысы – өзінің ісін өмірін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол болашақтың иелерін жан- жақты жетілген , ақыл-парасаты мол, ғылыми- мәдени өрісі озық етіп тәрбиелеу -ата-ана мен ұстаздардың қоғам алдындағы борышы. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерге жұмыс жасау машығын меңгеруде дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» -деген болатын. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деп Әлфараби бабамыз айтқандай балаға тәрбие беруіміз керек . Қазіргі оқушы жан-жақты, рухани бай тәрбиелі болуы тиіс. Баланың тәрбиесі , адамгершілік қасиеті болмаса құрғақ біліммен одан жеке тұлға қалыптаспайды.
Республикамыздың егемендік алып тіліміздің мәртебеге ие болуына байланысты мектептердің білім беру саласында көптеген оң өзгерістер болып жатқаны баршамызға аян. Тіл мамандарына оқу процесінде оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына әсер ететін жайға көп көңіл бөлу қажет. Себебі: тілі жетік оқушы барлық гуманитарлық пәндерден жақсы нәтиже көрсете алады. Ал тілі дамымаған шәкірт біліп тұрған білімін өз дәрежесінде жеткізе алмай қиналады.
«Тіл дамыту дегеніміз –тілдік норманың жетелу, ширау, даму дәрежесі»-деп түсіндірді тіл ғылымдарының ғалымы М. Балақаев. Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамытқан жөн. Қазақ тілі сабағымда білім алушылардың туындаған қиындықтарын сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазған мақала, эссе, ой толғау, әңгіме, мазмұндама , шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр ұстаздардың білімі мен біліктілігі пәнді меңгерудің әдіс-тәсілін жетік меңгеруі, осы әдіс- тәсілді іс жүзінде тиімді қолдана алуы – бүгінгі күннің талабы. Сондықтан сабағымда қазіргі заман талабына сай жасанды интелект платформасын қолдануға тырысамын. Бұл деген оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Бұл жағдай көбінесе 5-6 сыныптар арасында байқалады. Оқу инемен құдық қазғандай екендігін ескерсек, пәнді меңгерту ұстаздан тамшыдан көл жасағандай үздіксіз ізденісті, үлкен қажыр –қайрат жұмсауды қажет етеді. Осы бағытта « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын пайдалануға болады.
1.Араласып кеткен оқиғалар стратегиясы.
Төле би ,Қазыбек би, Әйтеке би шешендік сөздерін ретте.
- Өгізді өрге салма, қанатың талар, наданға көзіңді салма , сағың сынар.
- Мұның нағыз тұлпарға үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Есекке шатысы бар екен.
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз .
- Бақ- ұзатылған қыз.
- Ал шынайы тұлпар дауысын қызараңдай сыңғырлатып, үзілтіп, әсерлі, қайырып кісінейді.
- Жана үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз.
Төле би:______________________________
Қазыбек би:____________________________
Әйтеке би:____________________________
2. Хат жолдау.
«Менің алыстағы достарым» тарауы бойынша оқыған мәтіндердегі бір кейіпкерге хат жолдау».
_________________________________________________________________________
3. Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру.
Достық туралы сіздің пікіріңіз
Қатты әсер еткен үзінділер
4. Сұрақ қою өлшемі.
Әңгіме бойынша қандай сұрақтар туды ?
_____________________________________________________________
Эссе жазу. Жазылым дағдысы бойынша оқушыларда қиыншылық тудырады. Себебі оқушылар жазба жұмысын жазуда эссенің құрылымын сақтамайды. Ойы анық емес екені анықталады. Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы жүйесіз. Шығармашылық танытуда қателеседі. Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалады. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы қателер (мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) жібереді. Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерге және мағынасына тоқталуға талпынды, бірақ мақсатқа толық сәйкес келеді деп айту қиын.
Мысалы, эссе жазу үшін ойлану керек, ал ол үшін әдеби нақыл сөздер мен мақал - мәтелдер, суреттеулер мен салыстырулар қажет, осы жағдайдың бәрі оқушылардың әдеби кітап оқып, көркем шығармалар жазуына ықпалын тигізіп жатыр. Өз шығармаларына арқау еткен ұлы ғұламалардың нақыл сөздерін тиімді қолдануға әрекеттенуде. Менің ойымнан байқағандарыңыздай, қазіргі күнгі көкейкесті мәселе - оқушылардың әдеби кітаптарды оқымай қоюы деп ойлаймын. Оның себептері, біріншіден уақыттың тапшылығы, оқушының жалқаулығы, шамадан тыс тапсырмалардың көптігі, айналысатын техниканың көптігі т.б. Ал кітап оқыған баланың бойында үлкен өзгерістер пайда болатыны сөзсіз. Белгілі оқиғаларды оқи отырып, оны сезінеді, оған жаны ашиды, мұңаяды, жылайды, күледі, қуанады, оның қалай суреттелетінін өз көзімен көру арқылы жүректен өткізеді. Сонымен бірге бос уақыттары болмайды, сол оқиғаның ішінде өзі болады.Сондықтан оқушыға кітап оқытудың неше түрлі жолдарын қарастыру қажет секілді. Ол үшін мұғалім өлі балық сияқты өзен ағысымен кете бермей, ағынға қарсы жүзе алатын тірі балыққа айналу қажет шығар, сірә. Мұнда айтпақ болғаным, бұрынғы дәстүрлі тәртіппен емес, оқушыларды қазіргі компьютрлік жүйемен кітап оқуға тарту керек сияқты. Яғни әр баланың қабілетіне, жас ерекшеліктеріне сай кітаптарды оқыту үшін сайттарға кіргізіп, сол арқылы оқуға шақыру керек тәрізді. Сонда ғана болашақ ұрпағымыз сауатты сөйлеп, пікірлей алады, өз ойларын еркін жеткізе алатын, тіл байлығы мол, көркем сөз иелері болатынына сенімдімін.
Сабақты әртүрлі әдіс-тәсілдермен, жасанды интелектпен түрлендіріп өткізсек, оқушылырдың білімге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Пәнді меңгерудің сан қырлы әдістемелері мен озық технологияларын дұрыс қолдана білсек, үлкен жетістіктерге жететініміз анық.
Жеңіп алып, жеңіске жетуі де мұғалімдер мен оқушыларды одан әрі ынталандырады.
2024-2025 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы оқушыларымыздың жетістіктерін айтатын болсам;
Аудандық «Ақберен» өнер байқауы
Айтпай Айым 8 сынып оқушысы ІІ орын
Эргашова Сабрина 8 сынып оқушысы ІІ орын
Қазақ тілінен пән олимпиадасына 8 сынып оқушысы Айтпай Айым қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар Айым аудандық Мағжан оқуларына қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ал аудандық Ілияс оқуларына 7 сынып оқушысы Қайсар Санжар ІІІ орынға ие болды. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бастауымен Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Өлең мен сені аялап өтем» атты көркем сөз оқу байқауы өткен болатын. Сол байқауға мектебіміздің 6 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орынға ие болды. 6-сынып оқушысы Молдрахметов Мансур ІІ орын алса, 6-сынып оқушысы Асқар Арайлым алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Қорытындылай келе, көкейде жүрген мәселелерді ортаға сала отырып, жіберіп жатқан қателіктеріміз бен қажеттілік тудырып отырған мәселерді талқыға салып, қазіргі жастардың қанатын сындырып алмайтындай әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, әр оқушының көңіліне жол таба алатындай стратегияларды пайдаланып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлай алатындай, білімдерінің жемісін көре алатындай білім беруге күш салайық демекпін!