«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сақ тайпалары

24.02.2017

Сабақтың тақырыбы: 

§6. Сақ тайпалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі Қазакстан аумағын мекендеген сақ

тайпаларының мекендеген аймағы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы туралы

деректермен таныстыру.

Дамытушылық: Сақтардың кәсібі және шаруашылық жағдайымен

танысу, қола дәуірі тайпаларымен салыстыра отырып, ортақ белгілерін,

айырмашылығын тани білуге, картамен жүмыс істеуге үйрету, ой қорыта білу

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік. Сактарды ержүрек халык ретінде сипаттай

отырып, сақтардың дүниежүзілік өркениетке коскан үлесін анықтау, оқушыларды

отаншылдыкқа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: география, математика, сурет

Көрнекілік:

 1. «Сак дәуірі» картасы.

 2. Плакатқа сызылған «Сак тайпалары» кестесі.

 3. Сактардың өмірі мен түрмысы бейнеленген

суреттер.

 4. Сактар өнер туындыларының суреті.

5. Слайд, семантикалық кесте, домино, ребус

Сабақтың барысы: 

I. Ұйымдастыру кезеңі.

                                  ІІ.

Психологиялық сергіту

ІІІ. Үй тапсырмасы.

 

 

 

1. Тарих сөзі қандай мағынаны білдіреді? (Зерттеу)

2.Тарихи деректер нешеге бөлінеді? 4

3.Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді?3

4.Алғашқы адамдардың құралдары неден жасалған? (тастан)

5.Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі

қалай аталады?(Тобыр)

6.Археология ғылымы нені зерттейді? (Грекше «ертедегі

ғылым»)

7.Ежелгі тас дәуірін қалай атаймыз? ( Палеолит)

8.Алғашқы адамдардың аулаған жануары? (Мамонт, бизон)

9.Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі? (Аң аулау)

10.Қола дәуірінде адамдар нені үйренді? (Мыс пен

қалайының қосындысынан)

 ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.    

Жаңа тақырыптың жоспары:

 1. Сақтар – ежелгі

Қазақстан тұрғындары.

 2. Сақтардың

шаруашылығы.

 Сақтардың тарихын

оқыту барысында   мына міндеттерді

басшылыққа аламын.

 

 Сақ тайпалық одағының кұрылуы, географиялық,

хронологиялық кеңістігі, саяси жағдайы, шаруашылығы, жер иелену ерекшеліктері

туралы жүйелі баяндау қажет. Мысалы: б.з.б. I мыңжылдыкта Жетісудан жөне

Түркістаннан Қара теңіз бойына, Алтай тауларынан Хорезмге дейінгі аймақты «сақ»

атауына ие болған көптеген тайпалар мекендеген. Оқушыларға сақ тайпаларының

жайлаған аумағын картадан көрсетемін. Бұл дәуір тарихи әдебиеттерде «ерте темір

дәуірі», «ерте көшпелілер дәуірі», «сақ дәуірі» деп аталады. Сақтардың кұрамына

көптеген тайпалар кірді. Олардың нақты санын айту мүмкін емес. Сақтар тарихта

көптеген атаулармен белгілі болғандығын айтып, төмендегі кестенің көмегімен

түсіндіріп шығамын.

Сақтар бірнеше

тайпалардан құрылған:

1.     Тиграхауда- Шошақ бөрік

киген сақтар

2.     Парадарайа-  теңіздің арғы жағындағы сақтар

3.     Хаомаварг- хаома сусының

дайындайтын сақтар

1.     Тапсырма. Дикант көп нүктенің

орнына тиісті сөздерді қою

1 тапсырма Көп

 Көшпелілер жер  

және киіз  үйлерде тұрды. Үй іші

заттарды сынбайтын алып жүруге ыңғайлы тері 

материалдарынан жасалды. Қыш ыдыста көшпелі өмірге ыңғайланып жасалды.

Сақ әйелдері

қоғамда өте сыйлы болды. Үйге кірген ұл ең алдымен анасына  содан кейін ғана барып әкесіне  иіліп тағзым еткен. Тайпа көсемін бүкіл тайпа

мүшелері сайлады және ол бас қолбасшы да болды. Әрбір көсем өз тайпасын азық

түлікпен, қарумен қамтамасыз етілуін қадағалайды, тайпа атынан келіссөздер

жүргізеді.

2 тапсырма Домино адасқан әріптерді құрастыру керек

Әйел болса да

жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ (Рим тарихшысы Помпей Трог)

«Шырақ есімді бір

сақ парсыларға қашып барып, өзінің денесін пышақпен  өзі жаралап, өзін зәбір көрген етіп көрсетті»

(Полиэн)

Олар егін екпейді,

сүт ішеді,киімі мен үй малдары мен өмір сүру дағдысы, скифтерге ұқсас, өзеннен

аулайтын балықтарды азық етеді. ( Геродот)

Сергіту сәті

3 тапсырма

Семантикалық кесте

Сақтар

Ақ

Қызыл

Көк сары

Б.з.б.

4-5ғ

Патша

Шығысс

Ирандық

Көшпелі

Шаруа

 

 

 

 

 

 

+

Жауынгер

 

+

 

 

 

 

 

Жерге соқа салушы

 

 

 

 

+

 

 

Абыздар

+

 

 

 

 

 

 

Қауым мүшелері

 

 

+

 

 

 

 

Тілі

 

 

 

 

 

+

 

Алтын киімді адам

 

 

 

+

 

 

 

 

4 тапсырма   Тақырыпты бекіту тест сұрақтары:

1.Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады?    

а) сақтар

ә) массагеттер

б) азиялық скифтер

в) дайлар

2. Парсылар Жетісуды мекендеген сақтарды қалай

атады?

а) сақ-тиграхауда

ә) массагеттер

б) сақ-парадарайа

в) сақ-хаумаварга

3. Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киім киген?

а) патшалар

ә) жауынгерлер

б) абыздар

 в) малшылар

 4. Сақтар туралы алғашқы  жазба деректер қай тарихшының еңбегінде бар?

А) Сыма Цянның                          В) Геродоттың

С) Мұхамед Хайдарды                Д) Ибн Фадланның

5.  «Алтын адам» Қазақтанның қай бөлігінен

табылды?

А) Алматы облысында        В) Оңтүстік Қазақстанда

С) Батыс Қазақстанда        Д) Солтүстік Қазақстанда

Жауабы: 1-а 2-а 3-б 4-в 5-а

 

5 тапсырма Ребус шешу

 

Жауабы: 1Сақ, 2 Ғұн

3Үйсін

Бағалау:

Үйге тапсырма:  5 параграфты окып, такырыптың

соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша дайындалып келу.

 

 

 

 

Просмотров: 1470


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст