«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғылыми жоба

24.02.2017

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

«Кен негізгі жалпы білім беру мектебі» ММ

 

 

 

 

Қазақ тіліндегі тілек – бата

сөздерінің қолданылуы

 

 

Бағыты:

Қазақстанның этномәдени ескерткіштері және 

болашаққа саяхаттық бағдар


Секция: әдебиет

 

Орындаған:

Пшембаева Динара 9 «А» сынып

оқушысы

 

Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

                      

Мажиманов Сырым Қасымұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 жыл

Мазмұны


Абстракт .............................................................................................................3-4


Кіріспе.....................................................................................................................5


І бөлім......................................................................................................................6 

1.     Тілек-бата сөздері туралы .............................................................6

2.     Діни наным-сенімдерге байланыс туған тілек-бата сөздері.................................................................................................8


ІІ

бөлім..................................................................................................................10


2.1. Тілек-бата

сөздерін жасайтын Алғыс және қарғыс сөздері................................................................................................................10


2.1.1 Қазақ тілінің алғыс

сөздері........................................................................10 

2.1.2. Қазақ

тіліндегі қарғыс

сөздері...................................................................12


2.2. Тілек сөздерінің грамматикалық сипаты .............................14


2.2.1. Тілек сөздерінің морфологиялық ерекшеліктері....................................14

2.2.2. Тілек сөздерінің синткасистік

ерекшеліктері..........................................15


ІІІ

бөлім................................................................................................................17


3.1. Тілек-бата сөздерін зеттеген

ғалымдар......................................................17


3. 2. Тілек-бата сөздеріне қатысты ғылыми

пікірлер......................................17 


3. 3. Тілек-бата сөздерінің көркем шығармаларда

қоланылуы....................18


ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................21


ПАЙДАЛАНҒАН

ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................22 


Жетекшінің пікірі...............................................................................................23


 

 

 

                                                

 

 

 

                                                      

Абстракт 

Зерттеу мақсаты - Тілек пен бата сөздерінің қолданыстағы орнын көрсету,

өзара айырмашылықтарын сипаттау.


Зерттеу міндеті 

1. Тақырыпқа қатысты теориялық

еңбектермен танысу, қажетті терминдерге анықтама беру

2. Алғыс және қарғыс сөздерді

жинақтап, тізімдеу.

3. Тілек – бата сөздеріне қатысты

айтылған ғылыми пікірлерді саралау


Гипотеза Меніңше, «батаменен ел көгерер» деген сөз жай

айтылмаған


Зерттеу нысаны:  Қазақ тіліндегі тілек – бата сөздері


Зерттеу пәні:  Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, тұрмыс –

тіршілігінің барысында қалыптасқан тілек – бата сөздері.


Зерттеу әдістері:  Табылған ақпараттарға қорытынды жасау алған

ақпараттарды саралай білу


Зерттеу жаңалығы:  мен қазақ халқының сан-қилы тілек-бата сөздерімен

таныс болдым, оның тілдік (грамматикалық) ерекшеліктерін қарастырдым


Жұмыстың нәтижесі мен шешімі – зерттеу барысында менің үйренгенім: 


1.    

Пайдалы

ақпараттарды өз бетіммен іздеу

2.     Табылған ақпараттарды жүйелеу

3.     Шешім қабылдай алу


Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымы: 

Зерттеу барысында қазақ халқының тілек-бата

сөздерін қарастырдым. Данышпан бабаларымыз, шешен, жырауларымыз бен ел

ағаларының батасын ала отырып біз халқымыздың асыл қасиеттерін бойымызға

сіңірмеуіміз мүмкін емес. Тілек-бата сөздері қазақ халқының қамын ойлайтын

саналы азамат болып қалыптасуымызға септігін тигізіп отыр. Сондықтан, зерттеу

жұмысын бастағаннан бергі осы уақыт ішінде оқып білген тілек-бата сөздермен

танысуды осымен тоқтап қалмай алдағы уақытта ізденушілік жұмыстарымды

жалғастырамын. 


 

                                                 

                Кіріспе


    

Ұлттың өзіндік ерекшелігі, болмысы, дүниетанымы ғасырдан ғасырға үзілмей

жалғасын тауып келе жатқан тілі арқылы танылады. Жер бетінде өмір сүретін барша

халықтардың даралық «менін» танытатын айшықтар оның тілінде ғана сақталып,

ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген

ұлы сөзді еске алсақ, өнеге мен өсиетке толы асыл сөзімізді қадірлеу

кеудесіндегі жүрегі қазақ деп соққан әр азаматтың ұлты алдындағы қасиетті

парызы. 

     Қазақ

халқының тілек-бата сөздері – көнеден келе жатқан қазақ мәдениетінің   тілдік мұрасы, қазақ этносының даралығын,

өзіндік ерекшелігін айқындайтын, тіл деректерінің бірегейі. Бұның себебі, басқа

түркі халықтарымен салыстырғанда қазақтарда тілек-бата деген жеке атаулар бар.

Олардың өздеріне тән ұқсастықтары мен айырмашылықтары жоқ емес. Тілек-бата

сөздерінің бүгінгі сөйлеу тілінде, көркем шығармаларда молынан кездесуі

ғасырлар бойы халық жадында сақталған тіл мәйегі болуымен қатар, олар қазіргі

қазақ тілінде ерекше орын алған сөйлеу үлгісі екендігін аңғарамыз. Тарихи даму

барысында оның бойында қазақ менталитетінің дүниетанымы, өмірлік көзқарастары,

тіршілігі көрініс тапты. Көркемдік-эстетикалық жағымен бірге сөз құдіретін

бағалау, сөз кмесіне табыну деген сияқты биік талғамдар аталған бата-тілектің

айтылуына негіз болып, халық жаратылысының өзіне тән психологиялық ерекшелігі

сөз қуатына бай екендігін көрсетіп отыр. 

     Жұмыстың

теориялық маңызы оның ғылыми жағын таныту болып табылады. Ал практикалық маңызы

тілек-бата сөздерінің мағынасын жете түсінуім. Түсіне отырып сөз асылын

құрметтеуге ден қою. Зерттеу жұмысын орындау барысында тілек-бата сөздерінің

діни наным-сенімдерге байланысты пайда болуы мен өзара айырмашылықтарын, оларды

зерттеген ғалымдар туралы деректерді жинастырдым. 

    Жалпы,

менің көзқарасым бойынша, тілек-бата сөздерін зерттеуге қазақ халқының

таланттары түгелдей атсалысқан. Осы таланттарымыздың арқасында қазақ әдебиеті

мен мәдениетінің көркемдік қоры толықтырылды. Зерттеу жұмысымен айналысқан уақыттың

ішінде мен көптеген мағлұматтармен таныстым. Осы жолда маған көп көмек

көрсеткен жетекшім Хуан Айгүлге алғысымды білдіремін. Зерттеу барысында дұрыс

бағыт – бағдар беріп, сан түрлі әдеби кітаптармен, ақын – жазушылардың

шығармаларымен толығырақ танысуымның себебі де жетекшімнің берген кеңестерінің

орындалуынан. Кітапханалардан жинаған қосымша әдебиеттерді бірге қарап, талдап,

танып, білуім де жетекшімнің осы жұмысты орындау кезінде дұрыс жол сілтегенінің

жемісі деп білемін.


 

 

І бөлім

1.     Тілек-бата сөздері туралы

     Қазақ

ескіліктерінің ішінен жұмыстың басты нысаны болып отырған «Бата»- 1. Діни,

өлген адамға бағыштап, тамақтың алды-артынан оқытылатын дұға, құранның

1-сүресінің аты; 2. Игі тілек, алғыс; 3. Ақ бата-«жолың болсын, ісің сәтті

болсын деген мағынада жақсы тілек» дей келіп, «бата» сөзімен тіркескен мына

ұғымдарға түсінік береді: «бата берді» - игі тілек тіледі; «бата қылды» - дұға

етті.

      «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің

энциклопедиялық сөздігінде» халқымыз-дың мәдениетіне қатысты 7000-ға жуық

атаулар ғылыми негізде тақырыптарға іріктеліп, алфавит бойынша іріктелген.

14-реттік нөмірімен берілген салт-дәстүрлерге байланысты атаулар қатарында бата

беру ұғымына тоқталып өткен. Бата беру-игі тілек білдіру деп жазса, ал бата

оқудың діни мағынасын өлген адамға бағышталып оқылатын дұға деп түсіндіреді.

Сонымен қатар бұл кітапта батаның түрлеріне мәліметтер қамтылған. Онда батаның

екі түрі болатыны көрсетілген. Алғашқысы ақ бата-жолың

болсын, ісің сәтті болсын деген жақсы тілектерден құралған шағын не кең көлемді

өлең болып табылады. Ал келесісі теріс бата-біреуге риза

болмағандықтан қолының сыртын жайып қарғыс айту.

«Бата» ұғымының шығу тегі жайындағы филология

ғылымдарының докторы Серік Негімовтың пікіріне үңілсек, құранның 1-сүресінің

аты «Фатихадан» туындаған тәрізді. Мұнда жаратушы мен оның елшісі Мұхаммедке

мадақ айтылады.

     Бата

мен тілек айту - мұсылмандық болмыстың бір сынығы десе де болғандай. Қазақ

халқындағы сан ғасырдан бергі қалыптасып жеткен бата сұрау, бата беру үрдісінің

түп-төркінін асыл дініміз – Исламнан іздегеніміз жөн. Мысалы, Пайғамбарымыздың

сахабалары оған барып, өздері үшін Алла тағаладан дұға тілеуін сұрайтын.

Өйткені пайғамбар дұғасы әрқашан қабыл болады. Бірде қуаңшылық болып, адамдар

Пайғамбардан Алладан жауын сұрауын өтінеді. Ол дұға қылған сәттен-ақ көптен

бері жаумаған нөсер құйып кетеді. Сол секілді ізгі пенделердің, ұстаздардың,

ата-аналардың дұғалары қабыл болады. Сол кісілерден барып бата-дұға сұрауға

болады.

     

Халық арасында баталы, қазыналы қарттарымыз «Әлхамдының берекесін

берсін!» деп бата-тілек айтып жатады. Міне, сол «Әлхамды» - Фатиха сүресі

Мысалы: Ас қайыру батасы. Ас қайырғанда алдымен астың ,

бүкіл ырзық-несібенің түпкілікті Иесі – Алла Тағала шүкіршілік дұғасын айтпақ.

Пайғамбардың сүннеті бойынша тамақ ішілгеннен соң Жаратушыға шүкіршілік, асты

ұсынған адамға алғыс ретінде дұғалар оқылады. Араб тіліндегі оқылуы:

«Әлхамдулилләһилләзи атьаманәә уа сәқаанәә уа джәьәләнә минәлмуслимиин».

«Аллааөуммә атьим мән атьаманәә уасқи мән сәқаанәә уа бәәрик ләһу». Мағынасы:

«Бізді тамақтандырып, сусындандырған һәм мұсылман қылған Аллаға мадақ». «Уа,

Алла! Бізге тамақ берген, сусын берген кісіні Сен де тамақ беріп, сусындандыр

әрі оған құт-береке бер!».


Иә, Тәңірі құдірет,


Асына бер берекет!


...Ауру – дертін аман ет,


...Бәле-жаладан аулақ қып,


Татырма еш қасірет!


Дүниедегі жақсылықты,


Дәл осы үйге нәсіп ет!

      Түркі

жұрты, қазақ халқы сөз атаулының қасиетті екенін ежелден –ақ білген. Бір іске

қадам баспас бұрын, ойға алған дүниені бастамас бұрын ата-бабаларымыз Ниетін

түзеп, Тілек тілейтін. Өз мақсатына жету үшін Аллаға жол іздеп, Жаратқан

иеміздің рұхсатымен ғана бастайтын болған. Тілегіңді бар жаныңмен осылай құлай

сұрағанда тілеушінің рухында да, тілектес адамның рухында да ерекше бір серпін

пайда болады. Бүкіл ой, ниет, тілек, түгелімен сығымдалып, абат сөз болып бір

арнаға құйылады. Тілек-бата дегеніміз осы. Тілек тілеп, бата берудің бүкіл

ғаламдық құдіретті күші осында. Қазақ халқы осы құдіретті байланысты ежелден

–ақ білді. Сондықтан өзінің әр ісін, әр қимылын бүкіл Ниет, Тілегін жиынтықтап

алып, ақ тілек, ақ батамен бастап отырды. Яғни, дүниетануымыздың ұлттық бір

жүйесі – бата. «Бабадан асқан әз болмас, Батадан асқан сөз болмас» деп тіке

байлам жасаған халық: «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп нақты

шешім айтқан. Сондықтан да Ақ бата - әрқайсысымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз.

Бата – бастағалы тұрған істің қасиетті тұмары. 

      Алайда, бата берудің өзіндік жолы

мен кәдесі болады. Бата мен тілекке аса абай болған жөн. Бата – Құдай алдында

берген серт, айтылған уағда, сұрап алған үкім. Сондықтан да ақ батаны, баталасуды

ешқашанда, ешкімнің де бұзуға қақысы жоқ. Ақ батаға қарсы болған не оны бұзған

адамның өзі де, ұрпағы да оңған емес. Батаны қайтару немес қайтып алу үшін,

болмаса теріс бата беру үшін сол алқалы жұрт қайта жиналып, бізді жаратқан

Алланың алдында батаның тілектерін өзгертуге қайта жалбарынып, батаны қайта

беруге тиіс. Мұндай батаның қабыл болуы – болмауы тек Аллаға ғана аян болмақ.

Сондықтан, әсіресе, теріс бата (қарғыс бата) беруге адамның өзі сақ болғаны

жөн. Өйткені халқымыз оны асқан даналықпен «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз

сөз иесін табады» деп қатты ескерткен. Бата сөздері ақ пейілді білдіру

барысында, алғыс мәнді оралымдардан, ал ызадан немесе риза болмағандықтан

туатын теріс баталар қарғыс мәнді оралымдардан тұрады. Батаның түпкілікті мақсаты: 

  • Ел-жұртының
  • бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін ояту, достыққа,
  • береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа шақыру;
  • Жақсы
  • іске баулу, үлкен-кішінің жолын ашу, алдағы өмірге мақсаттар белгілеу. 

Бата тек қазақ

халқында ғана емес, түркі-монғол халықтарында да ертеден дәстүрге айналған.

Бурят елі оны «юролы» десе, ал алтайлықтарда «алқыш сос», қарақалпақ тілінде

«пәте». Бата сөздері өзге де әлем тілдерінде орын алған. Славян тілдерінде «бата» -

«благославение», «напутствие», «благодарственное слово» деген атаулармен

қолданылады. 


Бата мен тілектің бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да бар. Бата кез келген

жерде айтылмайды. Ал «көп жаса!», «көсегең көгерсін!», «келген қадамыңа

гүл бітсін!» деген сияқты тілектерді жасы үлкен адамның жасы кішіге «рахмет»

сөзінің орнына немесе оған қоса ризашылығын білдіру үшін айтылады. Бата тілекке

қарағанда ұзақтау болады.Сонымен қатар, бата сөздерінің тағы бір айырмашылығы -

олар өлең құрлысымен берілетіндіктен, өлең жолдарына қойылатын барлық

талаптарға сай келеді. Қазақтың өлеңіне тін екпінмен айтылады, қазақ тілінде

қалыптасқан ұйқастар жүйесіне сай жасалады.

     Тілек

сөздері жалғыз жолдан немесе бірнеше сөздердің тіркесінен тұрады. Бір ғана

сөйлеммен келетін тілек сөздер де ұшырасады тілімізде. «Қосағың құтты болсын!»,

«Босағаң берік болсын!» деген тілектерде жаңа үй болғандарға айтылатын тілектер

жалғыз сөйлем көлемінде айтылғанымен мазмұндық тұтастықты құрап тұр. Ал

кездескен адамдар бір-біріне: «Ассалаумағалейкум!»-деп сәлем береді. Бұл сізге

нұр жаусын деген сөз. Сәлем алушы: «Уағалейкүміссалам!» -дейді. Бұл өзіңізге де

нұр жаусын деген сөз.

 

 

 

2.     Діни наным-сенімдерге байланыс туған тілек-бата сөздері.

   Халық пен

табиғатты біртұтас ұғым деп атау көшпенділер мәдениетінде ерекше орын алған.

Табиғатың адам өміріне тигізген әсерін «Көк тәңірге» құлшылық еткен сенімнен

бастап, халықтың көркем шығармашылығынан көруе болады. Бұны адамдардың табиғат

құбылыстарын түсінбеген, магия мен әулие-абыздарға имандай сенген бағзы

заманнан және одан кейінгі табиғат құбылыстарыны сырын ұғынуға талпыныс

жасаған, соған қарай өз тішілігін икемдеген замандардан көруге болады. Көк

Тәңірге сыйынатын халық тасаттық бергенде қара түсті мал сойып, етін далада

асып жетім-жесірлерге таратып беріп, «пәле-жаладан қалас ет!», « Көктен даудыр,

жерден өндір!» деп тілек еткен. Біз жыл сайын ауылда тасаттық берілген кезде

осы ырымға куә болып келеміз.

    Қазақ баталарында көп кездесетін

атаудың бірі – бақ сөзі. Оған қатысты мынадай тілектерді күнделікті

әже-аталарымыздан естіп жүрміз. Мысалы: «бағың ашылсын!», «бағың

жансын!» немесе «бағың байлансын!» деген алғыс пен

қарғыс мағынасындағы тілектер.

    Көшпелі қазақ әр уақытта да мал басын

қадірлеген. Осыған орай тілек-сөздерінің бірсыпырасы малды киесіне сенуден

туған. Мал киесіне арналған тілектер жалпы халыққа және жеке адамға араналған

бата сөздерінің арасында ұшырасады. Мысалы: « бес жүз саулық қоздасын!»,

«малың базарлы болсын!», «төрт түлік ақты болсын!» жіәне т.б.

     Қазақ әрқашанда «Шырағың

сөнбесін!» деп тілек тілеп отырған. Өйткні халқымыздың ұғымында отты

қатты қастерлеген және оны отбасының бейнесі, пәле-жалаларан қорғаушысы деп

сенген. Жастайынан отты қадір тұтуды үйрете келіп, оны тубеге тыйым салған.

    Қазақ елі ешқашанда ошағын

ластамаған. Ол қисайса, ырыс азаяды, несібең төгіледі деп сенген. Үйден дәм

далаға ашады деген түсінік иланғандықтан «Қазаның қисаймасын!» деген

тілекті тудырған .

   Сонымен қатар, халқымыз жаңа туған

сәбиге, жүйрік атқа немесе иесі үшін өте қадірлі затқа көз бен тіл тиеді деп

есептеген. Ал ондай адамдарды көзі бар есептеп, жаңа туған сәбидлі қырық күнге

дейін көп адамның көзіне көрсетеермеген. Мойнына тұмар тағып, маңдайына қара

күйе жағып «Тіл-көзден сақтасын!», «Тіл-ауызым тақа!» деп айтатыны

қазірі өмірімізде көптеп кездеседі . 

Қазақ арасында мына үлгідегідей:

«Қарадан Қазыбектей бақты бол! Түркістанда

Темірдей атты бол! Керейде Жәнібектей ақылшы бол! Бұғының мүйізіндей шашалы

бол! Әуним!

-деген бата сөзідері халықтың белді тұлғаларының атын

атап, жас ұрпақтың солардан өсиет алсын, ғибраттансын, елінің амын ойлайтын

ұлжанды азамат болсын деген ниеттен пайда болып тараған.

                                                                 ІІ бөлім


2.1. Тілек-бата сөздерін жасайтын алғыс және қарғыс сөздері


Қазақ тілінің бір қабатын құрайтын тілек-бата сөздері алғыс және қарғыс

мағынасында айтылатын сөз орлымдарынан тұрады. Батаның негізгі екі түріне қарай

оң бата алғыс мағынасындағы сөз тіркестерінен, ал теріс қарғыс мағынасындағы

сөздерден жасалады. «Алғыс» (оң бата) және «қарғыс» (теріс бата) айту – ежелгі

ата-бабамыздың салт-дәстүр мен тәрбие саласындағы қазыналарының бір тармағы.


1. Адам

баласына арналған алғыстар



түрлері


мысалдары


1.1.


Адамның балалық шағына арналған


Сәбидің дүниеге келуі


Бауы берік болсын! Биік самғасын! 


Тұсау кесер тойына


Тұсауың кесілді, құлама, Тізеңді жаралап жылама! Әумин!...


Тілашар тойына


Төле бидей шешен бол, Абылайдай көсем бол 


1.2.


Адамның жастық шағына арналған


А) Ер азаматқа


Ісің жүйелі, басың киелі болсын!... 


Ә) Қыз балаға


Талдай бой берсін, сұңғыла ой берсін! 


1.3.


Қарияларға арналған


...Келіндерің есті болсын, Ұлдарың сесті болсын! Балаларың қуаныш әкелсін,

Немерелерің жұбаныш әкелсін! Әумин!


1.4.


Адамның отбасына арналған


Отбасыңа бақ қонсын, Дастарқаның ақ болсын! Өшпес дәулет қонсын Бақ

қонсын, қыдыр қонсын! ...Әумин!


1.5.


Адам өмірінің қуанышты және қайғылы сәттеріне арналған


А) Мерейің үстем болсын! Жолыңа нұр жаусын! 


Ә) Арты қырсықсыз болсын! Иманы кәміл болсын!




2. Ғаламзатқа арналған алғыстар



түрлері


мысалдары


1.1.


Мал-жанға қатысты


Желің ұзын болсын, Ішкенің қымыз

болсын! Сойғаның құлын болсын, Жегенің қазы болсын! Әумин!


1.2.


Дастарқанға арналған


Адал тапқан тамағың дастарқаныңнан

кетпесін! Дастарқаның мол болсын! Шараң уызға толсын!


1.3.


Атамекенге арналған


Алла елімізге амандық берсін! Елі

жоқ ерден сақта! Ұлың ұядан ұшсын, елін ұмытпасын! Туған жерімнің суы тұнық

болсын! 


1.4.


Алыс сапарға немесе жауға аттанар алдында айтылатын бата


А) Жортқанда жолың болсын, Өмір

жасың ұзақ болсын! Қатарыңнан озған ер бол, Теңіздей кең бол! [17,26]


1.5.


Адам өмірінің қуанышты және қайғылы сәттеріне арналған


А) Мерейің үстем болсын! Қуанышың

ұзағынан сүйіндірсін! Жолыңа нұр жаусын! Алла арманыңа жеткізсін!


Ә) Арты қырсықсыз болсын! Иманды

болсын! Иманы кәміл болсын!


1.6.


Тіршілік, дүние мен табиғат құбылыстарына арналған


Табиғаты көркейе берсін! Дүниенің

қызығын көр! Шағалалы көлдей бол!


1.7.


Той-думандарға арналған


Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда

барсаң, жол болсын! Әумин!





 

 

 

 

2.     Қазақ тіліндегі қарғыс сөздері


Халқымызда «қарғыс жібермейді, қарғыс алған адам түбі оңбайды» деген ұғым бар.







 

 

 

     Қазақтың салт-дәстүрлері мен

әдет-ғұрыптарын жинастырушы, этнограф ғалым Сейіт Кенжеахметұлы қазақ

қарғыстарына мынадай анықтама береді: «Қарғыс (ғұрып). Қазақта адам

зорлық-зомбылық жасаған дағдайда оны қарғау әдеті бар, ол адамға да, малға да,

дүние-мүлікке де айтыла береді»

Қарғыстың бір түрі – теріс бата. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде оған

«риза болмағандықтан қолын сыртына жайып қарғыс айту» деген анықтама берілген.  Оның бата деп аталғаны болмаса, қарғыстың еі

ауыр түрі.     Батаның бұл түрі халық

арасында сирек қолданылады. Қарғыс- ата-баба сүйегіне түскен ұмытылмас таңба

болып саналады. Оны үмітті ақтамаған өз балаларына атасы не әкесі береді.

Қарғыс батасы туралы Мұхаммед Пайғамбар хадистерінде: «Үш түрлі дұға бар, олар

шексіз қабыл болады. Соның бірі ата-ананың перзенттік ақысын өтемеген балаға

арнап оқыған «қарғыс дұғасы» делінген . Мысал ретінде

«Қыз-Жібек» киносындағы әкенің берген батасын келтіруге болады. Өткен

ғасырда дүниеге келген жырда әкесі Базарбайдың теріс батасы Төлегенше аз бөгет

болмайды ғой.

Батаның осы түрі көбінесе ата-анасына қол тигізген, өзгеге тізесі батқан

адамдар мен ерсі де оғаш қылық жасағандарға арналып айтылады.

Сонымен қатар атқаратын қызметтеріне қарай:  

1) Адам баласына араналаған қарғыстар жас шамасына қарай

1) ересектерге (ер адамдарға және әйел адамдарға деп бөлінеді)

2) жеткіншектерге бағытталып айтылып жатады. Мысалы: 

Ересектерге арналған қарғыстар

Жігіт болмай жидіп қал! бос жігітке айталады

1.1 ер адамдарға Жұлының үзілгір! Опат бол деген мағына

Қара шашы жайылсын! Қара жамылсын, қайғырсын 

1.2 әйелдерге Белің үзілсін! Белің үзіліп, тұра алмай қал

Жас жеткіншектерге арналған

Баланың тағдырына ерекше мән берген қазақ халқы оны тәрбиелеу барысында қарғыс

мағынасындағы сөздерді кеңінен пайдаланып отырған. Олар төмендегідей жалғасады:

-Қара басқыр! Қазіргі кезде ұрысу деген мағынаны береді


Этнограф ғалым Сейіт Кенжеахметұлы мынадай қарғыстарды «жас балаларға арнаған,

басқаларға айтылмайды» деп береді: Жалғыздарыңнан жайрағыр!

Жеті кесектің астында қалғыр!

2) Малға, жан-жануарларға арналған қарғыстар 

Қарғыстың қай түрі болса да ол ашу мен ыза үстінде еш дайындықсыз айтылып

жатады. Осыған орай халқымызда малға, жан-жауарларға қатысты қарғыстардың біршамасы

бар – Ақшелек келгір! Түйе малына арналып айтылады

3) Дүние-мүлікке қатысты айтылған қарғыс сөздері өте мол кездеседі.

Қарапайым заттардың кез келгенін «құрғыр!», «сынғыр!», «жоғалғыр!» деп тілдеп

жатады .



Мысалы


Мағынасы


1


Адыра қалғыр!


Кез келген мүлікке кейістіктен айтылатын қарғыс


2


Кепиат атқыр!


Бір пәлеге ұшырап, киесі ұрғыр деген мағынаны береді

 

 

 

 


2.2. тілек-бата сөздерінің грамматикалық сипаты 

2.2.1. Тілек-бата сөздерінің морфологиялық ерекшеліктері

Морфология ережелеріне тілек-бата сөздерін жасайтын алғыс және қарғыс сөздеріне

талдау жасаймыз. Бірінші алғыс мағынасын білдіретін тілектер етістіктен

жасалған сөздерге – сын\ - сін жұрнақтарының жалғануымен жасалатын және нөлдік

формада кездесетін түрлері тілде жиі қолданылады. Алғыс тілектері мынадай

тұлғалардан жасалады:



Морфологиялық жағы


Мысалдары


1


негізгі сөз + етістік + -сын\ немесе -сін жұрнақтарының бірі


Өрт шалмасын! Дау алмасын!


2


негізгі сөз+ етістік (еш қосымшасыз): 


Айдай сақта! Биікке өрле!


а


–ыра \ - іре жұрнақтары көбінесе еліктеуіштерге жалғанып, бұйрық

мағынасындығы етістікті жасайды: 


Күндей жарқыра! (жарқ+ыра) Судай

сарқыра! (сарқ+ыра)


ә


-ар\ -ер\ -р жұрнақтары сын есмідерге жалғану арқылы


Қосағыңмен қоса ағар! (ақ+ар)

Бұлақтай тазар! (таза+р)


б


Түбір етістікке болымсыз етістіктің жалғануы арқылы


Үмітіңді үзбе! (үз+бе) Ала жіпті

аттама! (атта+ма)



Ал қарғыс тілектерінің негізгі тұлғалары:



Морфологиялық жағы


Мысалдары


1


Негізгі сөзден кейінгі етістікке -қыр\кір, -ғыр\гір және –сын\сін жұрнақтары

мағынаны күшейте түсіп жалғанады




Тілің кесілгір! Басың көбеймесін!


2


ІІ-жақтағы бұйрық райлы етістіктерден көп кездеседі


Адыра қал! Құрып кет! Көзіңді құрт!


Алғыстар мен қарғыс мағынасын беретін тілек сөздері құрамы жағына бір, екі, үш,

төрт және одан да көп мүшелі болып келеді


Мүше саны


Алғыстар


Қарғыстар


2


Тыныштық бер! Өнері тасысын!


Жалғызыңнан жайрағыр!


3


Қолың қуатты болсын!


Өмірің қапаста өтсін!


4-5


Аман барып, абыройлы қайт!


Адал тақан асың дастақаныңнан кетпесін!


Көзіңе көк шыбын үймелесін! 


Басың дауға, жаның жауға қалсын!

 

 

 


2.2. Тілек-бата сөздерінің синткасистік ерекшеліктері

Тілек-бата сөздерінің синтасистік ерекшеліктері жайында сөз айтқанда өз

тіркесінің синткасисіне тоқталу керек. Себебі тілек сөздері көбінесе

құрлым-құрлысы жағынан бір сөз тіркесі немес сөйлем түрінде келеді. Тілек

сөздері сөйлем ішінде қолданылатын болса, оларға тиісті қосымшалар (жұрнақ пен

жалғау) жалғанады. Сонымен қатар ол атылатын ойға сай таңдалынып алынады да,

белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады. Осыған орай

олардың байланысу тәсілдері мен түрлерін қарастырсақ.


Мысалдар


Сыңар - лары


Байла -нысу тәсіл-дері


Байланысу түрлері \ Сөйлем мүшесі


Тіркес- тің түрі


Мор- фоло- гияcы


Өмірдің 


қызығын көр!


Өмірдің қызығын 


Жалғау


Матасу \\Анықтауыш


Есімді


Зат.е +зат.е


қызығын көр!


Жалғау


Меңгеру \\Толықтауыш


Етістік ті


Зат.е + ет


Алла берсін 


зор бақты!


Алла берсін 


Орын тәртібі


Қиысу \\Бастауыш


Есістік ті


Зат.е + ет


зор бақты


Орын тәртібі


Қабысу \\Анықтауыш


Есімді


Сын.е + ет


бақты берсін 


Жалғау


Меңгеру \\Толықтауыш


Есістік ті


Зат.е + ет


Туралықты 


таңдай біл!


Туралық ты таңдай біл!


Жалғау


Меңге-ру \\Толықтауыш


Есістік ті


Зат.е + ет


Арамнан 


жиналған 


кәдең 


тамағыңнан 


өтпесін!


Арамнан жиналған 


Жалғау


Меңгеру \\Толықтауыш


Есістік ті


Зат.е + ет


жиналған кәдең 


Орын тәртібі


Қабысу \\Анықтауыш


Есімді


Ет + 


зат.е


кәдең өтпесін!


Орын тәртібі


Қиысу \\Бастауыш


Есістік ті


Зат.е + ет


тамағың нан өтпесін!


Жалғау


Меңгеру \\Толықтауыш


Есістік ті


Зат.е + ет


Ақ айраны 


төгілсін!


Ақ айраны 


Орын тәртібі


Қабысу Анықтауыш


Есімді


Сын.е + зат. е


айраны төгілсін!


Жалғау


Меңгеру \\Толықтауыш


Есістік ті


Зат.е + ет




 

 

 

 

ІІІ бөлім

1.     Тілек-бата

сөздерін зеттеген ғалымдар

Тілек-бата сөздерінің зерттелуі ХІХ ғасрдың екінші

жартысынан бастау алады. Өзге ұтл өкілдерінің арасынан тілек-баталар туралы

ұнды деректерді орыстың атақты зеттеушісі В. В: Радловтың 1870 жылы жарыққа

шыққан 10 томдық еңбегінің 3-томынан кездестіре аладым. Ол еңбек «Түркі

халықтарының халық әдебиетінің үлгілері» деп аталады. Сонымен қатар Г. Н.

Потанинді атауға болады.

Өткен ғасырда тілек-бата сөздерін зерттерген ғалымдар: 


 

 

 

 

 



В. Ра́длов

М. Ж. Көпеев М. Қашқари А. Байтұрсынұлы Ш.Уалиханұлы Г. Потанин 

Тілек-бата сөздерін зерттерген осы

кездің ғалымдары:


 

                                             

Ақселеу

Сейдембек                                             Сейіт

Кенжеахметов 


 

 

 

 

 

3.2.

Тілек-бата сөздеріне қатысты ғылыми пікірлер

Шоқан Уалиханұлы қазақтың тілек-бата сөздерін шамандық дәстүрімен

байланыстырды. Еңбектерінде: «Шаман – сиқыр мен білім дарығын адам және ол

дәрігер» деп жазып қалдырды.

«Ақ бата» атты кітаптың авторлары профессор Серік Негимов пен ғалым Т. Қазиұлы

«Бата» ұғымының этимологиясын (этимология - сөздің шығу тегі туралы ғылым)

құранның 1-сүресінің атымен байланыстырады.

Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы жарыққа шыққан «Әдлебиет танытқыш» деген еңбегінде

батаны ақсақал адамдар айтады делінген. Ас қабылдаудан кейін де бата беріп

отырған. Ол дастарқанға берілетін бата, үй иесінің дастарқаны мол болсын деген

ниеттен туған . 

Көптеген тілек-бата сөздерінің діни наным-сенімдер негізінде пайда болған. Осы

салада еңбек еткен шығыстанушы, академик В.В. Бартольд «Халықтың психологиясын

түсіну үшін олардың діни наным-сенімдерін білу маңызды» деп жазды. Өте дұрыс

пікір, өйткені діни нанымдары мен сенімдері, ырым-тыйымдары жоқ халық болмайды

.

Танымал филолог Х. Досмағанбетовтың пікіріне жүгінсек, қазақ халқында өз ісінің

әккі шеберлері өзінен кейін шәкірт тәрбиелеп, өз ісінің тізгінін ұстатарда

шәкіртінің жолы ашық болу үшін оларға бата беріп, үлкен үміт артқан. Әйгілі

ақын Жамбыл Сүйенбай піріне сыйынған, атақты күйші Құрманғазы Дина апамызға өз

батасын берген.

3. 3. Тілек-бата сөздерінің көркем шығармаларда қоланылуы

Тілек-бата сөздері қазақ ауыз әдебиеті тұрмыс-салт жырларының бір түрі ретінде

өмірімізден елеулі орын алған. Айталық, Қобыланды батыр жауға шығар

алдында оған ата-анасы мен жиылған халық бата беріп, сапарының оң болуын

тілейді. Бұл дәстүр үзбей жалғасып келеді. Соғыс жылдарында қарт Жамбыл

Бауыржан Момышұлына былай деп бата берген екен:

Батырдың жолы болсын!

Самсаған қолы болсын!

Түсі де суық екен,

Ісі де долы болсын! Әумин!


Халық арасында ауыз екі сөйлеу барысында кеңінен қолданыс тауып, тақырыптары

мен мағыналары жағынан заманмен бірге жасасып, жаңарып отырған. Ал олардың

көбінесе біз мағынасын түсіне бермейтін түрлері көркем шығармаларда кеңінен

қолданылды. Тілек-бата сөздері шығармада толығымен несесе жекелеген алғыс және

қарғыс мағынасындағы сөз оралымдары түрінде келтіріліп, шығармадағы өзге де

сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, шығарма идеасын көркейтіп тұрады.

Енді осы сөзімнің дәлелін келтірсем.

Қазақтың ұлы жазушысы Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығындағы атақты «Қозы Көрпеш

– Баян сұлу» сахналық туындысындағы Мақпал мен Күнікейдің Қодарға жаудырған

қарғыстарына назар аударсақ: «Су сұрай барсаң – көл қарғасын! Өле қалсаң – көр

қарғасын! Өмірің тозақ, тартқаның азап болсын!», - деп боздаған қос ана қарғыс

дұғасын оқиды .Бұл жолдарды оқығанда оқырман «өне бойыңды тітіркендіретін

қандай акыр қарғыс» дер. Ашынғанда адамның жан дауысы шығады, ыза үстінде

қарғысты қарша боратады. «Егізде – екі болма!», «тартпай қалғыр!», «тас

төбеңнен жай түссін!» дегендей сөздермен біреулерді қарғап-сілеп жүретін, тіпті

оның мағынасында үңілмей жатып әдетке айналдырған адамдарда күнделікті

кездестіріп те жатамыз.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі Ғабиден Мұстафиннің шығармашылығында

ер адамға қаратылып айтылатын қарғыс мағынасындағы сөздің мынадай үлгісін көре

аламыз. Мысалы: Үйіңе жетпей

жұлының үзілсін! Шаңырағың ортасына түсіп, бала-шағаң тентіреп кетсін, - деп

қарғап –сілеп келеді.

Ал мал-жанға арналып айтылатын «Арам

өлгір!» деген қарғыс сөзін «Манас» жырынан кездестіре аламыз.

Ол ашу үстінде еш нәрсеге жарамсыз болып өлсін деген мағынада айтылған:

...Арам өлгір, Тайбурыл, 

Ауыздықпен алысып,


Айқара түйген ақ тізгін

Кейбір алғыстар мен қарғыс сөздерінің көп кездесе бермейтіндігіне байланысты

олардың мағынасын тек көпті көрген қариялардан сұрастырып, түсініп алып

жатамыз. Осындай қарғыс мағынасындағы сөздің бір үлгісі Оралхан Бөкейдің

«Атаукере» шығармасында берілген. Қазақ халқында атаукере деп адамның қайтыс

болар алдында ең соңғы ішкен суы айтады. Яғни, шығармадағы «Атаукереңді ішкір» сөзі

осыны іште тезірек өле қал деген мағынаны береді екен. 

Атбасарда дүниеге келген қазақ әдебиетінің көрнекті өлілі – І. Есенберлиннің

«Көшпенділер» атты тарихи трилогиясының «Алмас қылыш» деп аталатын бірінші

кітабында мынадай жолдар ды кездестіруге болады:

Уәли сөзін ұнатпаған әлдекім: 

-Уә, сұлтан болғаныңа болайын! Төреден

шығып, қараға жол бере ме екен!

-Қайтсін бейшара, соғыс көрмегенін

айтып тұр ғой! -десіп жатыр. –Ел басына күн туғалы тұрғанда, қазір т-ре-қара

дейтін дым да жоқ. Кім жұртты жауға қарай бастай алса, біз соның соңынан

ереміз!

- Дұрыс айтасың, шырағым,- деді

сәлделі ақсақал. – Тілегің оң болсын! Әумин! 

... Ендігі істі өздерің білесіңдер

ғой. ...Келе жатқан жау өте қауіпті Бар қазақты көтеру керек! 

-Құп, Қабанбай батыр! Жолың

болсын! -деді Елшібек пен Уәли қатарласа.

М. Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» дастанында Қабай жырау әулиелер зиратына

бұрылып, олардан қорғап, қолдауын сұрап:

Қан сасыған даламның,

Қатын менен баламның,

Кегін қайтып алармын,

Жебеп жібер, Әулие! – десе, он сегізге толған Райымбек елді жау

шауып жатыр деген сөзді естігенде, ойланып – толғанып Қабай жырауды іздеп

келіп:

Ар ма, ата!

Арнай келдім, батаңды бер?

Аятым болсын менің атап жүрер!

-дейді. Қабай жырау ұзақ жырлап келеді де соңында:

-Кегіңді қайра ақылға,

Жалғыз жортып шатылма,

Аттанып жар сал ер ұлым,

Ел – жұртыңды шақырда. 

Дүние – қоңыз, енші бер!

Соңыңнан ерген пақырға,

Әумин! -деп барып

аяқтайды.

Қарғыс мағынасындағы тілектің тағы бір үлгісі ретінде Мұхтар Әуезовтың «Абай

жолы» романының бірінші кітабындағы Бөжейдің сөзін келтіруге болады.

Шығармадағы берілген бұл қарғыстар үлгісі қатты қорлық қысқаннан кейін ашу

ызамен айтылған. Мысалы: 

-Көзің аққыр, көзің ақсын! Ей, Құнанбай, аруақ қана. Қарғыс

атқыр! -деп, Бөжей айғай салып еді, ... Қамыспай қамшыны қайта көтеріп

қалды .



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл

жұмыс қазақ тіліндегі тілек-бата сөздерінің тәрбиелік мәнін ашуға, тіл

қолданысындағы орны мен өзіндік ерекшеліктеріне арналды. Жұмысымның негізгі

тақырыбы бойынша тілек-бата сөздерінің өзара айырмашылқтары мен шығу тегін,

түрлерін ғылыми тұрғыдан дәлелдейтін әдебиеттерді оқып шықтым. Жинаған

мәліметтерімді жүйелеп, І, ІІ және ІІІ бөлімдерде жеке тақырыпшаларға бөліп

жаздым.

І бөлімде «бата» сөзінің шығу тегі және мағынасын зерттеп, оларды өз ортасына

қадірлі, сыйлы азаматтардың, жасы үлкен аталарымыздың келешек ұрпаққа деген игі

тілегі, жақсы ниеті екені туралы жаздым. Сонымен қатар , батаны ер адамдар

беретінін, ал әйел адамның көп жерде бата оқымайтындығын білдім.

ІІ бөлімде халық арасында тараған тілек-бата сөздерінің қалай

жасалатындығы туралы мағлұматтарды жинастырып, алғыс және қарғыс мағынасындағы

сөздерге түсініктемелер беріп отырдым. Мысал ретінде қазіргі кездердегі ғалым

ағаларымның еңбектерінен сілтемелер көрсетіп отырдым.

Осы бөлімнің келесі тарауында тілек-бата сөздерін қазақ тілінің заңдары бойынша

талдап, шағын кестені толтырдым. Бұл тақырыптарда тілек-бата сөздерінің

морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін тілдік тұрғыдан зерттедім.

ІІІ бөлімде тілек-бата сөздерінің тәрбие құралы ретінде ықылым заманнан келе

жатқандығын дәлелдегім келді. келтірдім. Бұл жұмыс барысында көркем

шығармалардағы қолданылған тілек-бата сөздеріннен бірнеше мысалдар

жаздым. 

«Әдебиет –өмір айнасы» дегендей халық ауыз әдебиетінің бір түріне жататын

тілек-бата сөздерінің бойынан бабаларымыздың асыл қасиеттерін, ашу-ызасы мен

келешек ұрпақтарына артқан үміттерін бойымызға сіңіре аламыз.Бақылау барысында

мені тілек-бата сөздерінің тек қазақ халқында ғана емес, өзге қырғыз,

бурят т.б. халықтарда да кездесетініне куә болдым. Тақырып қиындығымен қызықты

болды.


                            ПАЙДАЛАНҒАН

ӘДЕБИЕТТЕР 

1.                

Байтұрсынов А.

Әдебиеттанытқыш -Алматы,: Атамұра, 2003.-208 бет.

2.               

Негимов С,

Қазиұлы Ақ бата . –Алматы: Жазушы, 1992. -208 бет.

3.               

Қабдолов. З Сөз

өнері. .–Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 бет.

4.               

Қазақтың көне

тарихы. Ғылыми мақалар жинағы. – Алматы: Ғылым

5.               

Құралұлы А.

Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі.

6.               

Манкеева Ж. А

Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы: Ғылым

7.               

Қазақ тілінің

түсіндірмелі сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.

8.               

Бата-тілектер

мен өсиеттер жинағы. – Алматы: УЗО баспасы, 2008. -64

9.               

Кенжеахметұлы

С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.

10.          

Авакова Р.

Фразеологизмдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктері. –    

11.          

Тілек-бата

сөздерінің құрылымдық ерекшеліктері

12.          

Әеузов М. Абай жолы: Роман-эпопея. Бірінші кітап.

Абай. –Алматы:

13.          

Ахметжанова Ф.

Р Ғафурова Ж. Қ Оң және теріс бата

14.          

Оралхан Бөкей. Таңдамалы шығармалары. 

15.          

Негимов С. Таным мен пайым. –Алматы: Арыс, 2009. – 240

бет.

16.          

Іләмжаоұлы К.

Тал бесіктен жер бесікке дейін. . –Аламыт: Ана тілі,

17.          

Ақ бата. Жинақ.

–Алматы: Өнер, 2001. -64 бет.

18.          

Кенжеахметұлы

С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениеті.

 

 

 

 





Просмотров: 3435


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст