«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл - халық мұрасы

24.02.2017

                              

«Тіл – халық

мұрасы» 

атты танымдық ойын 

Мақсаты: 

- Мемлекеттік тілді құрметтеуге, мәртебесі биік рухани

құндылық екенін үнемі назарда ұстап, тіл жанашыры болуға насихаттау; 

- Кез келген ортада ауыз әдебиетінің үлгілерін біліп

жүру, шешендік өнердің тарихын насихаттау. 

- Мұғалім, оқушы, ата- ана бірлескен топтар

арқылы бірлікке, ынтымақтастыққа шақыру. Зерттеушілік, ізденушілік, қызығушылық

қабілеттерін арттыру. 

Көрнекілігі: жұмыс барысында қажеттілік тудыратын шиырмалар,

мақалдар, қағаз, қалам. т.б. 

                                                         

Барысы: 

Мұғалім: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

Мектебімізде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін тілдер мерекесіне қош

келдіңіздер! 

Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Тіл –

халық мұрасы» 

» атты танымдық ойнымызға қатысқалы отырған топтарды шақырамыз.

«Тіл

– халық мұрасы»  атты танымдық ойын

бағдарламасын бастаймыз. Ойынынымыз 4 кезеңнен құралады. 3 топ қатысады. 

Топ атаулары: «Білімдер», «Білгірлер», «Тапқырлар»

1 кезең «Таныстыру». Әрбір топ өзін таныстырып, ұрандарын

айтады.

2 кезең «Кім жылдам?». Топтың әрбір жетекшілері 10

сұраққа бір минуттың ішінде жауап беруі керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен

бағаланады.

3 кезең «Өнер алды - қызыл тіл». Мұнда мақалды аяқтау керек

болады.

4 кезең «Дода». Бұл кезеңде 4

тақырып 10,20,30,40 ұпайларымен берілген. Әрбір топ сұрақтың қиындығына қарай

ұяшық таңдап өз топтарына ұпай әкеліп отырады.

Сайысымызды бастамас бұрын

сайыскерлерге әділ төрелігін айтатын әділ қазылар алқасымен танысайық.

Әділқазылар

алқасы соңында барлық кезеңдерді әділ бағалап топ жеңімпаздарын атайды.   Барлық

кезеңдер бойынша бағалар қойылады. Жеңімпаз болған топ «Тіл жанашыры» деген

атқа ие болады. 

Мұғалім:

Ана тілі қазағымның қаймағы,

Тілің сенің өміріңнің айғағы.

Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,

Топ білгірлері шығады.

*

Сәлем - сөздің анасы, сөз атасы

Ұстаздардың қабыл болсын батасы

Қол соғып, ортамызға тарландарды

Шақырсақ, болмас сөздің еш қатесі - деп ортаға

сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз.

1 кезең.

Сайысымызды топтардың таныстыруынан бастаймыз.

2 кезең.

«Кім жылдам?» Топтың әрбір жетекшілері 10 сұраққа бір

минуттың ішінде жауап беруі керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1.     ҚР президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)

2.     Н. Ә. Назарбаев қайда туған? (Алматы облысы, Қаскелең

ауданы, Шамалған ауылы)

3.     Мемлекеттік рәміздерді ата? (ту, елтаңба, гимн)

4.     Қазақ тілі нешінші орында? (70)

5.     Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік ту жобасының авторы? (Шәкен Ниязбеков)

6.     Қазақта қандай сан киелі? (7)

7.     Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе – деп айтқан кім? (Ы.

Алтынсарин)

8.     Құрманғазының ең танымал күйі? (Адай)

9.     Тәуелсіздік

күні қашан тойланады? (16 – желтоқсан)

10.          

 Қ. Р - ның ұшқыштарын атаңдар? (Т. Аубакиров,

Т. Мусабаев.)

3 кезең.

Мақал - мәтел -

бабадан қалған мұрамыз,

Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.

Мақалбай атай сұрағын алып келіпті,

Сайыскер топтар, көңілмен тыңдап тұрамыз.

Мақал - мәтелдердің бір сөзі түсіп қалған сол

сөзді тауып, жалғастырамыз. Шарты түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.

1. Піл көтермегенді .... ( тіл көтереді)

2. Шешенің тілі – ..... (шебердің

бізі)

3. Өнер алды – .... (қызыл тіл)

4. Тіл қылыштанда ... ( өткір)

                 

5. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

                 

6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім

біл).

7. Бас кеспек болса да, ...

(тілкеспек жоқ).

8. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінде).

9. Тілден артық ... (қазына жоқ).

10. Сүңгі

жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).

4 кезең «Дода». Бұл кезеңде 4 тақырып 10,20,30,40

ұпайларымен берілген. Әрбір топ сұрақтың қиындығына қарай ұяшық таңдап өз

топтарына ұпай әкеліп отырады.

10 –

«Тіл  туралы» заң қашан қабылданды? (1989

жылы 22 қыркүйек)

20 – Абай

туралы төрт томдық «Абай жолы» роман – эпопеясын жазған кім? (Мұхтар Әуезов)

30– Қазақ

хандығы қашан құрылды және оны кімдер құрды?

(1465

-1466 жж Керей мен Жәнібек)

40 – Математикалық

диктант:  18720- (3508+6007) = 9205

«Сұрақ-жауап»

бөлімі

- Қазақ тілі мемлекеттік тіл ме? 

- Тіл туралы заң қабылданды ма? 

- Абай қазақтың күйшісі ме? 

- Ыбырай мұғалім болған ба? 

- Сөйлем мүшелері бесеу ме? 

- Мектепте тілдерден сабақ беретін мұғалімдер

саны жетеу ме? 

- Тілдер мерекесі қыркүйекте аталып өтіле ме? 

 

Қазылар орнықтырар

әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл

шықты.

Білім мен тапқырлықтың

жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз

мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға беріледі.

Қорытынды:

Адамзат дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп, ана

тілінде ән салады. Ана тілі – біздің ар - ождан, адамгершілігіміздің айнасы.

Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Тіл - халықтың ажырамас бөлігі.

Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп

таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз.

Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.

 

Просмотров: 1339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст