«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жігіт сұлтаны

05.04.2017

Жігіт сұлтаны

Сайыстың

мақсаты: өз халқының,

Отанының азаматы деген қасиетті ұғымның қалыптасуына көмектесу, жігіттердің

бойына ұлттық салт - дәстүрімізге сай қасиеттерді сіңіру, ептілік,

ержүректілік, сегіз қырлы бір сырлы болуға баулу.

 Барысы:

1

– жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар және

бүгінгі сайысқа қатысушы жас ұландар!

Жақсы бол, жігіт болсаң ел көргендей,

Досыңа қосылғандай дәм бергендей.

Жігіт бол, жігіт болсаң бұлғақтамай,

Орынсыз сөз сөйлеме жын қаққандай.

Еліңе жақсы сөзді жаса әуелі

Халқыңа көңіл бөліп тыңдатқандай.

2

– жүргізуші:

Әділдікпен бұл сайыста байқайтын,

Туралықтан ешқашанда қайтпайтын

Әділдікті қолдайтын баға беріп

Жіберейік қазыларды таныстырып.

1

– жүргізуші:

Ей, жігіттер!

Сендерге артар міндет көп

Көтер биік ата салтын құрметтеп.

Ақтай білсең ата – баба үмітін

Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.

2

– жүргізуші:

Мінезі жарқын күн дер ем,

Мен дегенді білмеген,

Білімге құмар талпынған

Жайраңдаған жарқын жан

Алмаз   деген сезімді

Жігіт екен төзімді!

 

Кіші қамын ойлаған,

Кісі жанын сыйлаған,

Өнері мен ісімен

Өзгелерге сыйлы адам-

Ол  Сұңғат  

жарқыным.

Кемелді білім іздеген

Кемесін тездеп түзеген

Жалқауға жақын қосылмай

Жақсыдан достық үзбеген –

Ол  Қанат  

жарығым,

 

Қарқындап өссін дарының!

Аяулы ата – анасын

Ардақтаған баласың.

Ол  Нұрлыбек   жарығым,

1

– бөлім. Өзін – өзі таныстыру.

Таныстыру сәті

2

– бөлім. Кім тапқыр?

Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.

1

– асық: Төрт түлік малдың

аталуы қалай?

1.Түйе – Ойсылқара

2. Жылқы – Қамбар ата

3. Қой – Шопан ата

4. Ешкі – Шекшек ата

5. Сиыр – Зеңгі баба

2

– асық: Аттың ер –

тұмандарына нелер жатады?

Жүген, желдік, тоқым, ер, құйысқан, өмілдірік, үзеңгі, ат

көрпе, тартпа, қамшы.

3

– асық: Жыртқыш құстардың

атын ата.

Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.

4

– асық: Қазақ

халқының  дәстүрлі  салт, той – томалақтарын атап шық, біреуін

түсіндір.

3– бөлім. Өз

өнерін көрсету.

4- бөлім Үй

тапсырмасы қолөнер

1

– жүргізуші:

Ат өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай

Ер өнері білінбес

Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттердің спорттық

жарыстардағы өнерлерін көрейік.

5

– бөлім. Күштілер сайысы.

1.Салмақ  тасын

көтеру. 2. Білек  күшін 

сынау.

2

– жүргізуші:

Жігіттер жаман істі кәсіп етпе

Досыңды бірге жүрген басып өтпе.

Басыңа әлдеқандай іс түскенде,

Дос түгіл дұшпаның да қашар шетке.

1

– жүргізуші:

Жылдар, жылдар тарихтың мол беттері

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.

Көңілді шат сезімге баурайды

Халқымыздың бүгін мен өткені.

6

– бөлім. Ойлан, тап.

1

– асық: Қазақ халқының

тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?

2

– асық: Үш ұғым туралы

сұрақтар.

1.Үш жүз   (Ұлы,

Орта, Кіші)

2. Үш арсыз  (Ұйқы,

тамақ, күлкі)

3. Үш даусыз  (Мінез,

кәрілік, ажал)

3

– асық: 5 асыл мен 5

дұшпанды ата.

Бес дұшпан – өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал

шашпақ.

Бес асыл – талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым

жасау.

4

– асық: Жеті атаны талдап

беру. Өз атаңды ата. (Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене).

Әділқазылар сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды

марапаттайды.

 

Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст