«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Лагерь аруы" сайысы

23.06.2017

Тақырыбы: «Лагерь

аруы» 

Мақсаты: 1. Қыздарды

халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б.

негізінде тәрбиелеу.

2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін

түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Байқаудың шарттары төмендегідей:

1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру

(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)

2. «Қыз еркем – кестесімен көркем»

(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)

3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»

(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)

4. «Өнер»

(Ән айту, би билеу, күй тарту)

5. «Сұлулық сыры»

(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)

Көрнекітіктер: Түрлі түсті шарлар, банер,

Техникалық құралдар:cлайд

Өтілу барысы:

Тәрбиеші: Құрметті жиналған қауым!

                    Бүгін

біздің мектепте дүбірлі той,

                    Ден қойып

тыңдаңыздар, көңілді қой.

                  Жырдан шашылсын,

күй күмбірлеп,

                  Қош келдіңіз

халайық, сергісін бой.

 Бүгінгі «Лагерь аруы» атты арулар сайысына қош келдіңіздер.

«Лагерь аруы» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ұстаздар

байқауымызды бастайық.

 Тәрбиеші:

                  Қыз сыны, қыз

өнері, қыз  әдебі,

                 Тал бойына

жарасқан күлкі әлемі.

                Бір көргенде болмай-ақ

сахнада, 

                Өмірде сақталсыншы ұлт

әдебі.  

 

                Кімдер жүйрік, өнерпаз

білейікші,

                Аруы деп мектептің

 жүрейікші.

               Әділқазыларға тек

әділдікті,

                Ал аруларға сәттілік

тілейікші

 Енді ару

қыздарымызды ортаға шақырайық.

 

 

Тәрбиеші:

Шалқытып мерекеде ән салайық, 

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық.

1. Абельдинова Махаббат

2. Алясхарова Арай

3. Байдильдина Ақкенже

4. Досмуханова Құндызай

Сайысымыздың кезеңдерімен таныс

болыңыздар.

1.    Өзін -өзі таныстыру.

2.    Өз өнерін көрсету

3.    Білгенге  маржан (сұрақ-жауап)

4.    Сән үлгісі

5.    Қолөнер

Қатысушылар әділқазы  алқасының  алдынан нөмер  алады да ,

кезекпен  өздерін таныстырады. 

I кезең.Таныстыру

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

II кезең. Өз өнерін көрсету.

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреулер ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға

Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

(әділқазылар алқасының бағаларын білу)

III  кезең. Білгенге

маржан (сұрақ-жауап)

Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,

Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.

IV кезең. Сән үлгісі

Ал,халайық ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қара біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

V кезең. Қолөнер

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасатын.

( әділқазылар алқасының бағаларын

білу)

 Қорытынды: Қыз баланы ізетті,

инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың

қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай

білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере

білген.

«Қыз емес қыздың аты қызыл

алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын,

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі

істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың

ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын

өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз.

Тәрбиеші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы,

құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің

сәні бола беріңіздер.

Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа .

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда. Бірі жеңер енді бірі жеңілер ханшайымды сайладық біз топ

ішінде жеңгенді.

 

Просмотров: 2787


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст