«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жанғыш пайдалы қазбалар

15.11.2017

Күні:  13.11.17                     Сыныбы: 4 «А»                       Пәні: Дүниетану

Тақырыбы: Жанғыш пайдалы

қазбалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Адам

өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу. 

Дамытушылығы: Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай

білуге,

 өздігінен ізденуін,

шығармашылығын, танымдық қабілетін

дамыту.                               

Тәрбиелілігі: Табиғатты аялай білуге, сүйіспеншілікке,

үнемшілдікке

тәрбиелеу.                                                                

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Пайдалы

қазбалардың түрлері, кесте, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

а/ оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды

түгендеп, олардың сабаққа әзірлігін тексеру.

б/ назарын сабаққа аударып, сабақтың мақсат -

міндеттерін айту.

Психолгиялық дайындық:

ІІ. Үй

тапсырмасын тексеру.  Карточке арқылы сұрақтарға жауап беру.

1.Түсті металлдар түрлерін атап бер?

(Мыс, алюминий, қорғасын, мырыш )

2.Мыстан нелер жасалады?

(Электр сымы, электр машинасы мен бөлшектері, Оларды

теллефон, телеграф байланысына кеңінен қолданады)

3.Мыстың мырышпен қосындысы қалай аталады?

(Жез)

4.Қола қандай қоспалардан жасалады?

(Қалайы, алюминий, никель және басқа қоспалар)

5. Қазақстанда

 мыс қай жерлерде кездеседі?

(Жезқазңан мен Қоңырат)

6.Алюминийды сипатап бер және оны қолдану жерлері?

 (Түсі – күміс

сияқты, ақ түсті, өте жеңіл. Алюминийден қасық, шанышқа, түрлі ыдыс-аяқтар,

электр сымдары.)

7.Қорғасын қандай металл?

(сұрғылт түсті, өте ауыр және тапталғыш металл. Адамдар

қорғасынды өте ертеден пайдаланып келеді.)

8.Мырыш қандай металл?

(Көкшіл сұр түсті металл. Мырыш жалатылған темірді тот

баспайды.)

9.Мырыштан қандай заттар жасалады?

(Шелек, леген, астаулар,)

10.Қорғасынның ерекше қасиеттерін атап бер?

(Ол адамға зиянды радиация және ретген сәулелерін

өткізбейді. Сондықтан одан  радиоактивтік

заттардан сақтайтын қораптар, рентген кабинетінің құрал-жабдықтарын

дайындайды.)

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Балалар, пайдалы қазбалар нешеге

бөлінеді?  3 ке.

- барлығымыз дауыстап

айтайықшы.  (Кенді, Жанғыш, Кенсіз.)

- Өте жақсы.

Олай болса бүгінгі біздің

өтетініміз Жанғыш пайдалы қазбалар.

Жанғыш пайдалы қазбаларға:

-        

Газ

-        

Тас көмір

-        

Мұнай

Тас көмір

     Ең көп өндірілетін қазба, қатты, қара

түсті зат. Тас көмірдің ең сапалы түрі антрацит. Ұстағанда қолға

жұқпайды,металл сияқты жалтырап тұрады.

Тас

көмірді өңдеу арқылы дәрі-дәрмек, мата бояйтын бояу, әтір,қопарғыш зат, пластмасса

алынады. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте көп.

Таскөмір

1.

Қатты,морт сынғыш.

2. Қара

түсті жылтыр.

3.

Жақсы жанады және

жылуды көп береді.

4. Суда ерімейді.

      Тас көмірдің кен орны - Қарағанды. Ондағы қара көмірдің сапасы

жақсы, оны отын ретінде пайдаланады. Екібастұзда арзан көмір өндіріледі. Оны қоңыр көмір деп атайды. Көмірден дәрі жасайды.

     А.

Байжанов Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі. 1824 жылы Нұра

өңірінің оңтүстігінен 25 км. жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Ол

жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. 1833 жылы ол жер бетіне шығып

жатқан тас көмір қабатын тапты.

Жанғыш пайдалы қазбалардың бірі-мұнай

  

Өте қызулы отын. Ол күл

қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы

және басқа көптеген заттар бөлініп алынады.

    Мұнайдан – Газ, Мастика, Бензол, Автол, Бензин, Вазелин, Керосин, Мазут, Асфальт, Синтетикалық каучук, Спирт, Лак, Пластмасса

Атыраудағы мұнай зауыты

Табиғи газ

    Жер астынан мұнаймен ілесіп шығады. Ілеспе газ кейде көп мөлшерде кездеседі. Оны мұнай –газ кен орны деп атайды. Таза

табиғи газды тұрмыста, сондай-ақ отын және химиялық шикізат ретінде қолданады. Газ бен мұнай кен орындары Каспий маңы ойпаты

мен Маңғыстау түбегінде шоғырланған. Каспий

теңізінің суы таяз бөлігінде мұнай мен газ қоры мол. Картада мұнай -қара

мұнара, газ- ақ мұнара белгісімен берілген.

Мәтінмен жұмыс.

Оқулықтан жаңа тақырыпты

тізбектеп, дауыстап оқыту.

Картамен жұмыс.

Қазақстанның

Пайдалы Қазбалар картасымен жұмыс.

Дәптермен жұмыс:

Бүгінгі күнді сабақтың тақырыбын

жазу.

Жанғыш пайдалы қазбаларды жазу.

Сергіту сәті:

«Сүзгі» әдісі:

Берілген мәліметтерден нақты ақпараттарды сұрыптау,

іріктеу. Қажетті ақпарат сүзгіде қалады да, қажетсізін, сүзгіден өткізіп

жібереді.

Жанғыш пайдалы қазбаларды табу

ІҮ. Сабақты қорытындылау:

1. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?

а. 1                        ә. 2                      б. 3

2.Жанғыш пайдалы қазбалар.

а. мыс, мұнай, темір    

ә. мұнай, тас көмір, газ    б. газ, тас көмір, алюминий.

3. Ең көп өндірілетін қазба, қатты, қара түсті зат.

а. мұнай                

ә. газ                    б. көмір

4. Тас көмірдің өңдеу арқылы қандай заттар алынады?

а. дәрі – дәрмек, мата бояуы, қопарғыш заттар.

ә. шелек, шара, телевизор

б. пластмасса, мырыш, мыс

5. Тас көмірдің кен орны қай жерде?

а. Жезқазған                       ә. Қарағанда                    

б. Каспий

6. Алғаш рет тас көмірді тапқан кім?

а. Ш.Уалиханов                 ә. А.Байжанов                          б. Ы.Алтынсарин

7. Мұнай зауыты қай қалада?

а. Маңғыстау                ә. Ақтау                           б. Атырау

8. Картада газ қандай белгімен берілген?

а.                           ә.            б.

Ү. Сабақты бекіту: Жұмбақ жасыру.

ҮІ. Бағалау: Оқушыларды 

бағалау.

ҮІІ. Үй тапсырмасы: Мәтінді оқу. Қазақстан картасынан пайдалы қазбалар

өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу.

 

 

 

 

Просмотров: 1533


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст