«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жыр – менің жалғыз тарланым» мектепішілік іс-шара

20.11.2017


Кештің

тақырыбы: «Жыр – менің жалғыз

тарланым» 

Мақсаты: Қазақтың

ақын қызы Ф.Оңғарсынованың «Маржан» поэзиясымен

тілдесу. Ақынның өміріне қысқаша шолу жасай отырып, өлең-жырларын оқушыларға

жаттатып, білімдерін одан әрі шыңдауына үлес қосу. Оқушылардың еліміздің

табиғатына, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. 

Көрнекілігі: Фаризаның суреттері, тақырып жазылған плакат, өмірі туралы слайд, шармен безендіру 

                                                                  

Барысы: 

1-жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым! 

- Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр,

өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең

еткізіп, жырмен тербеп жүрген һәм есімі республикаға танымал дарынды қазақ

қыздарының бірі Фариза Оңғарсыноваға арналған «Жыр – менің жалғыз тарланым»

атты кешімізге қош келдіңіздер! 

2-жүргізуші: 

Бүгінгі кешіміздің мақсаты: Атыраудың ақын қызы

- Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен танысу, оқушылардың поэзияға

деген кызығушылыктарын арттыру, ақынның ipілігі

мен парасаттылығын айқындай

түсу. 

1-жүргізуші: Фариза

Оңғарсынова 1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы,

Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев

мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы

ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде

ұстаздық еткен. Әкесі

еліне сыйлы, ашық-жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер

шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады.

Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты,

сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап

құлағына құйып өседі.  

2-жүргізуші: 

1966-1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік

еңбек" газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып

істеген. 1968-1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің

Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған. 

1970-1978 жж. республикалық "Қазақстан

пионері" газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан

"Пионер" журналының бас редакторы болып істеген. 

1978-1996 жж - республикалық «lino-Hep» (қазіргі

«Ақ желкен») журналының бас редакторы.  Фариза Оңғарсынова - қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан

Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты

(1996-2004). 

1-жүргізуші: 

   Ақын –

өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған

кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін

теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы –

поэзия. 

Көңілді, жайлы күнімді, 

Азапты қайғы мұңымды 

Өзімменен бөліскенің үшін 

Қатем мен жеңістерім үшін 

Менің мынау қиындау тағдырым болып 

О,баста көріскенің үшін 

Өлең, мен сені аялап өтем! – деп толғайды. 

2-жүргізуші: 

Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем.

Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. «Маңғыстау монологтары» ақынның

отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері «Мазасыз шақ», «Мен сенің жүрегіңдемін»,

«Шілде», «Сенің махаббатың», «Дауа» сияқты кітаптары адам атты күрделі

жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде,

қайратынан жыр жанығанда әршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның

халқына ұсынған әр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды. Ақын

әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. 

1-жүргізуші:

Әділ-қазылар сайлау:

Ән:  «Айтатын 

саған сырым бұл»

Орындайтындар: Алясхаровтар дуэті

1-Жүргізуші: 

Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең

көсіліп жырлаған табысты тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа

да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы

игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып

суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем

тәсілмен өрнектейді. 

2-Жүргізуші: 

Алғашқы махаббаттың алауына

өртенген жастардың сезіміне, әсіресе қыз баланың алғашқы сезіміне ақынның

махаббат лирикасы шипа ем, жанына дауа болары анық. Ақын сезім  жайлы

мына өлеңінде:

Табынған боп, сүйген боп көндігер

ем,

Көнер емес жүрегім сорлы денем.

Сыйлағаннан махаббат тумайды

екен,

Сирек келер сезім ғой ол бір

ерен,- деп жырласа,

Қыздардан ерлік қалған ба-

Құлай сүйсе де шектелген:

Сен алғаш сүйіп алғанда

Ашуланған боп кеткем мен.

1-Жүргізуші: 

Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын

жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: «Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның

ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол

әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл

тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі,

күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы», – дей келе: 

Өз-өзіммен өртеніп барам жанып, 

Жүректен жас ағады тарамданып. 

Менде жоқ қой бұл күнде тым болмаса, 

Ақтарылар алдыңда саған барып. 

Жасқа ғана толады жанар налып, 

Мен үшін тұр дүние қараң қалып, – 

деп, әйелдің мұң-қайғысын сырғып шертеді 


1-Жүргізуші: 

Слайдпен жұмыс

2-Жүргізуші: 

Шынында осындай тапқыр да сұлу тіркестерді тек

Фариза ақын ғана таба алатын сияқты. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән

секілді. 

Өлең - өмір, өлең - сезім десек,

сырлы лирикаға тән ерекшелік өмір құбылысын жүрек толқынысы мен шынайы тербеліс

арқылы жеткізу болып табылады. Ендігі кезекті Фариза ақынның оқырман жүрегінен

орын алған жырларына кезек береміз.

Әдеби монтаж

1-Жүргізуші: 

Жыр жазбасам жабығам, 

Онсыз маған дүние жел өтіндей, 

Жұрт ұқпайды жүрем мен неге күлмей, 

Ал сен болсаң қайрайсың, құлшынтасын, 

Содан саған бір пайда келетіндей. 

2-жүргізуші 

Мен бір қызық адаммын 

Қатал тағдыр сілкілеп мың санаған, 

Құлап тұрып сонда да тыншымаған, 

Жұртқа деген ызадан булыққанда 

Сені орынсыз азаптап, ұрсып алам. 

Сен – асқақсың, білемін 

Маған ғана иіліп кешіресің 

Иілуде бүгінде кісіге сын. 

Қуаныштың мен үшін не екенін 

Бұл жалғанда сен ғана түсінесің 

Ендігі кезекті әділқазыларға береміз:

Бейнебаян:

1-жүргізуші:  Қорыта

айтқанда,Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек

елжіретер өлеңдері кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды

дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл

қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек, асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты

өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ,

әрине, қателеспейміз.

2-жүргізуші :   Қадірлі

қонақтар! Осындай жан дүниемізді байытатын , қиналғанда рухани байлығымызды

кеңейтетін поэзияның падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып жүрген,

өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан

Қазақстанның халық жазушысы Фариза апамызға арналған кешіміз де өз мәресіне

жетті.

«Фариза» әні қосылады.

 

Просмотров: 1290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст