«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

C.Бегалин. Қырдын жас түлегі. "Шоқан туралы"

28.11.2017

Күні:

22.11.17                 Пәні: Әдебиеттік

оқу                      Сыныбы: 4 «А»                     

Тақырыбы: Сапарғали Бегалин. Қырдың жас түлегі. Шоқан туралы.

Мақсаты:

Оқушыларды С.Бегалин және Шоқанның өмір

жолымен таныстыру, автордың негізгі идеясын ашуға жағдай жасау, шығармашылықпен

жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын

дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,

іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте. сөздік

жұмыс. сөзжұмбақ.

                                               

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік.

Балалар, бір – біріңе қарап  жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді

жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын,  Жан 

дүниемде күн нұрлы жылуым мол болады. Осы жылуды жер бетіндегі барлық

адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Сөзжұмбақ шешу:

 

ж

о

ң

ғ

А

р

 

 

 

Б

а

ш

қ

ұ

р

т

 

 

а

ш

т

Ы

қ

 

 

 

Қ

а

Л

д

а

н

С

е

р

е

н

 

й

А

с

а

у

и

 

 

 

қ

ы

т

а

Й

 

 

 

 

 

 

 

 

1-2. Қазақ жеріне кімдер шабуыл жасады?

3. Халық неден қиналды?

4. 1730 жылы шабуыл жасаған Жоңғар қоңтайшысы

кім?

5. Абылайдың денесі қай жерде жерленген?

6. Абылай өсиетінде кіммен байланысты үзбеу

керек дейді?

ІІІ. Жаңа сабақ

Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

1.Әңгіменің авторы С.Бегалин өмірімен таныстыру.

Сапарғали Бегалин 1895 жылы Шығыс

Қазақстан облысы,Дегелең ауылында дүниеге келді. Балалар әдебиетінің негізін

салушы.Өмірі шежіреге толы жазушы.Жиырма шақты поэмасы,оннан астам повесі,жүзге

жуық әңгімелері бар.

2. Мұғалімнің Шоқан туралы қосымша мәліметтері. Шоқан Уәлиханов – қазақтың

ұлы ғалымы, шығыстанушы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шоқан

Шыңғысұлы-1935 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы,

Құсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс әулетінде дүниеге келді.

Шоқанның азан шақырып қойған аты

Мұхамед Қанафия.Кішкене күні әжесі Айғаным еркелетіп«Шоқаным»,-деп айтқан,содан

Шоқан атанып кеткен. Шоқанның әкесі Шыңғыс

орысша білімді полковник.Атасы Уәли орта жүздің ханы,арғы атасы қазақ халқының

ұлы ханы Абылай.Шоқан Абылайдың шөбересі.Шоқан білімге өте құштар болды.

Шоқанның алты інісі,жеті қарындасы болған.

Видео көрсету:

С.Бегалин және Ш.Уалиханов туралы.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға тізбектей оқыту. Оқыта

отырып, бөлімдерге бөліп, ат қою.

1.Ертіс бойының табиғаты.

2.Елге деген сағыныш.

3.Қорқақтың кесірі.

Жеке жұмыс:

Тауып оқу.

- Шоқанның еліне деген сағынышы

суреттелген жерді тауып оқу.

- Шоқанның Анатолийге айтқан

сөзі.

- Офицердің

кенет бөлмеге кіріп келген кезін тауып оқу.

Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмыс.

Қамау көше – тұйық көше.

Кадет корпусы – патша үкіметі

заманындағы әскери оқу орны.

Жатақ – жатақхана. 

Өзіндік

жұмыс.

I-оқушы.Шоқанға мінездеме: Шоқан -

ең даласын, өз елін, табиғатын, жануарын сүйеді, қадірлейді. Ол-өз мінез

құлқымен,ақылдылығымен үлкенге сыйлы.Шоқан жақсы мен жаманды,дұрыс пен бұрысты

айыра біледі. Басқаның қателігін бетке айтып,сырттан өсек айтпайды.

II-оқушы.Анатолийге мінездеме: Қолынан

ештеңе келмейтін, жайшылықта мықтысынып,бетпе-бет келгенде бұғып қалатын, жағымпаз,

жігерсіз.

III-оқушы.Офицерге мінездеме: Адаммен

тіл табысуды білмейтін,дөрекі,істің байыбына бармайбірден бастықтарға

шағымдануды дұрыс санайтын адам.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Шоқан Уәлиханов

Сызбаны толтыру.

 Кім, қайда туған?

Шоқан Уәлиханов – ғалым, саяхатшы.  Қостанай обл,Сарыкөл ауд, Құсмұрын бекінісінде

Қандай шығармалары бар?

«Жоңғария очерктері»,

«Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», т.б.

Ғалым туралы мен не білемін?

 

 

 

                                                                                                                                                                                       

 

 

 

 

Ү. Сабақты бекіту.  

Сіз қандай жаңа білім

алдыңыз?(өзін-өзі бағалау)

Мен білдім

Мен енді білетін болдым

Маған қызықты болды

 

 

 

ҮІ.  Үйге тапсырма:  түсініп оқу. 

Анатолийге бес жол өлең

құрастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Просмотров: 736


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст