Мағынаны тану" кезеңі Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану 1. Қолыңды сабындап жу 2. Қисаймай, түзу отыр 3. Қасықты оң қолыңмен ұста 4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма 5. Шамадан тыс тойып ішпе 6. Нанды үзіп же 7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.
Азық - түліктің қандай түрлері болады? “Азық - түлікті жина” ойыны Тамақ алдымызға қалай келеді? Сендер неше мезгіл тамақ ішесіңдер? Сабақтан кейін бірден тамақ ішуге отырасыңдар ма?
Дәптермен жұмыс Дұрыс тамақтану............ Дұрыс тамақтанбау..........
Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық Алақанды ұрайық, Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық.
Сауалнама: 1. Нансыз тамақ ішесің бе? 2. Қандай көкөністерді күнделікті жейсің? 3. Қандай жемістің шырынын ішесің? 4. Күніне неше рет сүт ішесің? 5. Сен балықты жақсы көресің бе? 6. Шайға қантты көп саласың ба?
Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде. ↓ Жұқпалы аурудан сақтана білу Табиғи шынығу. Күн тәртібін дұрыс сақтау. Жеке бас тазалығын сақтау Дұрыс тамақтану. Спортпен айналысу. Темекі, арақ, нашақорлықтан аулақ болу. Қайрымды болу.
№ 12 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ШҰҒЫЛ
ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОҢЫРАУ СОҒУ СКРИПТЕРІ»
Сабақтың мақсаты: қоңырау скриптерін, шұғыл қызмет диспетчеріне телефон соғужағдайын ұйымдастыруды үйрету. Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин) 2.Мақсат қою. Тақырыпты анықтау. Бейнежазбаны қарау.
- Бейнежазбадан не түсіндіңдер?
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайық.
Біз бүгін шұғыл қызмет өкілдерімен дұрыс сөйлесуді үйренеміз.
3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
- Өткен сынып сағатында біз төтенше қызметке телефон соғуды үйрендік.
Адам науқастанып қалса, қандай нөмірге телефон шаламыз? Бұзақыларға тап болса ше? Өртті байқаса ше? Үйде газ иісін сезгенде ше?
-Егер қобалжығаннан қажетті нөмірді ұмытып қалса, бұл жағдайда не істеу керек? Кез келген құтқару қызметін шақыру нөмірі қандай? 4.Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут).
- Егер сен құтқару қызметтерінің нөмірлерін білсең, өзіңе де айналаңдағы басқа адамдарға да көмектесе аласың (Скрипт – бұл телефонмен сөйлесудің нақты скриптері, әрекет жоспары). Қызмет нөміріне хабарласып, диспетчер сұрақтарына дұрыс және нақты жауап беру керек.
Жұптық жұмыс. Үлестірме карточкамен жұмыс. Тапсырма:
Іс-қимыл жоспарын қарап шығыңдар. Артығын сызып, іс-әрекет реттілігін сол жағындағы торкөздерге белгіле.
Карточка үлгісі:
Диспетчердің барлық сұрақтарына жауап беру. Қорқып тұрғаныңды айтып шағымдану.
Тиісті төтенше қызмет нөмірін теру.
Өзің және отбасың туралы әңгімелеу.
Нақты мекенжайды атау.
Не болғанын анық және нақты айту.
Өзіңнің атыңды, тегіңді және телефон нөміріңді атау.
Үлгі бойынша тексеру:
5 Диспетчердің барлық сұрақтарына жауап беру.
1 Тиісті төтенше қызмет нөмірін теру.
3 Нақты мекенжайды айту.
4 Не болғанын анық және нақты айту.
2 Өзіңнің атыңды, тегіңді және телефон нөміріңді айту.
- 112 нөміріне телефон соққан адамға қандай кеңес бересің?
5. Білімді бекіту
Есте сақта!!!
Жедел жәрдем 103
Төтенше газ қызметі 104,
Бірыңғай құтқару қызметі 112 112
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен 111 ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.
- «111» нөмірі – 24/7 байланыста
- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды топтарымен байланыста.
6. Қорытынды. Рефлексия (2минут).
- Бүгінгі сабақтан не білдің?
- Төтенше жағдай кезінде адам өмірін құтқару неге байланысты?
Өзіңді 112 қызметінің диспетчері деп ойла. Қорқып, көмек сұраған балаға қандай сұрақтар қояр едің?
|