«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ "Ортақ етіс жұрнақтары"

05.02.2018

Күні: 22.01.18                                Пәні: Қазақ

тілі                        Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Ортақ етіс жұрнақтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға етіс түрлері туралы өткенді қайталата

отырып, ортақ етіс туралы білім беру, етіс түрлерінің өзара айырмашылықтарын

меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың іздену, есте сақтау, сауатты жазу,

қажетті ақпаратты қорыта білуі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: мысалдарды, мақал-мәтелдерді талдата отырып,

адамгершілікке, бейнелі сөйлеу шеберлігіне, топтық жұмыс арқылы бір-біріне

көмектесе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,  талдау

Сабақтың

көрнекілігі: плакат,

оқулық, сызба кестесі, слайд

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,

кезекшімен сұхбат.

Құрал-жабдықтарын тексеріп

шығу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.  

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан»

тренингін өткіземін.

ІІ.Үй

тапсырмасын пысықтау.

Ал қане балалар кім үй жұмысын орындап келді?

Қызығушылығын  ояту 

мақсатында оқушыларға  үлестірмелі  кестелер  таратып беріледі.

Етістердің

түрлері

Атқаратын

қызметі

Сұрағы

Жұрнақтары

Мысалдары

1.Өздік

 

Қимыл иесі

істі өзі атқарады.

Не істеді?

Не қылды?

-н, -ын, -ін

 

Асан жу-ын-ды.

 

2. Өзгелік

 

Қимыл иесі

істі біреуге орындатады.

 

Не істетті?

Не қылғызды?

 

-қыз,

-кіз, -ғыз, -гіз

-дыр,

-дір, тыр,-тір,  -ыр,-ір, -т

Сурет

сал-ғыз-ды.

 

3.Ырықсыз

 

Қимыл иесі

айтылмайды, бірақ

іс

орындатылады.

Не

істелінді?

 

—ыл,-іл,-л

-ын, -ін, -н

 

Киім тазала-н-ды.

Мал бағ-ыл-ды

ІІІ. Жаңа сабақты

түсіндіру:

«Миға

шабуыл» әдісі

Балалар !

Жаңа сабағымыз өзге сабақтарға қарағанда өзгеше болмақ. Себебі, біз бүгін барлығымыз жиналып саяхатқа шығамыз.

«Ой қозғау» әдісі

Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, «Етістік» деп аталатын ауыл болыпты. Ол ауылда атына заты сай, білімді, ақылды, көпті көрген «Етіс» деп аталатын бір қария өмір сүріпті. Етіс қария өзінің тапқырлығымен, шешендігімен, әділдігімен халықты таң қалдырған екен. Қарияның төрт ұлы бар болатын. Олар: Өздік етіс, Өзгелік етіс, Ырықсыз етіс, Ортақ етіс. Етістің ұлдарының өздеріне тән ерекшеліктері болыпты. Бірінші ұлы -Өздік. Ол өзімшіл, өзін ғана ойлайтын болады екен.Ал екінші ұлы Өзгелік болса, өзгені ойлап, барын өзге үшін шашады екен. Үшінші ұлы Ырықсыздың барлық жасаған істерін біреу пайдаланып, қызығын басқа көреді екен. Ал соңғы кенже ұлы Ортақтың қасиеттерін біз білмейді екенбіз. Ол үшін біз мына кестені сөйлетейік.

Топтастыру стратегиясы

      Қимыл , іс – әрекеттің

орындаушысы біреу емес, бірнешеу екенін білдіретін етістің түрі ортақ етіс деп

аталады. Ортақ етіс  -ыс,-іс,-с жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, Омар

мен Оспан хат жаз – ыс – ты. Қыз бен жігіт сөйле – с – ті. Ол бізге үй сал –ыс

– ты деген сөйлемдердегі  жазу, сөйлеу, салу қимылдары бірнеше орындаушы

(Омар мен Оспан, қыз бен жігіт, ол мен біз) арқылы іске асқанын көрсетеді.

Етіс жұрнақтары кейде бірінің

үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді: сөйле – с – іл – ді, жү – р – гіз –

дір – іл – ді, айт – ыс – тыр – ды, т.б.

Оқулықпен жұмыс

195-жаттығу. Берілген етістіктерге жұрнақ жалғап, ортақ етіс

жасаңдар. Түбір мен қосымшаның арасын дефис арқылы ажыратыпжазыңдар.

Ал, бөге, тасы, тік, бақ. тазала,

жу, айт, қой, жөнде, апар, тоқы, тер, жаз, жина, тара, сал, бітір, тұрғыз,

сөйле, іл, ақта, көтер, жек, шегеле.

Жұптық  жұмыс  «Ақпаратты

сүзу» Берілген мәліметтерден нақты ақпараттарды сұрыптау, іріктеу. Қажетті

ақпарат сүзгіде қалады да, қажетсізін, сүзгіден өткізіп жібереді. Топ болып

талқылай отырып орындайды. (Ортақ етістерді табу)

(Жуынды, айтысты, салдыр, отырғыз, сөйлесті, жазысты, жасат, тазаланды,

дауылдасып, ашылды, көмектесті, күресті, гүлденді, түйіседі, тіктір) 

ДЖИГСО әдісі

Етіс қария балалар жарайсыңдар, тапсырмамды ойдағыдай орындадыңдар, енді

менің тағы бір тапсырмам бар еді дейді.

Тақтамен жұмыс. 196-жаттығуды орындаймыз. Мәтіндерден ортақ етісті тауып, қалай жасалып

тұрғанын байқаңдар. Оларға тұлғалық талдау жасаңдар.

Балаларым, сендер өте жақсы деңгейде орындап шықтыңдар. Енді соңғы бір

тапсырмамды орындап кетіңдер дейді. Сендерге 

197-жаттығуды орындауды тапсырамын.

Сабақты  қорытындылау : Міне сендер менің кенже ұлымның барлық қасиеттерін таптыңыздар. Рахмет. Сендердің

біздің «Етістік» ауылына саяхат жасап келгендеріңізге ризамыз. Ауыл тұрғындары

бір кісідей атсалысып, қонақ қылды риза шығарсыздар! Саяхатқа келіп тұрыңыздар!

Іні-қарындастарыңызды да жіберіңіздер дейді - Етіс қария шын көңілмен. Сіздерге

ризашылығымды білдіремін. Маған өздеріңнен естелік қалдырыңдар. Ол үшін мына cемантикалық картаны орындап  кетіңдер дейді.

Мысалдар

Өздік

өзгелік

Ырықсыз

ортақ

Жазысты

+

Сөйлесті

+

Отырғызды

+

Салдыр

+

Үй

тазаланды

+

Сөз

айтылды

+

Көбейттір

+

Оранды

+

Таранды

+

Жуынды

+

Сабақты бекіту.

1.Ортақ етіс дегеніміз не?

2.Ортақ етістің жұрнақтарын атап көрсет?

3.Ортақ етіске мысал келтір.

   Арман

мерекелік жиында өз өнерін көрсетуге бірден кел-іс-ті.

   Қарияның

қол сөмкесін көтер-іс-ті .

Үйге тапсырма:

198-жаттығу, ережелерді қайталау.

Бағалау.

 

Просмотров: 2011


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст