«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдеби әлемге қош келдіңіздер!

05.02.2018

Тақырыбы: « Әдеби

әлемге қош келдіңіздер!»

Мақсаты: Оқушыларға

мақалды терең түсіне  білуге, жұмбақты ойлана отырып шешуге,

жаңылтпашты нақышына  келтіріп, жаңылмай отырып айтуға үйрету. Жұмбақ

шешіп, жаңылтпаш айтып жарысу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын, есте

сақтау  қабілеттерін дамыту. Халық ауыз әдебиетін тереңірек білуге,

қадірлеуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакат, кеспе

қағаздар, суреттер.

Түрі: Жарыс сабақ

Әдісі:  Түсіндіру, ойтолғау, жарыс сұрақ-жауап.

                                                              Барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың

зейінін сабаққа аударып, сыныпты 2 топқа бөлу. Әр

топқа ат беру

ІІ. Сайыстың өту барысы

Бұл

сайыстың ерекшелігі, сайыс бөлімдері түрлі жұмбақтардан, мақалдар айтудан, өлең

оқудан  тұрады. Жұмбақ ауыз әдебиетінің

бір түрі. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол адамдардың бір нәрсенің

белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Біз жұмбақтар

әлемінің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екеніне көз жеткіземіз. Олай болса,

осы сайыс арқылы өз өнерімізді, білімімізді ортаға ортаға салайық. Сайыста жеңу

үшін белсенділік танытып, берілген тапсырмаларға өзгелерден бұрын жауап

берулеріңіз керек.

ІІІ. Сайыс

бөлімдері:

Сөзжұмбақ

шешу

Әріп

жұмбақ

Кім

тапқыр?

Сайыскерлерге

әр бөлімде қорытынды баға беріліп отырады.

І бөлім «Сөзжұмбақ»

І топ

1.    

Үш-төрт қана тісі бар,

Шөп көтерер күші бар. (айыр)

2.     Суға батпайды,

Отқа жанбайды. (мұз)

3.     Алыстағы қоянды,

Алдыңа әкеп қояды. (дүрбі)

4.    

Тақтаны «досым»

дейді,

Өзін сол досы «жейді». (Бор)

ІІ топ

1.    

Алыстан қарасам аппақ,

          Татып қарасам тәтті-ақ. (қант)

2.     Тұмсығымен ояды,

Ағаш құртын жояды. (тоқылдақ)

3.     Аты

да көк,

Заты да көк. (аспан)

4.     Бет-аузыңнан сүйеді,

Ерні суық тиеді. (аяз)

 

 

ІІ бөлім

«Әріп жұмбақ»

Бұл бөлімде екі топтың оқушылары шапшаңдық таныту керек.

Қай топ бірінші жауап берсе сол топ ұпай алады.

1.

Қырда бар, тауда жоқ. Айранда

бар, сүтте жоқ. (Р)

2. Өңірде бар, өмірде жоқ. Жеңілде бар, ауырда жоқ. (Ң)

3.

Сарыда бар, көкте жоқ. Сұрда

бар, ақта жоқ. (С)

4.

Қарда бар, мұзда жоқ.  Құзда бар, жарда жоқ. (Қ)

5.

Шамда бар, шаңда жоқ,   Малда бар, аңда жоқ. (М)

6.

Көйлекте бар, шалбарда жоқ.   Етекте бар, балақта жоқ. (К)

7.

Жұлдызда бар, айда жоқ,  Бұлтта бар, күнде жоқ (Ұ)

8.

Бөрікте бар, жаулықта жоқ,  Өрікте бар, мейізде жоқ. (Ө)

ІІІ. Кім тапқыр?

Жұмбақтар

шешу

1.

Үлкен үйге барасың,

    Үлкен білім аласың. (мектеп)

2.

Қате көрсе өшіреді,

   Демек оны кешіреді.

(өшіргіш)

3.

Жылжытады алға бізді,

   Жылжымайды бірақ өзі (сынып)

4.

Бойлаған сайын тереңге,

   Шығасың биік белеңге. (білім)

5.

Түйістірді көзіңді көзіңе,

   Жолықтырды өзіңді өзіңе (айна)

6.

Қалтамда жатыр тісі бар,

   Тістемей – ақ істер ісі бар. (тарақ)

7.

Күндіз бәрі қашады,

   Түнде аспанды басады. (жұлдыз)

8.

Ақ сандығым ашылды,

    Ішінен жібек шашылды (күннің көзі)

9.

Зулап түсіп төменге,

    Шықпас менсіз төбеге. (шана)

10.

Табаныма байладым,

      Қос таяқпен айдадым (шаңғы)

Мақалдар -ауыз әдебиетінің бір түрі. Халықтың өмірлік

тәжірбиесінен алынған ой түйін. Мақалдар  көлемі аз болғанымен, мағынасы

өте терең. Әртүрлі  тақырыптарда айтылады.

Жоспары:

І тур: Мақал – мәтел «Тақырыбы: Туған жер, Отан, сөз

өнері»

ІІ тур: Мақал – мәтел табу «Тақырыбы: Еркін»

ІІІ тур: Тұрақты сөз тіркесін табу

ІҮ тур: Супер ойын «Екі жақ топ басшысына сұрақ»

Шарты:  Бірінші топтың

айтқанын екінші топ қайталамайды. Ал ойынды бастаймыз!

І тур:

1.    

Отан – елдің анасы,

Ел – ердің анасы

2.    

Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес

3.    

Туған жердей жер

болмас, Туған елдей ел болмас

4.    

Отансыз адам,

ормансыз бұлбұл

5.    

Туған жердің

қадірін,  Шетте жүргенде білерсің

6.    

Туған жердің ауасы

да шипа

7.    

Ел елдің бәрі

жақсы, Өз елің бәрінен де жақсы

8.    

Ел іші алтын бесік

«Мақал – сөздің мәйегі» демекші, құрғақ сөздің ғұмыры

қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал-мәтелдерді жиі қолданған жөн. Сонымен

ІІ турымызды бастаймыз. Ойымызды бұдан да күштірек жинақтайық.

ІІ тур: Бұл турда сендер мен айтқан мақалдың жартысын табуларың

қажет.

1.    

Бал тамған тілден,

(у да тамады)

2.    

Білімсіз өмір, (сөнген көмір)

3.    

Құлақтан кірген суық сөз, (жүрекке барып мұз болар)

4.    

Өзбектің кигенін ал. (қазақтың мінгенін ал)

5.    

Отансыз адам, (Ормансыз бұлбұл)

6.    

Еңбек адамның (екінші анасы)

7.    

Туған жердің қадірін, (Шетте жүргенде білесің)

8.    

Жас жемісті жұлма. (Жас баланы ұрма!)

9.    

Армансыз адам. (Алысқа бармас).

10.

Жүз күн жәннаттан, (Бір күндік тіршілік артық.

11.

 Көктен тіле, (Жерден өндір.)

12.

Талап қылмай, (мұратқа жетпес)

13.

Есектің жүгі жеңіл болса, (Жатаған болады)

14. Білекті бірді жығар. (Білімді

мыңды жығар.)

Ұлы афиналық ақын Демосфеннің айтуы бойынша, құр сөздің ғұмыры қысқа

демекші сөз өнерін кең байытып, көркемдеп сөйлеу керек. Бұрынғы кезде, ата

бабалармыз көп мақалдап, ойын астарлап жеткізіп отырған. Сонымен

осыншама талаппен ынтамен 3-турымызды бастайық. Бұл жерде сіздердің қазақ тілінен өтіп жүрген, тұрақты сөз тіркестері

кездеседі. Мен оқыған осы тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашуларың қажет.

Ал, бастаймыз.

ІІІ тур:

1. Иығынан су кетті. (жолы болмау)

2. Тонның ішкі бауындай. (тату - тәтті дос)

3. Сүт пісірім уақыт. (жылдамырақ)

4. Ат шаптырым жер. (алыс жер)

5. Таяқ тастам жер. (жақын жер)

6. Екі көзі төрт көз болды. (күтіп қалу)

7. Көз салды. (қарады)

8. Құлақ түрді. (тыңдады)

9. Тайға таңба басқандай.(анық)

10. Көзді ашып жұмғанша. (тез)

Мұғалім:  Енді балалар келесі сұрақ топ

басшыларына беріледі. Мен ортақ сұрақ қоямын. Ойлану 2 минут. Мұқият тыңдаңдар!

Бір күні Төле би

ұзақ сапар шегіп, жол жүреді. Сөйтіп Ақылбайдың үйіне тоқтайды. Төле биді жақсы

қарсы алып, дастархан жайып, алдына бас әкеледі. Сонда, Төле би қолына пышақ

алып, етті кесе бастайды, бір бөлігін аузына салып, құлағы мен таңдайын

Данагүлге береді.

Тапсырма: Ал, енді сендер Төле бидің Данагүлге не мақсатпен

құлақ пен таңдайды берді. Оқушы өз ойларын айтады.

Мұғалім: Төле би: Данагүлге таңдай берген себебім дарынды

да ақылды шешен болсын деп бердім, ал құлақ берген себебім көптеген шешендік

сөздерді естіп менің өсиеттерімді елге таратсын дегенім - деген екен.

Жаңылтпаш — қазақ

ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа

жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң

айтуға үйрету мақсатымен пайда болған.

Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз

дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең

түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта

алмайтын жастарға жаза ретінде

де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға

қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге

талпынған. Қазіргі кезде Жаңылтпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны

жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке,

адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.

1. Асан бақша жақтан.

   Ақ

сабақ асқабақ әкелді,

   Басқа

жақтан.

    Басқарақ

асқабақ әкелді.

2. Ала - ала алашалар,

   Тамаша

олар,

   Оған кім

таласа алар

3. Арқада алты арқар бар,

    Қырқада

қырық арқар бар.

    Қырық

арқарда ақ арқар бар.

    Алты

арқарда марқа арқар бар.

4. Ғарышкер ұшты ғарышқа.

    Ғарышқа

ұшты ғарышкер.

    Айтшы,

ғарыш алыс па?

5. Баланың жаман баға

алмағаны,

    Мұғалім

ағаның жаман болмағаны.

6. Біреуі көрікті кісі,

    Біреуі

бөрікті кісі.

    Көрікті

кісі – зорықты,

    Бөрікті

кісі – қорықты.

7. Ата мен әже, ана да,

    Алма мен

алмұрт тереді,

    Ауырға

Арман бала да,

    Арбамен

тасып береді

8. Омартаға балалар барар,

     Балаларды

аралар талар.

Қорытынды:

Білім деген – биік шың, биік шынар,

Биік шыңды бағындырсаң көңілің тынар,

Биіктерге қол созған мақсатыңа,

Еңбегің мен білімің алып шығар, - дегендей, бүгінгі сайысымыз

аяқталды.

Қош сау

болыңыздар!!!

 

Просмотров: 422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст