Мамандық таңдау – ертеңді ойлау
Мақсаты:
1. Мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар беру, оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу;
2. оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықты дұрыс таңдай білуге,таңдаған мамандығының өз білімділігімен қабілетімен сәйкес келуіне бағыт бағдар беру;
3. Түрлі мамандық иелерімен кездесіп, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру, ғылымға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Сондықтан биылғы мектеп бітіруші түлектерден болашақта қандай мамандық түрлерін таңдайтындығы туралы бірнеше сауалнама мен жағдаяттық сұрақтар алынды.
«Жағдаяттық сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. — Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?
Баланың бір іске деген икемділігін 13-14 жасында анықтауға болады. Бұның 2 себебі бар:
Біріншісі – осы жасқа дейін бала түрлі үйірмелерге қатысып көріп, өзіне ұнайтын нәрсені анықтауы қажет деп ойлаймын. Сонда ғана, сол салаға сәйкес өзіндік пікірі де қалыптаса бастайды.
Екіншісі – бұдан өзге 9 сыныпта оқитын оқушылардың алдында 10-11 сыныпты оқимын ба, оқымаймын ба деген үлкен таңдау тұрғаны баршамызға аян. 9 сыныпты бітірерде не себепті таңдау жасаймыз? Ондағы мақсатымыз не? Деген сұрақтар төңірегінде 9 сынып өз қалаған мамандықтарымен бөлісіп, әңгіме жүргізілді. Соның ішінде Болатов Темірлан болашақта медицина қызметкері болатынын айтып өтті. Бұл мамандықты таңдаудағы себебі анасымен ақылдаса таңдағанын айтты. Үй – іші де бұл мамандыққа баруымды қалап отырғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар осы мамандыққа да өзінің қызығушылығы бар екенін де жасырмады. Ал екінші оқушымыз Тортай Ерасылдың қазіргі таңда таңдап отырған мамандығы, яғни ата-анасының айтып отырғаны электрик мамандығы болып отыр. Бұл мамандықты таңдауға кім ықпал етті деген сұраққа оқушы өзім таңдадым деп жауап берді. Менің ойымша бұл оқушы мамандық таңдауға толық қанды бейімделмеген. Өйткені ата-анасы да, өзі де 9 сыныптан кейін 10-11 сыныптарды жалғастырып оқитынын немесе колледжге барып оқитыны нақты түрде айтылмай, ойласып жүргендерін де айтып өткен болатын. Сондықтан балалары үшін ата-аналардың таңдау жасауы және оның салдары ғана таңдай салғандардың 69%-ы ғана ЖОО-ны толығымен аяқтауы мүмкін. Және тағы бір ескерте кететін нәрсе - көп ата-ана Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мамандықтарды біле бермейді. Қолына дипломын алса, бір жұмысқа тұрады ғой деп ойлайды. Мұндай жағдайда өмірінде мамандық пен жар таңдаудың маңызы зор екенін жақсы білгені жөн.
Қателік жібермеу үшін не істейміз? деген сауал қоятын болсақ, Мамандық таңдауды ата-анасы, баласы және маман үшеуі бірігіп отырып шешкені абзал. Бұлайша кеңес алуды «Мамандық таңдау» немесе «Мамандыққа деген икемділік» деп атайды. Қорытынды: Ж. Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». Сондықтан да оқушыларға дұрыс мамандық таңдау жолында қызығушылығын арттырып, сол мамандыққа деген бейімділігі мен қабілетті болғаны дұрыс. Алдағы уақытта да осы дұрыс мамандық таңдауға қолдау көрсету үшін әңгіме сабақтар өткізілетін болады.