«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Наурыз-жыл басы

17.03.2021

Тақырыбы: Наурыз-жыл басы

 

Мақсаты:Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін,ұлттық тағамдары,ойын түрлері,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;

Көрнекілікпрезентация,ұлттық тағамдар

 

                                                               Сабақтың барысы

Мұғалім:

 

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де армандар,

Көрмегендер де армандар,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

 

Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Ол халықтың орналасқан жеріне байланысты. Біздің елімізде әдеттегідей Жаңа жылды 22-ші наурызда қарсы алған.

 

Наурыз – шығыс елдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы.  Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурыз – табиғаттың жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұлк үнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару, жаңару күні деп қарсы алған.

 

    Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен  бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы – наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады.

Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік

 

 “Наурыз Көктем” әнін оқушылар орындайды.

 

Мұғалім: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!

 

Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!

Мұғалім: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық (шашу шашу)

Мұғалім:-Балалар,наурыз мерекесіне орай қандай өлең жолдарын білесіңдер?Кім айтады?

1-оқушы:  

Наурызым – салтым, жоғалып қайта табылған
Шырағым болып алдымнан бүгін жағылған.
Бабамның үні ақ бата беріп жеткізген
Әр қадамыңнан жаныма мейірім табылған.

2-оқушы: 

Қыс өтіп, қар еріп,
Құлпыра көктем жетіп
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!

3-оқушы: 

Көктем тойы – әнніміз,
Көркем өнер сәніміз
Өлең-әнмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, наурыз, дәстүрлі.

 

4-оқушы: 

Наурызда күлімдеп
Күн нұры төгілді
Өзгеше бүгін леп
Желпітер көңілді.

5-оқушы: 

Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды.
Көнермес салтымыз
Көктемдей арайлы.

 

6-оқушы: 

Әнім де саған, білім де,
Құт қонақ өзің үйім де
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде, Наурыз, күлімде

Наурыз жылы мешін жылы,
Құтты болсын халайық
Ұлыстың ұлы күні
Шырқап әнге салайық.

 

Мұғалім:Осы күні түрлі тағамдар әзірленіп,дастархан  үсті ұлттық тағамдармен толып тұрады.

-Қандай ұлттық тағамдары білеміз?

Балалар: -Бауырсақ,бесбармақ,құрткөже,наурыз көже, жент,айран,құрт,ірімшік т.б

Мұғалім: -Балалар, ұлттық тағам түрлерінің жасалу жолдарын айтайықшы

Балалар:- бауырсақ, айран, май,құрт, жент жасау жолдарын айтып береді

Мұғалім:

Ұлы күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өсірген.

Наурыз той құтты болсын!

  • Қандай  ұлттық салт-дәстүрлер,ойындарды білесіңдер ?Атайықшы

Балалар: Бесікке салу,қыз ұзату,тұсаукесу,сүндетке отырғызу ,қыз қуу,бәйге,көкпар,соқыр теке т.б

Мұғалім : -Жарайсыңдар,балалар.

   Наурыз келгенде ең алдымен Амал мерекесі келеді. Амал келді -жыл келді деп есептеген. Амал мерекесінде адамдар бір-бірімен қол алысып көрісіп, қыстан аман шыққандығын тойлап қарсы алған.

Келесі кезекте көрініс «Амал мерекесі»

Мұғалім:Ал, ендеше оқушылар интелектуалды сұрақтарға жауап беріп, бойымызды бір сергітіп алайық. Әдет-ғұрпымызды қаншалықты білеміз сынап көрейік.

1. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
2. Наурыз көже қалай жасалады?(7 немесе 9 тағам түрі)
3. Наурызша деген қандай мағына береді?(Наруыз айында жұп - жұқа қиықша қырбық жауған қар)
4. Ұлттық тағамдарды ата?
(бесбармақ, бауырсақ, қазы - қарта, жал - жая, құрт, ірімшік, сүзбе, айран, қатық, қаймақ, май т. б)
5. Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?(наурызкөк)
6. Көктемнің алғашқы гүлдері қандай? ( бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ).
7. Қазақтың қандай дәстүрлері бар?(Тұсау кесер, шілдехана, бесік тойы, сырға салу, құда түсу)
8. Киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге)
9. Қандай тыйым сөздер бар? (Босағаны керме, есікті теппе, табалдырықты баспа, нан қоқымын шашпа, малды теппе)
10. Қандай ұлттық ойындар бар? (алтыбақан, арқан тартыс, аударыспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ)

Мұғалім:Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!

Осымен Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.03.2021 16:21
Құрылған күні: 23.11.2021 17:41

Текст