«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кен негізгі жалпы білім беру» ММ-нің Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған онкүндік аясында ұйымдастырылып, өткізілген іс – шаралары

02.10.2018

«Кен негізгі жалпы

білім беру» ММ-нің Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған

онкүндік аясында ұйымдастырылып, өткізілген іс – шаралары

Тіл — әрбір

ұлттың жаны, сезімінің, ойының жанды көрінісі, халық тарихы, мәдениеттің даму

жолы. Тіл – қастерлі де, киелі ұғым. Оны құрметтеу әр адамның борышы. Еліміздің

түкпір – түкпірінде аталып өтіліп жатқан, тілдер мерекесі де, осы орайда тілге

деген құрметтің бір көрнісі іспетті.

         Осыған орай, мектебімізде тілдер күніне

арналған онкүндік іс – шаралар жоспарланып өткізілді. Мектеп оқушылары жоспар

барысымен таныстырылып, лездемеде үш тілде өлеңдер оқылып, ашылу салтанаты

болды. Онкүндіктің екінші күні, кітапханамызда «Мемлекеттік қызметшілер

арасында лингвистикалық брейн-ринг» интеллектуалды ойынымен бастау алды. Бастауыш

сыныптар арасында «Бала тілі - бал» , «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты

сайыстар бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жалғасын тапты. Қазақ

тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мажиманов Сырым Қасымұлының бастауымен «Жаңа

әліпби- жаңа дәуірдің жаңа тарихы», «Латын графикасына көшу- заман талабы»

тақырыптарында түсіндіру шаралары өткізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында, слайд

көрсетіліп, Ұлы ағартушымыз Ахмет Байтұрсынұлы туралы сөз қозғалып, оқушылармен

кері байланыс орнатылып, пікірталас өтті. Сонымен қатар, қазақ тілі мен

әдебиеті пәні бойынша, жас маман Нұрсұлтан Диана Қайыржанқызының

ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына орай «Алты алаштың

ақиық ақыны- Мағжан» атты еске алу кеші өткізілді. Кеш Мағжан Жұмабаевтың

сөзіне жазылған, Шәмші Қалдаяқовтың әні 

«Бәрінен де сен сұлу» әнін караокемен айтудан басталды. Ақынның

өмірбаянымен танысу мақсатында, видеоролик көрумен жалғасын тауып, оқушылар

кітаптар көрмесімен таныс болды. Сондай- ақ, оқушылар Мағжан ақынның өлеңдерін

мәнерлеп оқып, ақын жайлы кластер құрды. Еске алу кеші Мағжан Жұмабаев туралы

естелік суреттерді көріп, Мағжан ақынның сөзіне жазылған әнді айтумен аяқталды.

 Онкүндікті өткізу барысында, Далабай ауылының

тумасы Қарсақбай ақынның өмірімен, шығармашылығымен таныс болу мақсатында, дөңгелек

үстел  тарих пәнінің мұғалімі

Тасмағанбетова Ж.С қатысуымен өткізілді.

Қазіргі таңда,  елімізде, «Үш тұғырлы тіл саясаты» қолданыста

және дамып келеді, оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатын көздеген  «Үш тұғырлы тіл саясаты – жастардың болашағы

мен мүмкіндігі» атты полиглот сайысы 5-9 сыныптар аралығында сыныптан тыс іс –

шаралар ағылшын пәнінің мұғалімі Мусаева Г.М. ұйымдастыруымен өтілді. «Міржақып

Дулатұлы өмірі мен шығармашылығы» атты викториналық сұрақтарды орыс тілі мен

әдебиет пәнінің мұғалімі Нурмуханбетова Г.О. өткізді. Сонымен қатар, «Қазақстандық

біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы – мемлекеттік тіл»  атты 8-9 сыныптар аралығында математика

пәнінің мұғалімі Алимгазина А.Б. ұйымдастыруымен іс- шара ата – аналардың

қатысуымен өтті. Музыка пәнінің мұғалімі Оразқызы Қ. ұйымдастыруымен «Ән -

халықтың ажары» атты қазақша караокемен ән айтып, оқушылардың көңіл күйлері  көтеріңкі болды.

         Онкүндіктің қорытындысы ретінде барлық

сыныптар арасында «Бір шаңырақ астында» атты қорытынды концерт, тәрбие ісінің

орынбасары Какенова С.С.  ұйымдастыруымен

өткізілді. Концерт қызу дайындықпен, ата – аналардың қолдауымен өте жоғары

деңгейде өтті.

Мектепішілік онкүндігіміз, жоспар

бойынша атқарылып, барлық мұғалімдер мен оқушылар белсене ат салысып, ұйымдасып

жұмыс жасады. Осындай іс- шаралар бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа үндеп,

оқушыларымыздың бойында Отанына деген сүйіспеншілікті арттырып, тілге деген

құрметті нығайта түседі деген сенімдеміз.

        «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған

тілімізді ұмыту-   бүкіл ата-бабамыздың

тарихын ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы атамыз. Сондықтан, бүгінгі қазақ ұрпағы

ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт және заман талабына сай, отыз

елдің қатарына ену үшін, саналы да сапалы ұрпақ болып өсу мақсатында үш тілді

игеру қажеттілігі де бар. Сол себепті, өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді

құрметтей білейік!                                                       

Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст