«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік-ел бақыты

24.02.2017

Шығарма

Тәуелсіздік-ел бақыты

         Қазақстан тәуелсіз

мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Қазақ халқына тәуелсіздік оңай келген

жоқ. Қазақтың көптеген қайсар батырлары қазақ елінің еркіндігі яғни тәуелсіздігі

жолында күресіп жеңіске жетті.

Осындай қазақ батырларының ерен ерлігінің  арқасында Қазақстан тәуелсіз

мемлекетке айналып отыр. Қазақ елінің тәуелсіздігінің басты белгісі - оның

рәміздері. Қазақстанның үш рәмізі бар. Олар: Ту, Елтаңба, Гимн. Начало формы1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл

әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте

шықты. Қазіргі Қазақстан әлемге  мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз

осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және

әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет

бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. «Қаз тұрып,

қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап,

осынау  жылдың бедерінде айшылық жерді

алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға

білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып

отыр. Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында

мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен

шекараны белгілеп ал­у, Конституциямызды бекіту болды. Мұндай

істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 25 жылда

жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз

көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.

       Қазақстан үшін, қазақ халқы

үшін тәуелсіздік аспаннан түскен жоқ. Халқымыз бостандықты аңсап,

Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген

жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың

бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол

жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау

соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра

ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға

хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік

деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да

септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік

үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер

берген болатын.

       Қазіргі таңда Тәуелсіздік -

барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың

күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы

жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті

қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан

бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына

деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге

ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға

қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан

халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты

көреген саясатының нәтижесі. Қазақстан - қазақ халқының ата-баба

мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен

сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған дұрыс. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу –

біздің буынның бағыты болуы тиіс.

       Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол

тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап

та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп,

қайғыға толы кезеңімен есте қалды. 

Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 25 жылдығын

тойлағалы отыр. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет

ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды. 

Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен - ау! 

Шыдамадым қапасқа, 

Кеңшілікке қаштым. 

Көндікпедім матауға, 

Асау атша бастым. 

Уһ, шырқап, зымырап, 

Сұңқардай зулап ұшайын! 

Ұшайын!- деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да

жырлап өтті. Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар - ұжданы

азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе,

несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз

тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді. 

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас тірегі, күші,

алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт

болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

         Өз еліңде

бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Сол бейбітшіліктің арқасында

күліп-ойнап, еркін білім алған ерікті елдің еркін қызының бірімін. Мен

болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Осы жақсылықтар мен игілікті

істердің басында көрегендік пен басшылық қатар жүрген еліміздің тұңғыш

Президенті Н.Ә.Назарбаев атамызға, яғни сізге балалық жүрегіммен рақмет

айтамын! Тек мен ғана емес, ол талай баланың, жалпы Қазақстан халқының тілегі

екеніне де күмәнім жоқ. Қуаныш пен жақсылыққа, бейбітшілік пен жасампаздыққа

толы 25 жылға көз жіберіп қарасақ, ата-бабамыз бес ғасыр

армандаған арманы орындалған екен. «Бітер істің басына, жақсы келсін қасына»,-

деп дана халқымыз айтқандай, сол жұмыстардың дәл ортасында сіз жүрдіңіз. Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге

келгеніме мақтанамын, мен қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп,

жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында ұстап тұрған елбасыма ерекше

ілтипатпен қараймын.

Тәуелсіздігіме

мың тәубе деуді ұмытпайық, ағайын!

Просмотров: 813


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст