«Жыр – менің жалғыз тарланым» атты мектепішілік
Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және
ақын өлеңдеріне жазылған әндер байқауы
Қазақ поэзиясындағы шоқтығы биік
есімдердің бірегейі – Фариза Оңғарсынова. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем.
Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрайды. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын
жырлары Кен негізгі мектебінің барша оқырмандарын, сонымен бірге көпшілік жыр
сүйер қауым өкілдерін қуанта берері сөзсіз. Фариза Оңғарсынованы тағы да
еске алу шарасына орай Кен негізгі мектебінде «Жыр – менің жалғыз тарланым»
атты мектепішілік Фариза
Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндер байқауы болып
өтті. Бұл байқау екі жанр бойынша өтті. «Көркем сөз» жанры бойынша ақынның бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқу керек болды. Бұл байқауға тек жоғары сынып
оқушылары ғана емес, сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары да қатысты.
Оқушылар Фариза апамыздың өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп жатқа айтып
берді. Ал "Эстрадалық вокал" жанры бойынша байқауға қатысушы бір ән
орындады. Ән Фариза Оңғарсынованың
сөзіне жазылған «Айтатын саған
сырым бұл» атты әнді Алясхаровтар дуэті орындап, көрермен қошеметіне бөленді.
Байқаудың қорытындысы бойынша әділқазылар шешімімен «Көркем сөз» жанры бойынша І орынды 7 «А»
сынып оқушысы Бөлтірік Аружан ие болды. ІІ орынды 6 «А» сынып оқушысы мен 7 «А» сынып оқушысы Алясхарова
Арай ие болды. Ал "Эстрадалық вокал" жанры бойынша І орынды
Алясхаровтар дуэті ие болды. Бұл оқушылар алдағы уақытта "ФАРИЗА, ФАРИЗАЖАН, ФАРИЗА ҚЫЗ..." атты аудандық Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын
өлеңдеріне жазылған әндер байқауына қатысатын болады. Оқушыларымызға сәттілік
тілейміз. Саңлақ ақынның жауһар жырларын
бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек, асырып айтқандық болар еді. Ал оның
отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ,
әрине, қателеспейміз.
Кен негізгі мектебі
Пән мұғалімі: Мажиманов С.К.