Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: «"Мейірімділік — адамның жүрегін жылытатын күн»
Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;
- өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;
-қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: слайдтар, үнтаспа, бейнефильм, жүрекше, күн.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгін мектебіміздің сыныбымызда өткізгелі отырған «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Амандасу рәсімі:
Қайырлы күн, Күн – ана!
Қайырлы күн, Жер – ана!
Қайырлы күн, Ұстаздар!
Мұғалім:
Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық!
Біз бүгін тәрбие сағатында адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі – әдептілік белгісі. Бәріміз шаттық шеңберіне жиналып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік, жылы лебіздер білдірудің өзі жақсы қасиеттерге жатады:
(Сары лентаны айналдыра отырып, күннің бейнесін шығару)
Шаттық шеңберіне жиналу:
1АружанАспанымыз ашық болсын!
2.Сунгат : Денсаулығымыз мықты болсын!
3.Зарина: Мейірімді болайық!
4.Канат: Бәріміз дос болайық!
5. Сардорбек: Ата-анамызды ренжітпейік!
6.Нурлыбек: Ұстаздарды ренжітпейік!
7.Аружан: Бақытты болайық!
8.Сунгат: Үлкендерді сыйлайық!
9.Қ.Зарина: Әдепті болайық!
10.Канат: Ақылды болайық!
11.Сардорбек: Сабақтан қалмайық!
12.Нурлыбек: Тәртіпті болайық!
13.Аружан: Бір-бірімізге көмектесейік!
14.Сунгат: Мақтаншақ болмайық!
15.Зарина: Кішілерге қамқор болайық!
16,Канат: Бір-бірімізді ренжітпейік!
17.Сардорбек: Табиғатты аялайық!
18.Нурлыбек: Тату болайық!
19.Аружан: Отанымызды қорғайық!
20.Сунгат: Жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!
Мұғалім:
Лентаны айналдырғанда ненің бейнесі шықты?(Күн)
Табиғатта жылу күннен тараса, жердегі жылулық, мейірім кімнен тарайды?(Ана)
Балалар, бүгін біздің тәрбие сағатымыз мейірімділіктің көзі күн, ана сияқты қасиетті ұғымдарға арналады.
Алдымен топқа бөлінейік:
«Сандықшадан» өздеріне ұнаған түстерді алып топқа бөліну
І-топ «Сүйіспеншілік»
ІІ-топ «Әдептілік»
ІІІ-топ «Адамгершілік»
ІV-топ «Сыйластық»
Ендеше орнымызға жайғасайық.
Мейірімділік жайлы қандай өлең жолдарын білесіңдер?
Аружан:
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Мейірімді баламын.
Сунгат:
Жақынды, досты аяла,
Қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде қалмайды.
Канат:
Кішілерді аялайтын,
Ақылы бар баламын.
Үлкендерді құрметтеп,
Айтқан тілді аламын.
Зарина:
Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын.
Хор:
Күлімдеген күн мейірімді!
Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
Тату-тәтті достарым мейірімді!
Олай болса балалар
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.
Мәтінмен жұмыс
Мейірімділік туралы аяқталмаған мәтін беріледі.
Мейірімділік
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?» - деп сұрайды.
- «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен соң түсінесің» - деді анасы. Бірақ, балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келіп, жолға шығады. Жолда жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан лағын табуға көмектесуін сұрайды.
- «Менде уақыт жоқ, мен мейірімділікті білуім керек» - дейді балапан.
Шалғайдан қыз баланы кездестіреді. Ол ағашқа ілініп қалған шарды алып беруіне көмек сұрайы.
- «Менде уақыт жоқ, мен мейіріміділіктің не екенін білгім келеді» дейді.
Сонда қыз:
- Ал мен білемін. Менің анам үнемі қайырымды адамдар туралы айтады.
- Маған да айтшы, - деді балапан.
Мәтінді аяқтау тапсырылады.
Бірінші сен шарды алып бер, - деді қыз. Балапан ұшып барып шарды әперді.
- Мінекей, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы – дейді қыз.
- Қандай оңай, - деп таң қалады балапан.
6.Суретпен жұмыс. Топтарға сурет беріледі.
1-топ
Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің.Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен.Сен не істер едің?
2-топ
2) Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.
3-топ
3) - Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар
4-топ
«Мен мейірімді баламын» тақырыбына өздерің жасаған істерің туралы шағын әңгіме жазыңдар.
Жағдаяттарды шешу:
1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Мұғалім
-Сонымен балалар мейірімділік деген қандай қасиет екен?
-Асыл қасиет.
Дүниедегі ең мейірімді жан кім екен?(Ана)
Табиғаттағы жылулық күннен таралса,
Жердегі жылулық анамыздан тарайды.
Ана туралы қандай өлең жолдарын мақал-мәтелдер білесіңдер?
-Оқушыларың жаттаған тақпақтары тыңдалады.
— Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады) топтастыру.
кішіпейіл мейірімді бауырмал
сыпайы Ана кешірімді
әдепті жақсы жанашыр
Топтық жұмыс
1-топ «Ана» туралы мақал – мәтел.
2-топ Өлең шығару.
3-топ Эссе жазу.
4-топ Ән айту.
Жүрекшелерге пікірін жазу:
-Балалар, енді бүгінгі тәрбие сағатымыз ұнады ма әркім алдындағы жүрекшелерге өз пікірлеріңді жазып тақтаға орналастырайық!
Қорытынды:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен біздің «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!